Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет95/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
193 
Қазір жиын Абайдың мейлінше жақсы ойлаған қамдарына сенген сияқты. 
Осы Бөжейдің нағашыларын күтіп алу, өзге қонақтан өзгерек ретті тілейді. 
«Тапсырғанда, соларды тапсырса қайтер еді?» - деген сөздер шыға бастағанда, 
Абай: 
- Ендеше, Байдаш аға, байлау сол болсын. Бөжікеңнің нағашысын біздің 
күтуіміз жол екен! Бізге беріңдер! - деді. 
Жиын іркілген жоқ. Кеше Құнанбай, Бөжейдің араздығын, жаманатын 
есітіп келген нағашы жұрт, енді артын күтіскенді көрсе, көрсін! Лайығы сол 
екен дескен... 
Бұл жайды ашып айтысқан кісі жоқ. Бірақ салған жерден Абай қалай ашық 
түсінсе, өзгелер де солай таныған. 
Абай осы ауылдардың өзге қамдарын, ішкі реттерін жақсы білетін 
кісілерден бір үш жігіт берілуін сұрады. Оған Байдалы Ерболды, Жиреншені, 
Базаралыны атап берді. . 
Бар сөз шешілді. Бар қам, барлық қимыл алда тұр. Енді бір сәтке де аял 
жоқ. Абай сол арада атын мінгелі орнынан тұра беріп еді, Сүйіндік бұған 
ырзалықпен қарады да: 
- Жамандықтан жұққыш нәрсе бар ма? Оны тапқап ақылды болғандықтан 
таппайды. Және тапқанымен қарқ болмайды. Шын тапқан деп, жақсылық 
тапқанды айтат та! Бетің, ниетің дұрыс екен, балам! Тек, жолың болсын! - деді. 
Абай осы топтың бөтені боп көрінбей, өз адамы сияқты боп саналғанына 
ішінен қуана түсіп, ырза боп, атына қарай басты. Өзі атқа мінісімен жаңағы 
бұған серік болатын Жиренше, Базаралы, Ербол үшеуін ертіп алып, үйлер 
тігіліп жатқан жерді аралады. Өз үйлерін тігетін орынды ақылдасып, сайлап 
алып, ас ошағын орнататын жерлерін де белгіледі. Ол орайда ақыл айтып, орын 
көрсеткен Жұмабай болатын. 
Барысымен үйлер көшіріледі. Мырзахан мен Ербол екеуі көшті алдынан 
тосып алып, жайлап қондыруға міндетті. Абай өзі ол жақтан келетін мал-
дүниенің бәрін әбден сай ғып жөнелткен соң ғана келеді. Оған шекті, мұндағы 
істерге Базаралы, Жиренше бәрінің де бас-көз болуын сұрады. Байлауы шапшаң, 
сөзі де, ісі де жол көрген кісідей, орынды, ширақ. 
Абай мен Жұмағұл жөнеліп кеткенде, ұзын бойлы, сұлу жүзді Базаралы 
қалғандарға қарап: 
-Япырмай, мынау өзі ержетіп, пісіп қапты-ау! Тек айтқаны қолынан келсін, 
- деді. 
- Қолынан келгенде, мықтап келеді! Көрерсің! - деп, Ербол сенімді сөйледі. 
- Ендеше, бөтеннің қамы емес. Бір Бөжекеңнің аруағы ғой. Келіңдер, 
көмегінде болайық! - деп, Базаралы байлауын айтты. 
Жиренше де, Ербол да шын бейілмен құптады. Абай Қазбалаға жүрерде 
қатты тапсырып кеткендіктен, Ұлжан аулында үлкен қарбалас, әзірлік жүріп 
жатыр екен. Мұндағы істің басында Ұлжанның өзі және Ызғұтты, Құдайберді 
болатын. 
Ботақан ошағына келісімен, қонаққа тігілетін он үй жығылып, артыла 
бастады. Үйлерді жаңағы үшеуі осы арадағы Ырғызбайдың бар аулынан таңдап 
тұрып атаған-ды. Абай сары жорға атпеп сыдыртып жүріп, бар үйді тігулі 
күйінде көріп шығып, бір-екі қоңырқай үзігі бар үйді алмай, орнына басқа 


 
194 
туысқандардың аппақ үйлерін жықтырды. Сонымен, кешкі жылқы суға келетін 
кезде, Қазбалаға қарай салқар көш боп жөнелген үйдің бәрі бірдей үлкен, 
шетінен аппақ, келісті үйлер болатын. 
Әр үйдің ішіне ұсталатын кілем, тұскиіз, сырмақ, тексмет, көрпе-жастығы 
да бірге жіберілді. Көбінің ыдыс-аяғы да сай болған. Дастарқан, орамалдың да 
олқы болмай, жаңа болуын, таза болуын, Ұлжан әз көзімен атқарып, қадағалап 
жіберткен. 
Әр үйдің тігушілері қазір бірге кеткен жігіттер. Кейін қонақ күтетін 
күтушілер де солар болмақ. 
Өңшең пысық, елгезек, сергек жігіттер екен. Бәрі де Бөжей ісіне бұл 
ауылдардың бет бергенін іштей шынымен мақұлдаған жастар сияқты. Тегіс 
көңілденіп аттанысты. 
Қонақ үйлер жөнелумен Абайлар істейтін істің басы ғана басталды. Үлкен, 
ауыр жұмыстар әлі алда жатыр. Көшті жүргізіп жіберіп, енді күн батар шақта 
тыста үлкен үйдің алдында, Зерені ортасына алып отырып, төртеу-бесеуі 
ақылдасқанда, қалған істің қиынын Абай енді түгел түсінді. 
- Не керек? Қайтпек керек? - дегенді кезек-кезек айта бастаған Ұлжан мен 
Ызғұтты еді. 
Қазір енді ас ошағының басына тігілетін үйлерді де жөнелту керек. Оған 
Абай бір-екі үйі жетер деп ойлап еді. Жоқ сойылатын малдың еті үйде болу 
керек екен. Ендеше, бес-алты үй керек. 
Оның бәріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халык керек. Ең алдымен 
сойыс не болады! Құнанбаймен ақылдасуға болмайды. Не де болса, өздері 
шешеді. Бірақ кең қолдық, шығымдылық болса, осы жерде көрінеді. Оған 
Ызғұтты іркіліп, ешнәрсе айта алмады. Абай әйтеуір сараң болмау керек 
дегеннен басқа, не лайық екенін дәлді білмейтін. Бұл арада Құдайберді көмек 
етті. 
- Енді сенің бетің іркілмесін. Барған соң, басқаша боп бар! Он үйге арнап, 
он сегіз байтал апарыңдар. Үй басы екі еркек қой барсын! - деді. Осы айтқаны 
байлау болды. 
Ұлжан ас ошағының басында үлкен қиындық барын, ақыл керек екенін 
айтып келіп, ертең өзі бармақ болды. Қасына Айғызды, Қалиқаны, Сары 
апаңды және бірнеше күтуші қатындарды ерте баратынын айтты. Осы кеште ұн, 
шай, тәтті-дәмді дегеннің бәрін де бар ауылдан тығыз қамдатты. 
Өзге жайдың бәрін ақылдасып, шешіп келгенде, бәрінен қиыны қымыз 
болды. Сауын биені ол араға апарып байлауға болмайды. Жер тар, ел тығыз. 
Қымызын анау басқа күтуші ел де күнбе-күн жеткізіп тұрмақ Ботақан 
ошағынан Қазбалаға қымызды мол қылып, қалет қылмай, кешіктірмей жеткізіп 
тұру үшін бір Абайлар емес, осы артта қалған ауыл-ауданның, кәрі-жастың бәрі 
кепіл болуы шарт. 
Ел жатқанша, осы маңдағы жиырма ауылдың бар үлкендерін Абай мен 
Ұлжан тегіс шақыртып ап, тағы кеңес жасады. Астың басы бір басқа. Осы 
ауылдын өзінде қалып, үнемі айдаушы боп отыратын аса мықты кісі осында 
керек. Құдайберді ол міндетті өз мойнына алды. Оған Жақып, Жұмағұл, Ырсай 
сияқты үлкен туысқандар айғайшы болмақ. 
Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет