Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет50/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
 
 
 


 
102 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ШЫТЫРМАНДА 
 

Абай Қарқаралыдан қайтқан соң атқа мініп ел аралаған жоқ. Көбінесе 
Жидебайдағы ауылда шешелерінің қасында болды. Көктемге шейін күндіз-түні 
кітап оқуға салынды. Медреседен қайтқалы кітапқа анықтап оқталғаны осы еді. 
Арап, парсы тілін, бірталай сөздерін ұмытыңқырап, қарайып қалған екен. 
Алғашқы бір жұмадай Ғабитханның тәпсіріне қарап, бұрынғы білген тілдерін 
қайта құрастырып алды. Содан әрі мұның қолына түскен әрбір қалың кітап 
соншалық бір қатты сағынып жолыққан ыстық қымбат досы тәрізді болды. 
Ғабитхан да кітап оқығыш болатын. Соның кітаптарының ішінен өзін 
қызықтырған көп-көп асыл бұйымдар тапты. Мұнда Абулқасым Туси-Фердауси, 
Низами, Фзули, Науаи, Бабырлар бар. «Жәмшид», «Сеидбаттал Ғази», «Мың 
бір түн», Табары жазған тарих, «Жүсіп - Зылихалар», «Ләйлі - Мәжнүндер», 
«Көрұғлы» сияқты хикая дастандар да бар. Абайдың бас алмай оқығандары 
осылар. Аздан соң, кешкі шайдан асқа шейінгі мезгілде Абай кейбір оқып 


 
103 
шыққан кітаптарын үй ішіне әдемі әңгіме қып айтып беріп отыратын әдет 
тапты. Бұған әжесі себеп болды. 
Зере Абайдың кітапқа берген ықласын байқап, бір күні кешке: 
- Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны-басы 
былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы 
ала қағазыңнан айрылма! Ұқсама аналарға!.. - деген. 
Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай риза болып, жаңағы сөзден соң 
күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Шешелер, малшылар, балалар боп, 
баршасы телміре тыңдайтын. Анда-санда Айғыз да кеп естуші еді. Ол Кәмшат 
кеткелі қатты жүдеу. Үлкен қара көздері аларыңқырап, барлық жүзі сұрланып 
ақшыл тартыпты. Шеке тамырлары көкшілденіп, әдемі жүзіне уайым көлеңкесі 
түскен тәрізді. 
Үнсіз уайымдаған ана қаралы. Абай бұл шешесінің күйін қабақпен таниды. 
Ол келген кештерде әңгімесін ерекше ықыласпен айтады. 
Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер боп барады, Ғабитхан, тіпті өзі 
оқып шыққан кітаптарды Абай хикая қып айтқанда, бар бейілімен, жақсы 
ілтипатпен тыңдайтын. 
Бір жаманы, жалғыз-ақ көктем болып, мал төлдей бартаған уақытта қызық 
кітаптың бәрі тегіс оқылып, бар әңгіме айтылып қалды. 
«Әңгіме, әңгіме», - деп, Абайға емініп отыратын үй іші енді, алғаш Абай 
айтқан әңгімелерді, кейбір малшы қатынға немесе балаларға қайта айтқызып, 
қайта тыңдасатын болды. ... Бірақ олардың айтуы Абайдай емес, дәмсіз, үстірт. 
Ұлжан соларын сезіп, кей кезде тоқтатпақ боп: 
- Қыс өтті. Жаз шығып, мал төлдеп қалды. Ертектің кезі өтті. Әйтпесе, қыс 
аяғы ұзап кетеді. Қой-ақ қой! - деп қалжың етіп, тоқыратып тастайтын. 
Бірақ шешелер оңашада Абайға жақсы кітаптың жақсы хикаяларын 
қайтадан ескерте беруші еді. 
Ғабитхан мен Абай екеуі маңайда кітабы бар молда сүрей кәріден, шала 
сопылардан бірен-саран кітап тапқызып алысты. Тағы бір кезде Ғабитхан 
әдейілеп тұрып, Қарашоқыға, Күнкенің аулына барып, екі қоржын басы кітап 
әкелді. 
Құнанбай Қаркаралыда Хасен молда арқылы бірталай қызық кітаптар 
алғызған еді. Оны елге де жеткізген. Бірақ Абай бір рет: 
- Бізге беріңіз! - деп сұрағанда: 
- Қасымда отырып, өзіме де естіртіп оқып бер! Сүйтсең берем. Әйтпесе 
қызығын өзім көріп, өзім ғана білем дегеніңе бермеймін! - деп, бергізбей қойып 
еді. 
Абай әке қасына барғысы келмегендіктен ол кітаптардан да кұр қалып 
жүрген. Ғабитхан соның есесін тауып, бірер күн сұрап жүріп, алып келді. Үй 
ішіне де, Абайға да Ғабитханның табысы үлкен олжа еді. 
Бірақ дәл осы кітаптар келген күннің ертеңінде Абайға шақырту кеп
Қарашоқыға жүріп кетті. 
Күнкенің аулына Абай келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ аулына 
жұмсады. Әкесінің Құлыншаққа айтатын сөздерін Абай ұғынып ап тысқа 
шыққанда, мұнымен бірге барғалы Қарабас әзір тұр екен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет