66
түріп тастап, Қамысбай қамшыны қайқайта көтеріп алды. Бөжейдің еті аппақ
екен. Белі мен арқасы ашылып, көлденең жатыр. Барлық қалың жиын дәл осы
сәтте жым-жырт боп тына қалды.
Қамысбайдың қамшысы сермелген бойында Бөжейдің арқасына төне
бергенде, біреу келіп, өз денесімен Бөжейді жаба бере, құлап кеп түсті.
Бұл Құнанбаймен ере келген Көтібақ Пұшарбай еді.
Бөжейдің Көтібақ
ішіндегі құрдасы, досы болатын.
- Уа, жетті, жетті ғой, Құнанбай! Араша, араша, - деп айғайлап жығылды.
Кұнанбай бұған қатты зәрленіп, оттай күйіп, ашуланып кетіп, өз қамшысын
иіріп кеп:
- Соқ дүрені! Өзіне де соқ бұл иттің! - деп ақырып жіберді. Сол кезде
Құнанбайдың қақ қасынан қатты ашулы айғай шықты.
- Боқты соғарсың! - деп, саңқ еткен Байсал еді... Құнанбай бұған атып
жіберетіндей боп жалт қарап тұрып, бұзылған түсін анық таныды. Бірақ өз
дегенінен қайтқан жоқ.
- Соқ! Екеуіне де соқ!
- дегенде, Майбасар бастаған Ырғызбай мен
атшабарлар батырлатып жөнелді.
Бөжейге де, Пұшарбайға да қамшы тиіп жатыр.
Байсал енді өз атын кимелетіп, Майбасарды қаға-маға Пұшарбайды айыра
берді. Барынша ақырып, айғай салып:
- Көтібақ! Көтібақ! Ер, соңымнан, Көтібақ!
- деп ұран салып, бар
Көтібақты бір-ақ сәтте екшеп алды. Қалың нөпірмен Құнанбай тобынан лезде
бөлініп ап, Жігітек жаққа шыға берді.
Бірак бұл арада оған қосылып, төбелеске шығарлық Жігітек тобы
мардымсыз. Сондықтан ол Құнанбай қолымен соғысқан жоқ. Осы арада
ашумен
булығып кеп, Бөжей үшін, Пұшарбай үшін, барлық ағайын ел үшін
намысы қайнап, жаны ашып, Жігітек жаққа жарқ бергені анық.
Жұрттың бәріне де бұл жай оп-оңай танылды. Майбасарлар енді бұдан ары
Бөжейді ұра алмады. Босатып, тұрғызып жіберді.
Бөжей тұрып алып, анадай жерде сырттап бара жатқан Құнанбайға
айғайлап:
- Әй, Құнанбай! Мен сені оқтан аяп ем жаңа, сен мені отқа салдың ба?
Осыныңды ұмытпа! - деп қалды.
Құнанбай Көтібақтан басқа қалған қолын іріктеп алып, әлі де қалың нөпір
болып, Қарашоқыға қарай тартты.
Достарыңызбен бөлісу: