Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет35/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
71 
- Қой, жарықтығым, жетті енді! Сақтағаным балалар еді. Олар екеш, 
оларды да аямағаның ба? - деді. 
- Өл де маған... 
- Тоқтат, жаным! Бар! Айтқаныңды қумаймын. Тек ашуыңды аулақ әкет! 
Болды. Бар!.. - деп, жай ғана бітірді. Айғыз Смағұлды қолынан ұстап, Ұлжанға 
біраз қадалып тұрды да, үндей алмай шығып кетті. 
Ұлжан ақырын күрсініп, Айғыздың артынан қарап, біраз жым-жырт тұрып 
барып, сырт киімдерін шешті. Қалтасынан шақпақ алып тұтатып, пеш қырында 
тұрған тас шамды жақты. Үй ішін әлсіз қызғылт сәуле жарық қылған уақытта 
шешесі Абайдың аса жүдеп, қабағын шытып, қиналып отырған қалпын байқады. 
- Абайжан, немене, балам? 
- Апа-ай! Осы бір кеселді мінез кіші апамнан неге көп шыға береді? - деп, 
шешесінің қасына келді. 
Баласы үлкен кісідей сыр сұрап тұр. Ұлжан өзгеден бүксе де, Абайдан 
іріккісі келмеді. Бұл баласына айта алады. 
- Балам-ай, күндестің аты күндес те! Қу жараны жалап жазған боламыз да. 
Әйтпесе менің де қай сырымды біліпсін! - деді. 
Абай шеше сырын іштен танығанмен айтар жауап таба алмады. Үндемей 
сырт айналып кетті. 
Осы кезде тыстан дабырлап, күле сөйлесіп, Абайдың үлкен ағасы Тәкежан 
мен Ғабитхан молла кіріп келді. Бұлар үйге көңілді, көтеріңкі шырай ала 
кіргендей. 
Тәкежан Абайдан екі жас үлкен. Қалжыңбас, әзілқой болатын. Ғабитхан 
одан едәуір үлкен болса да, Тәкежан тату құрбысындай күліп, соқтығып ойнай 
береді. Молданың тілін қылжақ қылып, мазақтап келеді екен. Ғабитхан татар 
жасы. Осыдан бірнеше жыл бұрын солдаттан қашып, қазақ ішіне, Қарқаралы 
қазағының ішіне келген Бертіс ішіндегі Ырғызбайдың сүйек-шатыс бір аулына 
келген-ді. Олар сол жылы Өскембайдың асы болғанда, бұл жігітке: 
- Сен бір мықты адамның ығында болсаң, жақсы болар, - деп Құнанбайға 
әкеп, таныс етіп, табыс қылған. 
Ғабитхан жас та болса, молдалығы жетік кісі саналып, Құнанбай қолында 
тұрып қалған. 
Мінезі аңқау, тілі қызық, өзі майда, сүйкімді адам. Бұл ауылдың үлкен-
кішісі аса бір ғазіз адам санап жақсы көретін. Қылжақтай беретін жалғыз 
Тәкежан. 
Ғабитхан соңғы күндерде әрбір кеште үй ішіне «Мың бір түн» хикаяларын 
айтуды машық қып алған. 
Бүгін де кешкі шайдан соң, Ұлжанның қозғауы бойынша, кеше бітпей 
қалған бір қызық әңгімесіне - «Үш соқыр» хикаясына кірісті. 
Бірақ бұл кеште ол әңгіме аяқталмай барып, үзіліп қалды. Өйткені терезе 
түбінен дүбірлетіп, қатты жүріп келген салт аттының дыбысы естіліп еді. Үй 
іші: 
- Бұ кім екен? 
- О кім өзі! Қатты келді ғой? - десіп аңырып отырғанда, Жұмағұл атшабар 
кеп кірді. 


 
72 
Бұл амандасып болар-болмастан, кеше Тоқпамбет үстінде болған төбелесті 
айтуға кірісті. Өзінің оң жақ бетінде жара да бар екен. Онысын да және барлық 
кеше таңертеңнен бастап болған бастан-аяқ халді де түгел айтты. 
Зере естісін деп даңғырлап сөйлеп, қатты айтады. Бөжейге дүре соққан 
жерді құшырланып, әсіресе, сүйсініп айтқан тәрізді... 
Зере Бөжейге соққы тигенін естігенде Жұмағұлға қадалып, ызғарменен 
қайта сұрап, анықтап ап: 
- Жан ашырлық жақсының арты еді. Ардан кеткен екенсін, түгі. Қуарған 
неме, оның несін қақсап отырсын, бала-шағаның көзінше? - деп, Жұмағұлды 
зекіп, тыйып қойды. 
Үй ішіндегі өзгенің бәрі де Бөжейді соншалық үлкен, жақын 
санағандықтан ба, болмаса кәрі әженің сөзінен бе, әйтеуір біртүрлі тіксінгендей 
боп, үндемей қалды. 
Әке мінезін сүйсініп қостаған жалғыз Тәкежан болатын. Ол: 
- Е, аяқтан алмасын, білсін, әнеки! - деді. Ұлжан бұған суық қарап: 
- Бықсымай, қой әрман! Өзгенің қылғаны да жетер! - деді. Бұл әңгімені 
Жұмағұлмен бірге кеп кірген мосқал қойшы Сатай да тындаған еді. 
Аздан соң ол күндіз қой жайып жүріп өзі көрген жайды айтты. Бүгін түс 
кезінде Бөжей, Байсал, Байдалы бар он шақты кісі Қеңгірбай бейітіне әдейі 
бұрылып кеп құран оқып, көп уақыт үйіліп тұрысып, содан кейін күнбатысқа - 
Шұнайға қарай сапар тартып кетіпті. 
Атқосшыларының біреуімен Сатай тілдескен екен: 
- Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы дуанға - Қарқаралыға кетіп 
барады. Мына атасының басына әдейі кеп, құран оқып аттанды, - депті. 
Жұмағұл мұны ести сала өз шаруасын айтты. Құнанбай Абайды шақырта 
жіберіпті. 
Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. Абайды қасына ере жүрсін депті. Бұл 
хабарды үй іші үн қатпай тыңдады да, тегіс томсарып қалды. 
Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс 
тысқа шықты. Семіз құла жирен атты күміс ертоқыммен ерттеп, Абайды соған 
аттандырғалы Жұмағұл ұстап тұр екен. Абай ең алдымен кәрі әжесімен 
қоштасып: 
- Қош, әже! - деп кеп, екі қолымен әжесінің кішкене кәрі қолын қысты. 
Әжесі Абайдың маңдайынан иіскеп тұрып: 
- Әруақ қолдасын, жолың болсын, Абайжаным! - деді. 
Өзгелермен алыстан ғана «қош-қош» десіп, Абай атына қарай жүре берді. 
Шешесі Жұмағұлдың қолынан құла жирен аттың тізгінін алып, Абайды: 
- Кел! - деп шақырып ап, - пісмілдә, - деп өзі аттандырды. 
Баласы атқа қонып, жүруге ыңғайланып, тізесін қымтай бергенде Ұлжан 
өзінің үлкен ақ саусақтарын жирен аттың жалына салды. Бірнәрсе айтатын 
сияқты. Абай осыны аңғарып, анасының жүзіне қарағанда, Ұлжан бұған біраз 
көз салып тұрып: 
- Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі 
күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. 
Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет