Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05


Тәжірибе сабақтарының мазмұны



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі464,08 Kb.
#26924
түріМетодические указания
1   2

Тәжірибе сабақтарының мазмұны



- Дауыстылар мен кейбір дауыссыздардың жазылуы

Мақсаты: Тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелер жиынтығы. Тілдегі сөздердің, олардың түрлі тұлғаларының жазылу нормалары. Орфографиялық норманы сақтау, қабылданған орфографиялық ереже бойынша жазу. Тілдегі сөздердің сауатты және біркелкі жазылуы.

Міндеті: Студенттер ережелермен, жазылу нормаларымен танысады. Орфографиялық сөздіктермен жұмыс жасайды. Жаттығулар орындайды.
- Түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы

Мақсаты: Қосымшалардың буын, дыбыс үндесуі бойынша сөзге жалғанып жазылу ережелері. Осы ережеге бағынбай жалғанатын қосымшалар. Буын үндестік заңына бағынбайтын жалғаулар. Фамилияға жалғанатын жұрнақтар.

Міндеті: Дидактикалық тапсырмалар жинағынан буын, дыбыс үндесуіне байланысты жаттығулар орындау. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.
- Басқа тілдерден енген сөздерге қосымшалардың жалғануы

Мақсаты: Орыс тілінен кірген сөздерге қосымшалардың жалғану ережелері. Жіңішкелік белгіге аяқталатын сөздерге дауыстыдан және дауыссыздан басталатын қосымшалардың жалғану ережесі. Орыс тілінен кірген сөздерге қосымша соңғы буынның жуан, жіңішкелігіне байланысты жалғану ережесі. Қос дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөзге қосымшаның жалғануы.

Міндеті: Басқа тілден еңген сөздерге қосымшалардың дұрыс жалғануын ескеру және сауатты жазу ережелерімен танысу. Жаттығулар орындау. Мысалдар талдау.
- Бөлек және бірге жазылатын сөздер

Мақсаты: Кіріккен және біріккен сөздер түсінігі, жазылу ережелері. Біріккен сөздердің құрамындағы жеке сыңарлардың жазылу ережесі. Күрдеулі атаулар. Күрделі сөздің құрамындағы сөздердің жазылу ережелері. Фразалық тіркестер.

Міндеті: Бөлек және бірге жазылатын сөздердің емле - ерекшеліктерімен танысу. Дидактикалық тапсырмалар жинағынан жаттығулар орындау. (38-46 беттер)
- Қос сөздер мен қысқарған сөздердің жазылуы

Мақсаты: Қос сөздерде қолданылатын тыныс белгілер. Бастапқы буынын сақтап қысқаратын сөздер және сөздің басқы әріптерінен қысқарған сөздердің жазылуы және ережелері.

Міндеті: Жаттығулардан емлесі қиын сөздерді теріп жаза білу. Орфографиялық сөздіктермен жұмыс жасау.
- Шылаулар мен одағайдың жазылуы

Мақсаты: Шылау, көмекші, есім, көмекші етістіктердің жазылуы. Одағай туралы түсінік. Одағайлардың сөйлем құрамындағы өзге мүшелермен синтаксистік байланысқа түспеуі. Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгілері.

Міндеті: Қосымшалар мен шылаулардың жазылуына фонетикалық принциптердің қолданылуын ескеру. Дидактикалық тапсырмалар жинағынан жаттығулар орындау.
- Пунктуация ережелері

Мақсаты: Пунктуация және сауаттылық, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері, сұрау белгісінің қойылуы, леп белгісінің қойылуы, бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Қаратпа сөздің тыныс белгілері. Қыстырма сөздің тыныс белгілері.

Міндеті: Мәтіндердегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіру. Дидактикалық тапсырмалар жинағынан жаттығулар орындау.
- Сызықша, дефис, нүкте, үтір

Мақсаты: Сөздің басқы әрпінен қысқарған сөздерге қосымшаның дефис арқылы жазылуы. Цифрмен жазылған сан есімге, процент, градус, таңбалары бар цифрмен жазылған сан есімге қосымшаның дефис арқылы жазылуы. Кейбір шылаулардың дефис арқылы жазылуы. Сызықшаның мағынаға, интонацияға, сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктеріне байланысты қойылуы.

Міндеті: Сызықша, дефис, нүкте, үтір арқылы берілген мысалдарды талдау, емле ережелерін түсіндіру, дәлелдеу. Дидактикалық тапсырмалар жинағынан жаттығулар орындау.
- Нүкте, қос нүкте, үтір

Мақсаты: Нүктенің қойылу ережелері. Көп нүктенің қойылу ережелері. Олардың айырмашылығы. Үтір туралы мәлімет. Үтірдің сөйлемнің құрлысына, мағынасына байланысты қойылуы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қойылатын үтір, оқшау сөздерді сөйлемнің өзге мүшелерінен ажырату үшін қойылатын үтір, сөйлемнің құрлысына, синтаксистік ерекшеліктеріне байланысты қойылатын үтір. Қос нүкте қойылатын орындар.

Міндеті: Пунктуация және сауаттылық, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері, сұрау белгісінің қойылуы, леп белгісінің қойылуы, бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша, қаратпа сөздердің тыныс белгілері, қыстырма сөздің тыныс белгілері, одағайдың тыныс белгілері, айқындауыш және бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері, құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері, төл сөздің тыныс белгілері, қойылатын орындары жайлы мәлімет.
Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Ащы шек, Жез Қазған

В) Жел диірмен, Түйе жапырақ

С) Ат қора, бір қазан

Д) Шала сауатты, мақтау қағаз

Е) Мойын жіп, мұз жарғыш


2. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара жалғаулықтар арқылы байланысса, араларына қойылатын белгі.

А) үтір, сызықша

В) үтір

С) сызықша



Д) нүктелі үтір

Е) қос нүкте


3. Қате жазылған сөзді табыңыз.

А) көрпені қабу

В) өнерді игеру

С) теңді буу

Д) көмірді тасыу

Е) үйді жабу


4. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын көрсетіңіз.

А) ұйту


В) ұйыйту

С) ұйыту


Д) ұйіту

С) ұйтыу
5. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын дауыстыларды көрсетіңіз.

А) ы,е

В) а,о


С) э, е

Д) ю,я


Е) и, у
6. Қарсылықты салалас сөйлемге қойылып тұрған сызықшаны көрсетіңіз.

А) Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым.

В) Халықаралық қарым-қатынас қалыпқа келіп қалды.

С) Жел саябырлаған сияқты, -екпіні әлі қатты.

Д) Көшенің арғы шетінде телефон-автомат тұр.

Е) Бұл сессия көпке созылмады.


7. Тіл атадан балаға мирас болып қалып отыратын асыл қазына. Қойылмаған тыныс белгісін көрсетіңіз.

А) Нүктелі үтір

В) Дефис

С) Сызықша

Д) Үтір

Е) Қос нүкте


8. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.

А) Жиналыс

В) Сыйлық

С) Қиын


Д) Тиімді

Е) Силық
9. Емле ережесіне сай сөзді көрсетіңіз.

А) Басұу

В) Кейиді

С) Сила

Д) Қойу


Е) Жұу
10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

А) Байлықтың атасы-еңбек, анасы-жер.

В) Байлықтың атасы-еңбек; атасы-жер.

С) байлықтың атасы еңбек-анасы жер.

Д) байлықтың атасы,еңбек: анасы,жер

Е) байлықтың атасы жер, анасы-еңбек.


11. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) байиды

В) баиыиды

С) байыйды

Д) байады

Е) баииды


12. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) үюлі


В) үйіуі

С) үйіюлі

Д) үйулі

Е) үйюлі
13. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін табыңыз.

А) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.

В) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.

С) Үлкенді сыйлау-асыл қасиет.

Д) Жел қатайып кетті, -күн суытпады.

Е) Оқушылардың барлығы қысқы демалысқа тарап кетті де ,мектеп бос қалды.
14. Орфографиялық принципке бағынған сөз.

А) Еңкею


В) Күндүз

С) Жұлдұз

Д) Бейсембі

Е) Өнөр
15. Жіңішкелік белгісі бар сөзге қосымшаның дұрыс жалғануын көрсетіңіз.

А) секретаріге

В) секретерге

С) секретарьға

Д) секретарге

Е) секретарға
16. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

А) Арыстаным келеді: жолында тұрма.

В) –Арыстаным келеді, жолында тұрма!

С) Арыстаным келеді-жолында тұрма.

Д) арыстаным келеді,-жолында тұрма.

Е) Арыстаным келеді; жолында тұрма.


17. Орфографиялық нормаға сай жазылған түрін көрсетіңіз.

А) Қуттықтау

В) Құтұқтау

С) Құтықтау

Д) Күтыктау

Е) құттықтау


18. Дәстүрлі принципке байланысты жазылған сөзді көрсетіңіз.

А) Аянышты

В) Басшылық

С) Қапалану

Д) Шаруашылық

Е) Кейуана


19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.

А) Ол, Батыр, хал қалай? деді.

В) Ол, «Батыр, хал қалай?»-деді

С) Ол: «Батыр, хал қалай?»-деді.

Д) Ол: «Батыр хал қалай?»-деді.

Е) Ол: Батыр, хал қалай-деді.


20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

А) Естіп тұрсың ба Сұлтеке, мына баланың сөзін.

В) Естіп, тұрсың ба Сұлтеке, мына, баланың, сөзін.

С) Естіп тұрсың ба Сұлтеке мына баланың сөзін.

Д) Естіп тұрсың ба, Сұлтеке, мына баланың сөзін?

Е) Естіп тұрсың ба-Сұлтеке- мына баланың сөзін.


21. Сөздің орфографиялық нормаға сай жазылған түрін көрсетіңіз.

А) Дүнияқор.

В) Дүниехор

С) Дүниеқор

Д) Дуниеқор

Е) Дүние қор


22. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

А) Ал, шырақ, әңгімеңді айта бер.

В) Ал шырақ, әңгімеңді айта бер.

С) Ал, шырақ, әңгімеңді айта, бер.

Д) –Ал, шырақ,- әңгімеңді айта бер.

Е) Ал, шырақ әңгімеңді, айта бер.


23. Бас әріппен жазылмайтын орынды белгілеңіз.

А) төл сөздер мен цитаттар.

В) Сөйлем басындағы бірінші сөз.

С) Мал, ит, құсқа қойылған аттар.

Д) Адам аты-жөні.

Е) Мамандық, кәсіп атаулары.


24.Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.

А) комиссия

В) фестиваль

С) федерация

Д) кейуана

Е) адютант


25. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын көрсетіңіз.

А) үхіледі

В) үһіледі

С) үһледі

Д) үхиледі

Е) үхыледі


26. Мына төл сөздің қайсысына тыныс белгілері дұрыс берілген?

А) –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің:-деді.

В) –Көрдің ғой генерал. Дер кезінде келдің,-деді.

С) –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің,-деді.

А) –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің-деді.

А) –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің;-деді.


27. Офография бойынша дұрыс жазылғанын көрсетіңіз.

А) Есен келді.

В) Есең келді.

С) Есеңгелді

Д) Есен гелді

Е) Есең гелді


28. Қай сөздің айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар?

А) асау


В) жау

С) тоқ


Д) жаю

Е) рас
29. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.

А) лестіру

В) лашық


С) ілгіш

Д) рақмет

Е) лайық
30. Орфографиялық заңдылыққа бағынбай жазылған сөз.

А) қала


В) бұрұм

С) дана


Д) ақшыл

Е) кілт
31. Үтір дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

А) Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.

В) Дана сөзді ұғу да, айту да, даналық.

С) Шөлде мына ағаштар өсе алады:сексеуіл, итмұрын тікенді, тал-шіліктер.

Д) Ұра су, дами берсе, көл болады.

Е) Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.
32. Біріңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.

А) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.

В) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды.

С) Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды.

Д) Ол біресе, желеді біресе, жүгіреді біресе ,тоқтайды.

Е) Ол біресе, желеді біресе жүгіреді , біресе тоқтайды.


33. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.

А) лестіру

В) лашық

С) ілгіш


Д) рақмет

Е) лайық
34. Орфографиялық заңдылыққа бағынбай жазылған сөз.

А) қала

В) бұрұм


С) дана

Д) ақшыл


Е) кілт
35. Аралас құрмаластар өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, араларына қойылатын белгі.

А) нүктелі үтір

В) үтір, сызықша

С) үтір


Д) сызықша

Е) қос нүкте


36.Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Ылайқ


В) лайқ

С) ләйық


Д) ылайық

Е) лайық
37.Тырнақшамен жазылатын сөздерге, атауларға қосымша қалай жазылалады?

А) бөлек

В) сызықша арқылы

С) бірге

Д) дефис арқылы

Е) үтір арқылы
38. Дәстүрлі принципке сай жазылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Аяққап

В) Қауіпсіздік

С) Таяныш

Д) Ақ шағала

Е) Миуа ағашы


39. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір менсызықша неліктен қойылады?

Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылады, менің жалданғым да келді,- оған Баймағамбет болмады.

А) Бірыңғай мүшеге

В) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан

С) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан

Д) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан

Е) Күрделі сөз тіркестерінің арасына


  1. Үтір дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

А) Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді

В) Аз ауыл, өсіп-өнсе, ел болады

С) Өлеңім, шарла, ауылды

Д) Каспий теңізіне Еділ, Жайық, Терек, өзендері құяды

Е) Қазақстан, айналайын, атыңнан


  1. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.

А) Уа туған жер аша бер құшағыңды

В) Уа, туған жер аша бер құшағыңды

С) Уа туған жер, аша бер құшағыңды

Д) Уа туған жер аша бер, құшағыңды

Е) Уа, туған жер, аша бер құшағыңды


  1. Емле ережесіне сай сөзді көрсетіңіз.

А) Жұу

В) Қойу


С) Байиды

Д) Баруу


Е) Басұу


  1. «Ә» әрпінің емлесіне байланысты дұрысын көрсетіңіз.

А) Жәяу, рәсуә

В) Жәй, шай

С) Сәтен, пәтуа

Д) Жәйлау, құндыз

Е) Жиһанкез, жәйлау


  1. Қате жазылған сөз.

А) Ата мекен

В) Ала бұлт

С) Басараз

Д) Ақсүйек

Е) Бейтаныс


  1. Сызықша дұрыс қойылған жерді табыңыз.

А) Болаттың жасы-қырық бестерде ме?

В) қара жолмен өрлеп- бір арбалы келеді

С) Көшірі –ұзын Байбол

Д) Бұл –сурет көрмесіне келдім

Е) Класта жирма бес –адам бар ма?


  1. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.

А) Федерация

В) Комиссия

С) Кейуана

Д) Адютант

Е) Фестиваль


  1. Қате жазылған сөз.

А) Сыйым

В) Қиын


С) Сыйлық

Д) Жыйын


Е) Тыйым


  1. Қос нүкте қойылмайтын орынды көрсетіңіз.

А) Іліктес салалас құрмаласқа

В) Одағай сөзден кейін

С) Төл сөздің алдынан келген автор сөзінен кейін

Д) Жалпылама мәнді зат есімнен кейін

Е) Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыштан кейін


  1. Орфографиялық принципке бағынған сөз?

А) Құндүз

В) Жұлдұз

С) Бейсембі

Д) Өнөр


Е) Еңкею


  1. Орфография сөзінің мағынасы.

А) Қалыптасқан жүйемен жазу

В) Әдеби тілде сөйлеу

С) Біркелкі жазуды талап ететін, дұрыс жазуды зерттейтін тіл білімінің саласы

Д) Дұрыс сөйлеу

Е) Сауатты жазу


  1. «Әр» сөзінің қай сөзден бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

А) Әр(қайсысы)

В) Әр(не)

С) Әр(кім)

Д) Әр(кісі)

Е) Әр(бір)


  1. Қарсылықты салалас сөйлемге байланысты қойылып тұрған сызықшаны көрсетіңіз.

А) Жел саябырлаған сияқты, - екпіні әлі қатты

В) Халықаралық қарым-қатынас қалыпқа келіп қалды

С) Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым

Д) Көшенің арғы шетінде телефон –автоиат тұр

Е) Бұл сессия көпке созылмайды


  1. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.

А) Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды

В) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды

С) Ол біресе, желеді біресе жүгіреді, біресе тоқтайды

Д) Ол біресе, желеді біресе, жүгіреді біресе, тоқтайды

Е) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды


  1. Қойнына салған хаттың оған ыстықтығы сонша төс қалтасында қағаз емес, тірі Дәулеттің соғып тұрған жүрегі сияқты.

Сөйлемге қандай тыныс белгісі жетпей тұр.

А) Қос нүкте

В) Көп нүкте

С) Сызықша

Д) Үтір

Е) Нүктелі үтір




  1. Қосымшаны ажыратыңыз.

А) Шұңғыл

В) Лар


С) Мыс

Д) Оһо


Е) Әрі


  1. Тыныс белгілері дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

А) Елге мойнымды созам, көрінбейді

В) Елге мойнымды созам,- көрінбейді

С) Елге мойнымды созам: көрінбейді

Д) Елге мойнымды созам -көрінбейді

Е) Елге мойнымды созам; көрінбейді


  1. Тыныс белгілері дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

А) «Кел, балалар, оқылық!» - деді Ыбырай

В) «Кел, балалар оқылық, - деді, Ыбырай

С) «Кел балалар, оқылық» - деді Ыбырай

Д) «Кел балалар –оқылық, - деді Ыбырай

Е) «Кел, балалар, оқылық - деді Ыбырай


  1. Қате жазылған сөзді табыңыз.

А) Өзенге

В) Бара алмады

С) Жібек

Д) Доб ойнау

Е) Құлын


  1. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз.

А) Цехтің

В) Клубтар

С) Тарихты

Д) Табелі

Е) Металдарға


  1. Қай сөзде «көк» сөзі бірге жазылатынын көрсетіңіз.

А) Көк(көйлек)

В) Көк(майса)

С) Көк(шөп)

Д) Көк(құтан)

Е) Көк(күмбез)


  1. Орфографиялық принціпке бағынған сөз?

А) Бейсембі

В) Күндүз

С) Еңкею

Д) Жұлдұз

Е) Өнер


  1. Қайсысы дұрыс?

А) Құланда

В) Күләнда

С) Гүләнда

Д) Гүләндә

Е) Күләндә


  1. Салаласқа енген жай сөйлемдер «бірақ», «өйткені», «сондықтан», «дегенмен», «алайда» деген жалғаулықтармен келгенде қойылатын тыныс белгісі.

А) Жалғаулықтардан соң үтір, сызықша

В) Жалғаулықтардан бұрын үтір

С) Жалғаулықтардан кейін үтір

Д) Жалғаулықтардан бұрын сызықша

Е) Еш нәрсе қойылмайды


  1. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.

А) Сыйлық

В) Қиын


С) Тиімді

Д) Жиналыс

Е) Силық


  1. Орфография принципіне сай емес сөз қайсы?

А) Қайыр-зекет

В) Қақайту

С) Қайыстану

Д) Қайызғақ

Е) Қайыршылану


  1. Қате жазылған сөз

А) Тыйым

В) Сыйлық

С) Сыйым

Д) Қиын


Е) Жыйын


  1. Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің аты –жөндерінен кейін қойылатын белгі

А) Қос нүкте

В) Нүктелі үтір

С) Нүкте

Д) Жақша


Е) Көп нүкте


  1. Жалпылауыш сөзге қойылған тыныс белгісін табыңыз.

А) Менің байқауымша

В) Үйге Әсия, шешем, мен – үшеуіміз ғана кірдік

С) Төрт бұрышты қара – Жәнібек

Д) Екеуі ымырт жабыла бергенде Бөкенші жайлауы – Жәнібекке тартты

Е) Біз, тіміскілегіш балалар, тұтқындардың қайда екенін тез тауып алдық


  1. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.ап

А) Жиналыс

В) Тиімді

С) Сыйлық

Д) Силық


Е) Қиын


  1. Тек орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын белгілер.

А) ь, о

В) ъ, ь


С) а, ъ

Д) е, а


Е) ъ, е


  1. Бағыныңқы сөйлем басыңқының ортасында келсе, үтірдің қалай қойылатынын анықтаныз

А) Алғашқы сөйлемнен соң сызықша қойылады

В) Еш нәрсе қойылмайды

С) Үтір алғашқы сөйлемнен кейін қойылады

Д) Үтір бағыныңқының екі жағынан қойылады

Е) Үтір екінші сөйлемнен соң қойылады


  1. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Ақан сері, қол қою

В) Он бірлерде, күн бағыс

С) Қақ жару, ит мұрын

Д) Алып қашпа сөз, аса таяқ

Е) Қатырма қағаз, қалжың бас


  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

А) – Е, Жұмеке, мал-жан бала-шағаңыз аман ба?

В) – Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз аман ба?

С) – Е Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз аман ба?

Д) – Е, Жұмеке мал-жан, бала-шағаңыз аман ба?

Е) – Е, Жұмеке, мал-жан - бала-шағаңыз аман ба?


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Мыйлы

В) Милы


С) Мийлы

Д) Миылы


Е) Мыйылы


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Қияңқы

В) Қиянқы

С) Қианқы

Д) Қыяңқы

Е) Қиаңқы


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Тыйяды

В) Тыяды


С) Тыйады

Д) Тияды


Е) Тийады


  1. Ер төстік көзді ашып жұмғанша Темір ханның аулына жетіп келді.

Мына сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.

А) Қос нүкте

В) Көп нүкте

С) Еш нәрсе қойылмайды

Д) Үтір

Е) Нүктелі үтір




  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

А) Естіп, тұрсың ба Сұлтеке, мына, баланың, сөзін

В) Естіп тұрсың ба – Сұлтеке - мына баланың сөзін

С) Естіп тұрсың ба Сұлтеке, мына баланың сөзін

Д) Естіп тұрсың ба, Сұлтеке, мына баланың сөзін?

Е) Естіп тұрсың ба, Сұлтеке мына баланың сөзін


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Ириза

В) Ыриза


С) Риза

Д) Ыразы


Е) Ырыза


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Ұйіту

В) Ұйыйту

С) Ұйту

Д) Ұйтыу


Е) Ұйыту


  1. Жіңішкелік белгісі бар сөзге қосымшаның дұрыс жалғануын көрсетіңіз.

А) Секретерге

В) Секретарге

С) Секретаріге

Д) Секретарға

Е) Секретарьға


  1. Сұрау белгісі қойылмайтын орынды табыңыз.

А) Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты

В) Бұл кім өзі

С) Мен қазір кітап оқимын, сіз ше

Д) Балтабектің үйін білесіз бе

Е) Балалар пойызы осы ғой, ә


  1. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.

А) Менің бұлай ашық, мойындап -отырғаныма кеибір бала, қайран

В) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кеибір бала қайран

С) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кеибір бала қайран

Д) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма –байқаймын-кеибір бала қайран

Е) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кеибір бала қайран


  1. Қате жазылған сөзді табыңыз

А) Бара алмады

В) Құлын


С) Доб ойнау

Д) Жібек


Е) Өзенге


  1. Буын талғайтын әріппен келген сөз.

А) Ер

В) Ана


С) Сән

Д) Тер


Е) Уық


  1. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, араларына қойылатын белгі.

А) Сызықша

В) Үтір, сызықша

С) Нүктелі үтір

Д) Үтір


Е) Қос нүкте


  1. Орфографиялық нормаға сай жазылған түрін көрсетіңіз.

А) Құтықтау

В) Құтұқтау

С) Құттықтау

Д) Күтыктау

Е) Қуттықтау


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

А) Сыйдіру

В) Сийдіру

С) Сидыру

Д) Сыйдыру

Е) Сыйыдыру


  1. Орыс тілінен енген сөздерде жазылатын дауыстыларды көрсетіңіз.

А) и, у

В) а, о


С) ю, я

Д) э, ё


Е) ы, е


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Қиали

В) Қияли


С) Қийали

Д) Қыйали

Е) Қыяли


  1. Қате жазылған сөз.

А) Класқа

В) Донбасстан

С) Металлға

Д) Кузбассқа

Е) Грамдап


  1. Нүктелі үтір қойылатын орынды көрсетіңіз.

А) Дәйексөздің қайдан алынғанын көрсететін жерде

В) Санамалап айтылған, мағыналары ыңғайлас сөйлемдер арасына

С) Ой ерекше дауыспен көтеріңкі айтылса

Д) Оңашаланған айқындауышқа байланысты

Е) Төл сөзге байланысты


  1. Орфоэпия нормасына сай емес сөз қайсы?

А) Шомылдыру

В) Шоқысыу

С) Шолпылдату

Д) Шөбере

Е) Шому


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Әззәзіл

В) Әззезіл

С) Әзәзіл

Д) Әзәзі


Е) Әзезіл


  1. Қарсылықты салалас сөйлемге байланысты қойылып тұрған сызықшаны көрсетіңіз.

А) Бұл сессия көпке сөзылмайды

В) Көшенің арғы шетіне телефон-автомат тұр

С) Жел саябырлаған сияқты, - екпіні әлі қатты

Д) Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым

Е) Халықаралық қарым-қатынас қалыпқа келіп қалды


  1. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

А) Жанымыз төртеу

В) Қыс қатты

С) Күн ашық

Д) Екі сегіз – он алты

Е) Татулыққа табыс мол


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Әлде - кім

В) Әлде - гім

С) Әлдекім

Д) Әлде кім

Е) Әлдегім


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Ақыйу

В) Ахию


С) Ақию

Д) Ақіиу


Е) Ақиу


  1. Орфографиялық заңдылыққа бағынбай жазылатын сөз.

А) Ақшыл

В) Кілт


С) Дана

Д) Қала


Е) Бұрұм


  1. Амал қанша, жуық арада бітіре ала емеспін.

Тыныс белгісінің қойылу себебі.

А) Бірыңғай мүше

В) Оқшау сөз

С) Қаратпа сөз

Д) Одағай

Е) Қыстырма


Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Аманжолов С. «Новый алфавит орфография казахского литературного языка».-Алматы, 1940

  2. Балақаев М. «Қазақ тілінің мәдениеті».-Алматы, 1971

  3. Балақаев М. «Емле сөздігі».-Алматы, 1948

  4. Балақаев М. «Вопросы казахской графики и орфографии».-Алматы,1957

  5. Жұбанов К. «Қазақ тілінің емлелері мен әріптеріне кіргізілген өзгерістердің жобасы».-Алматы, 1965

  6. Оралбаева Н., Абылақов Ә. «Қазақ тілі».-Алматы, 1992

  7. Оралбаева Н. «Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері».-Алматы, 1969

  8. Сыздықова Р. Орфография мен пунктуация анықтағышы. – А., 1971.

Ќосымша:

  1. Басымов Х. «Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білетін халық мұғалімі».-Алматы, 1939

  2. Жиенбаев С. «Сөйлемнің тыныс белгілері».-алматы-1940

  3. Мусабекова Ф. «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері».-Алматы, 1959

  4. Сарыбаев Ш.Х. «Қазақ тіліндегі үтірдің жазылатын орындары».-Алматы, 1996

  5. Сарыбаев Ш.Х. «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылуы».-Алматы, 1938

  6. Хасенов Ә. «Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері».-Алматы, 1957

  7. Хасенов Ә. «Пунктуацияны оқыту жолдары».-Алматы, 1957

  8. Ысқақов А., Хасенов Ә. «Тыныс белгілері».-Алматы, 1951

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет