Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет31/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
63 
- Олжай Олжай! - деген ұрандармен дүрк жөнелді. 
Қатты жел күні қаптап жанған қаудай болып, жер күңіренткен жайын үн 
шықты. У-шу, дүр-дүр етіп, дүрілдеген дүлей күштің суық үні. 
Бөжей аулындағы жиынның саны, мынау қолдан сонағұрлым азғана. 
Жігітек, тегі сайлана алмай, қамсыз қалған сияқты. Соғыс болса, мұндайда 
бұрынғы көпке мәлім әдет бойынша: «тұрысатын жерін айтсын» десіп ап, содан 
кейін қол жиюшы еді. Құнанбай оны істемеді. Шұғыл келді. 
Бөжей қасына қазір жиылған, Шыңғыс ішіндегі Жігітектің ғана біраз 
қауымы. Ойдағы Балпаң мен Шидегі Жігітек хабарсыз қалған. 
Тіпті таудағының көбі де бүгін қораға кірудің әбігерінде. 
Исі Бөкенші ішінен, қазірде Бөжей қасынан табылған он шақты қара шаруа 
ғана. Оларды бастап келген Дәркембай еді. Жидебай, Мұсақұлдан, Қыдыр мен 
Көлқайнар, Қызылшоқыдан сойыл ұстап Қарашоқыға қарай шапқылап кетіп 
жаткан лек-лек аттыларды көріп, Дәркембай: «Осы тегін смес. Жігітекке қарсы, 
Бөжейге қарсы жиылып жатқан қол» деп байлаған. 
Бөжейге де, өзге Жігітекке де, бағана түстен бұрын кеп, Құнанбай 
жағының жаманатын жеткізуші дәл сол Дәркембайлар болған... 
Жолшыбай Байдалы мен Қараша, Қаумен, Үркімбайды да атқа мінгізіп, 
асықтырып ерткен солар. 
Қазірде Бөжей қорасының алдында тұрған қырық шамалы кісі бар. 
Бұлардың ортасындағы Бөжейдің өзі. Қасында, Бөжейді жалғыз тастамайық деп 
қоршап қалған сол Дәркембайлар және Байдалы, Қараша, Үркімбай, Қаумен, 
Қожақандар еді. 
Бұл сияқты егде кісілермен қатар, Құнанбай шабуылын тосып тұрған бір 
топ жас жігіттер де бар. Ол Қауменнің екі мықты баласы Базаралы, Балағаз, 
Қарашаның баласы Абылғазы. 
Және Жігітек ішіндегі өзге жанкүйер ағайынның жас азаматтары Бейсембі, 
Әбділда, Оралбай дегендер болатын. Бұлар әуелі: 
- Кеңгірбай, Қеңгірбай! - деп ұран салып, жаяу болса да, қолдарына шоқпар, 
сойылдар алып, қыстау жанында тұрган бесті-онды ерттеулі атқа мініп, қарсы 
шықпақ еді. 
Байдалы ақырып бұйрық етті де: 
- Тоқта! Е, мына Бөжейді жалғыз тастаушы ма едің? Өлсең, қасында өл! - 
деген... Құнанбайлар тақап қалды. Іркілер емес. Айбар шегіп, сойылдарын 
көтеріп ұстап, жаланып келеді. 
- Қап, қор болдық қой! Қапыда қалған басым! Қапыда кеттім ғой тағы да! - 
деп, Бөжей қатты ширықты. Бұлардың азғана сенімі қыстаудың жоғарғы жағы 
мен төменгі жағындағы жігіттер еді. Олар аттарына жетіп калған екен. Бестен-
оннан топталып, сойылдарын көтеріп, жауға қарай жосытып көлденеңдеп 
шауып берді. Бірақ алды солай болғанмен, арттағы көпшілігі аттарын тез ұстап 
міне алмай жатыр. 
Енді Олжай қолы бұл жаяулардың көпшілігін атқа мінгізбей басатын 
болды. 
Құнанбай шауып келе жатып, оң мен солдың екі жағына да жүз қаралыдан 
екі қалың топты жыра жөнелтті. Солар өреде жүрген аттарды қиқу-айғаймен 
шошытып бездірді. 


 
64 
Сойылдың астына алып, үстеріндегі ер атаулының барлығының қастарын 
талқан етіп, қиратып жүр.. 
Жігітек жағынан алғаш атқа мініп қарсы шапқан селдір топтар Құнанбай 
бастап келе жатқан қалың нөпірдің өзін жанай шауып еді. Оларды да көптің 
селі басып кетті. 
Екі жаққа бөлінген топтарынан басқа, Құнанбайдың артындағы нөпірдің 
өзі де тіпті мол. 
Көлденеңнен киліккен жігіттердің аттары әп-сәтте ойнап шыға берді. 
Бір жігітке тақ қырық-елу сойыл қарсы келген болу керек. Оп-оңай ұйпап 
кетті. 
Аттарына жете алмай, жаяу қалған жігіттер, өздерінің үстіне барған қалың 
топтармен: 
- Қайт! Қайт! - деп тұрып, жаяу күйде соғыспақ еді. Бірақ атты мен жаяу 
соғыса алсын ба? Аттың екпінімен кеп сойылды соққанда, ат үстіндегілер 
жаяуларды қағып жығып, домалатып-домалатып кетті. 
Осымен қыстаудан оқшау кеткен азаматтың барлығының да еріксіз титығы 
құрыды. Көптігіне сеніп, өркештеніп алған және мыналардың қамсыздығын 
көріп, біржолата дандайысып алған жаулар енді ұран менен айқай-шуды тіпті 
қатты үдетті. 
- Айдос! Айдос! 
- Ырғызбай! Ырғызбай! 
- Топай! Торғай! Топай! Торғай! - деп, арғы ұраны Айдосты бір атап, одан 
қала берсе бергі әруақтарын да жиі шақыра жүріп, Жігітек жігіттеріне тақай 
бергенде: 
- Қыр! Жой! - деп барынша шошытып, зәрін шашып келеді. 
Енді бөгет атаулы жапырылып болған соң барлық қолдары жан-жақтан 
қыстауға қарай лап берді. Жер-дүние азан-қазан. У да-шу айғай мен тасыр-
тұсыр әлекке толды. Нағыз шабыншылықтың жат сарыны басты. 
Бөжей тобы әлі күнге қыстау алдында еді. Барлық бұл арадағы жиын сойыл 
шоқпарын көтеріп, арқа жүнін үрпитіп ер тағыдай тапжылмай тұрған-ды. Енді 
айналаның барлығын жау алған соң, Байдалы қатты дауыстап: 
- Бітті ғой! Шарасы құрғыр бітті ғой! Тарт енді, қораға тарт! Есік-есікті 
алып тұрып, қораға кіргізбей өлісіп көреміз! - деп, бар жиынды солай бастады. 
Орталықта, үлкен есік аузында Байдалы мен Бөжей. Бұларды қоршаған 
өңшең ер жастар, Базаралы, Балағаз сияқты, Қожақан сияқты мықты жігіттер 
болатын. 
Жау атаулы қалың нөпірмен қораның үстіне ақтарылды. Шапқылаған 
күйінде ағылып кеп, үйіліп жатыр. Барлығының үйірілгені Құнанбайдың 
айналасы екен. Бұйрық, әмір күткендер. Тап ортада Құнанбай. Атының үстінен 
әлі түспей тұр. 
Дәл осы кезде, қораның ішінде, Дәркембай Бөжей мен Байдалының 
арасынан ентелеп кеп, сирақты мылтыкты көтере берді. 
Қоранын ішкі жағынан жаңа жүгіріп кеп еді, қайдан алып шыққаны 
белгісіз, құлағы қайырулы, білтелі қара от қойса тарс бергелі тұр. Асығыста 
Бөжейді топшысымен қағып, өтініш етіп: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет