5
6
|
7
|
8
|
9
|
Жауабы
|
б
|
в
|
ә
|
ә
|
г
|
а
|
а
|
в
|
г
|
|
Есеп №
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
Жауабы
|
б
|
ә
|
в
|
г
|
в
|
ә
|
а
|
б
|
г
|
300
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БИЛІК
8-ТАРАУ
8.1МОНОПОЛИСТІҢ ӨНІМ
КӨЛЕМІН БЕЛГІЛЕУІ 306
8.1. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БИЛІКТІҢ
КӨРСЕТКІШТЕРІ 311
8.3. НАРЫҚТЫ МОНОПОЛИЯЛАУ-
ДЫҢ БЕЛПЛЕРІ 312
8.4. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БАҒАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 313
8.5. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕП
МОНОПОЛИЯЛЫҚ
ТЕПЕ-ТЕҢДІК 314
8.6 БІР ЗАУЫТПЕН ЖҰМЫС
ІСТЕЙТІН МОНОПОЛИЯ 314
8.7. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БИЛІКТІҢ
ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҒЫНДАРЫ 317
8.8. МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН
МОНОПОЛИЯНЫ РЕТТЕУ 318
8.9. БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ 321
301
8-тарау. Монополия және монополиялық.
Монополия және монополиялық билік
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және түтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің
302
үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеле-нуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл 8.1-суретте бейнеленген.
8.1-сурет. Монополияның ерекшеліктері.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланьш, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға өсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты
303
8-тарау. Монополия және монополиялық...
монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл зандарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым
мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде
иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған
ерекше ерекше құқықтар);
3) бәскелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, қсақ бәсекелестер-дің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патештер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса- қүқығың бар, ал патент жоқ
305
болса - құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі -демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар -олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны кетере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне бай-ланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен занды
шектеулер көмегімен қорғалған.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді
бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп
фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс
саласы.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек
қана бір фирма болып және оның
бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы
жоқ болатын жағдай.
305
8-тарау. Монополия және монополиялық...
8.1. Монополистің өнім көлемін белгілеуі
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты - пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:
Р = Р(Q).
Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей фор-муламен анықталады:
к = ТR-ТС = p(Q)хQ - ТС(0). (1)
Енді Пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз:
немесе МR = МС.
Бұдан монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары (МС) шекті түсімге (МR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз.
306
8.1. Монополистің өнім көлемін белгілеуі
Өндірушінің жалпы түсімі ТR = Р(Q).Q формуласы бойынша анықталатынын біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз:
Сұраныстың бағалық икемділігі былай анықталатыны белгілі:
және оны (3) формулаға қойып, есептеу арқылы шекті
Бұдан, пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге болады:
Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффициенті
Е < 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына қарағанда жоғары болады, яғни Р > МС. Монополиялық нарықта Р = МС тендігі Е = О болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда Р > МС. Бұл монополистің белгілейтін бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық болатынын керсетеді. Шекті түсімнің формуласынан, монополист өндірушінің жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс икемділігіне байланысты екенін көрдік. Осы байланысты талдау үшін, сұраныс икемділігі езгеруіне сәйкес жалпы табыстың қалай өзгеретінін сипаттайтын кесте құрамыз:
307
8-тарау. Монополия және монополиялық...
8.1-кесте
Сұраныс икемділігі, Е
|
Шекті түсім, МR
|
Жалпы түсім, TR
|
1. Икемді сұраныс
|
МR > 0
|
MR өседі
|
2. Сұраныстың бірлік
|
МR = 0
|
TR ең жоғары
|
икемділігі
|
|
денгейге жетеді
|
Е=-1
|
|
|
3. Икемсіз сұраныс
|
МR < 0
|
TR төмендейді
|
Осы кестенің берілгенін пайдаланып сұраныс, шекті түсім, жалпы түсім және сұраныс икемділігі арасындағы қатынастарды көрсететін график тұрғыза аламыз.
8.2-сурет. ТR, Мr, АR, Е арасындағы байланыс.
8.2-суреттен көрініп тұрғандай, егер монополистің сұра-ныс қисығы түзу формада болса, онда шекті түсім қисығы көлденең осьте сұраныс қисығының жартысын қиып өтеді. Бұл ереже сұраныс қисығы түзуден өзге формада болатын жағдайда қолданылмайды. Ешқандай өндіріс шығынсыз болмайтыны белгілі. Демек, монополистің шекті шығындары өндірістік кез келген көлемі үшін МС > 0 болады.
Монополист барынша көп пайдаға МС = МR болғанда жететін болғандықтан, өндіріс келемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни
308
8.1. Монополистің өнім көлемін белгілеуі
Егер өнімге деген сұраныс икемді болса, шекті табыс оң болады, яғни - °° < Е < -1.
Монополистің өніміне деген сұраныс икемсіз болған жағдайда, МR = МС тендігі кез келген өндіріс көлеміне қатысты болмайды. Алынған нәтиже маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Монополист өндіруші өнім шығару және оны сату көлемін өзінің өніміне сұраныс икемді болғанда ғана кеңейте түседі.
Енді, монополистің үтымды өндіріс кәлеміне қатысты шешімін анықтаймыз. Тапсырманың берілуінде екі белгісіз шама - баға мен өнім көлемі бар екенін ескеруіміз керек. Осы себептен пайданы барынша көбейту есебінің шешуі 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезенде, шығарылатын өнімнің ұтымды келемі (Qт), ал екінші кезеңде тауардың монополиялық нарық бағасы (Рт) анықталады. Берілген есептің графиктік шешімін көрсетеміз.
1. Пайданы барынша кәбейту шартын пайдалана оты-рып, МR = МС болғанда шығарылатын ұтымды өнімнің са-нын анықтаймыз. Суретге ол (Qт) көлеміне сәйкес келеді. Екінші кезеңде монополиялық нарық бағасы анықталады. Ол үшін өндіріс көлемі мен (Qт ) сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесін тапса болғаны8.3-суретте нарықтың
8.3-сурет. Монополистің
пайдасын барынша көбейтуі.
309
8-тарау. Монополия және монополиялық...
моноплиялық бағасы Рт әрпімен көрсетілген. Бағаның Рт нүктесінен кез келген ауытқуы монополистің пайдасын көбейтпейді. Мысалы, егер монополисг бағаны Р1 деңгейінде белгілесе, онда берілген баға мен (Q1) көлемі үшін шекті түсім шекті шығындардан жоғары болады. Демек, өнім шығаруды көбейтсе, онда жалпы пайда да көбейеді. Өнім шығару деңгейі О2 болса, шекті түсім шекті шығындарнан аз болады. Сондықтан да, бұл жағдайда өнім шығаруды қысқарту арқылы ғана жалпы пайданы көбейтуге болады.
Монополиялық өндіруші әрдайым экономикалық пайда ала бермейді. Экономикалық пайда табу мүмкіндігі сұраныс қисығы мен орташа жалпы шығын қисығының бір-біріне қатысты қалай орналасқанына байланысты болады. 8.4, 8.5 жане 8.6-суреттерде пайда алушы, зиян шегуші және пайдасы нолъге тең фирмалардың жағдайы бейнеленген:
8.4-сурет. Экономикалық пайда алу.
310
8.2. Монополиялық биліктің көрсеткіштері
8.5-сурет. Фирма экономикалық зиян шегеді.
8.6-сурет. Фирманың пайдасы нольге тең.
8.2. Монополиялық биліктің көрсеткіштері
Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың на-рықтық бағасына әсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың нарықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда
311
8-тарау. Монополия және монополиялық...
біз жеке өндірушінің монополиялық билігінің бар екендігін айтамыз. Ал монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады:
Берілген коэффициент нарықтағы тауардың бағасының шекті шығындардан ауытқу деңгейін анықтайды және оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады.
Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, монопо-лиялық билік солғұрлым күшті болады. Монополистің гепе-теңдік жағдайында:
МС екенін біле отырып, Лернер
көрсеткішін мына түрде де жазуға болады:
Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші, басқа жағдайларды тұрақты деп ұйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады, демек, өнімге деген сұраныс икемсіз болғанда монополиялық билік күшейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |