мерзімдегі кезең: А. Фирманың пайдасын
барынша көбейту жағдайы. Б. Фирманың шығынын
төмендету жайдайы.
ларының өзіндік қасиеттері болуы. Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма - тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз сегментінде ғана монополист болып есептеледі. Сондықтан оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.
Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі белгілі. Басқа нарықтық құрылымдардағы сияқты мо-нополиялық бәсекелес фирма пайдасын мейлінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.
МС = МR.
352
9.3. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ...
Басқаша айтқанда, өнімнің тағы бір қосымша бірлігін өндіруге жұмсалатын шекті шығын осы өнімді сатқанда түсетін шекті түсімнен артық болғанша фирма өнім өндіруін жалғастырады. Графиктен МС пен МR-дің қиылысу нүктесі Q өнім көлеміне сәйкес келіп түр. Фирма Ро бағасын тағайындай отырып, өз пайдасын
барынша көбейтеді (9.1. -суретте көрсетілгендей) немесе (9.1. -суретте көрсетілгендей шығынын азайтады).
Графиктен көріп тұрғанымыз Q2 > Q1
Егер дәл осы баға Ро таза бәсекелес жағдайында қалыптасса, фирма онда Q2 өнімі көлемін өндірер еді.
Қорыта айтқанда, қысқа мерзім кезеңіндегі монопо-листік бәсеке фирмасының іс-әрекетін талдау жасағанда, басқа бәсекелес емес нарықтық құрылымдармен ұқсастықтары байқалады.
9.3. Монополиялық бәсекелес фирмалардың
ұзақ мерзімдік кезеңі
Монополиялық бәсеке нарығының ұзақ мерзімді ке-зеңін талдағанда, бұл нарықтық құрылымның ерекше-ліктері айқын керінеді.
Материалды түсіндіруге ыңғайлы болу үшін шығындар қисығы өзгермейді деп жорамалдайқ D1 сұраныс қисығы АС қисығының ең төменгі деңгейінен жоғары орналасқан. Осы жағдайда фирма экономикалық пайда алады деп жо-рамалдаймыз. Егер бұл жағдай монополия жағдайында қалыптасса, монополист басқа фирмалардың нарыққа кіруіне мүмкіндік бермей, осы жағдайды ұзақ мерзімді кезеңде ұстап тұруға тырысар еді.
Ал монополиялық бәсеке нарығына кіруге тосқауыл қойылмайды. Сондықтан фирмалардың алатын экономи-калық пайдасы ұзақ мерзімде осы нарыққа басқа фир-малардың кіруіне себеп болады. Жаңа келген фирмалар
353
9-тарау. Монополиялық бәсеке
саладағы бұрынғы фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер өндіре бастайды.
Бұның нәтижесінде ескі формалардың сұраныс қисықтары төмендейді, өйткені тұтынушылардың кейбір бөлігі жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды, сон-дықтан ескі фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды. Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс қисығының D3 жағдайына келіп, орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.
Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нольге тең болады (суретте О нүктесі).
Екі фирманың бұл қасиетінің ортақтығы фирмалардың салаға жеңіл кіріп, одан шыға алатындығының нәтижесінде болып отыр.
Ұзақ мерзімдегі тепе-тендік нүктесінің (О нүктесі) тағы бір ерекшелігі ол АС ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелік монополиялық бәсеке нарығы мен толық бәсеке нарығының айырмашылығын анық көрсетеді. Неге бұл екі нүкте бір-біріне дәл келмейді? Өйткені АС ең төменгі нүктесін жанап өту үшін сұраныс қисығы горизантальды болуы керек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалады да, монополиялық бәсеке нарығында орындалмайды. (Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы өте икемді емес екенін еске түсіру керек). Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесін қиып өтетін болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 9.2-суретте орташа шығын қисығының ең төменгі нүктесін қиьш өтетін D2 сұраныс қисығы көрсетілген. Бұл қисықты сұраныстың
354
9.3. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ...
D1-ден D3-ке дейін, яғни тұрақты жағдайға дейін жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсіндіру үшін сызып көрсеттік
Ұзақ мерзімдегі тепе-тендік нүктесінің орташа шығынның ең төменгі нүктесімен дөл түспеуі негізгі се-бептің шығуына алып келеді. Ұақ мерзімдегі монополи-ялық бәсеке нарығындағы тепе-теңдік баға ұақ мерзімдегі бәсекелестік бағадан жоғары болады. (бәсекелестік нарықтағы баға орташа шығынға тең екенін ескерте кетейік). Басқаша айтқанда, монополиялық бәсеке нарығы тұынушыларды тауар үшін “артық” ақша төлеуіне мәжбүр етеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке кезінде өнім көлемі ұымды өнім көлемінен аз өндіріледі. Ал толық бәсеке жағдайында өр фирма ұтымды өнім көлемін орташа шығындардың ең аз мәніне сәйкес өндіреді.
Егер жетілген бәсеке нарығындағы зандылықтар мо-нополиялық бәсекеде бекітілсе, онда өндірілген өнімді арзан бағаға сатуға болар еді.
9.2- сурет Монополиялықбәсекелес
фирманың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігі
355
9- тарау . Монополиялық бәсеке
9.4. Монополиялық бәсеке нарығындағы
баға құру саясаты
Монополиялық бәсеке нарығында тауарларды бір-бірімен жеңіл алмастыруға болатындықтан, жеке фир-маның өніміне деген сұраныс өз өнімінің бағасына ғана тәуелді емес, сонымен қатар осы фирмамен бәсекелес фирмалардың тауарларының бағасына да тәуелді болады. Монополиялық бәсеке нарығында екі фирма (А және В) бар деп жорамалдайық. Олардың өнімдеріне деген сұраныс төмендегідей өрнектелген:
QА=aA= ваРа +с(Рв-РА) = аА- (вА + с)РА + С . Рв
Qв=ав- ввРв +с(РА - Рв) = ав - (вв + с)Рв +с- РА
Бұл функциялар фирманың өніміне деген сұраныс көлемі бәсекелес фирмалардың тауарларының бағасына тікелей тәуелді, ал өз өнімінің бағасына кері тәуелді болатындығын көрсетеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке нарығындағы фирмалардың өніміне деген сұранысты екі бөлікке бөледі: өнімнің осы түрін таңдайтын “өз” тұтынушыларынан және тұтынып жүрген тауарлары қымбаттаған кезде келіп қосылатын “өзге” тұтынушылардан тұрады. Сұраныстың “өз” тұтынушыларынан тәуелділігін в параметрі, ал “өзге” тұтынушылардың келіп қосылуынан тәуелділігін с па-раметрі білдіреді.
Монополиялық бәсеке нарығындағы өнімге деген сұранысқа сипаттама беру үшін ең төменгі және ең жоғары деңгейдегі сұраныс функциялары қолданылады. Ең төменгі деңгейдегі сұраныс функциясы мынадай түрде бейнеленеді:
QminA =аА- (еА + с) . РА_
357
9.4. Монополиялық бәсеке нарығындағы баға ...
Бәсекелес фирманың тауарының бағасы нольге тең болған кездегі қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың бағасының ара-сындағы тәуелділікті ең аз (минималды) сұраныс функ-циясы деп атайды.
Бәсекелес фирманың “Тыйым салынған” бағасының деңгейінде (Рвт) қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың бағасының арасындағы тәуелділікті сұраныс функциясының барынша көп (максималды) түрі деп атайды. “Тыйым салынған” баға төмендегідей теңдеумен анықталады:
ав-ввРв+с(РА-Рв) = О.
бұл теңдеуден,
Онда А фирмасының өніміне барынша көп макси-малды сұраныс функциясы төмендегідей болады:
Ең аз (минималды) және барынша көп (максималды) сұраныс функциялары монополиялық бәсеке нарығындағы өнімге деген ықтимал сұраныс ауданын шектейді. Ол. 9.3-суретте көрсетілгендей:
357
9-тарау. Монополиялық бәсеке
9.3-сурет.
Бәсекелесінің өнімі қьшбаттағанда қарастырып отырған фирманың өніміне деген сұраныс оңға қарай жоғары қозғалады (максималды деңгейге дейін), ал бәсекелес фирманың өнімі арзандаса, онда фирманың сұраныс қисығы солға қарай төмен қозғалады (минималды деңгейге дейін). Сонымен монополиялық бәсеке нарығы кезінде тауарға баға белгілеуде осындай ерекшеліктерді көреміз.
ЖАТТЫҒУЛАР
1. Суретке қарап төмендегі сұрақтарға жауап беріндер:
а) өнімнің қандай көлемінде фирма өз пайдасын ең
жоғары деңгейге жеткізеді?
ә) осы өнім көлемін фирма қандай бағамен сатады;
б) бұл жағдайда фирма экономикалық пайда ала
ма? Оның көлемін графиктен көрсет;
в) фирма қандай мерзімде жұмыс істейді: қысқа не-
месе ұзақ мерзімдегі кезенде?
Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
358
9.1-сурет. Монополиялық бөсеке
жағдайындағы фирма.
2. Төмендегі суретте монополиялық бәсеке нарығында
жұмыс істеп тұрған екі фирманың жағдайлары бей-неленген. Суретті пайдаланып төмендегі тұжы-рымдардың “дұрыс” немесе “дұрыс емес” екендігін анықта:
а) Б фирмасы ұзақ мерзімдегі кезенде жұмыс іс-
тейді;
ә) А фирмасы q1 өнімін өндіргенде жалпы табысын
ең жоғары денгейге жеткізеді;
б) А фирмасы ұзақ мерзімдегі кезенде жұмыс
істейді;
в) А фирмасы экономикалық шығынға ұшырайды;
г) d нүктесі А фирмасының сұраныс қисығының
икемді бөлігінде орналасқан;
ғ) а нүктесі Б фирмасының сұраныс қисығының
икемді бөлігінде орналасқан;
д) q1-ге тең өнім көлемінде Б фирмасы қоғамның таза
пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізеді;
е) q0 -ге тең өнім көлемінде Б фирмасына қоғам көзқарасы тұрғысынан қарағанда ол өндіріс фак-торларын тиімді пайдаланып тұр;
359
9-тарау. Монополиялық бәсеке
9.2-сурет. Монополиялық бәсеке нарығында
жұмыс істейді.
ж) q1-ге тең өнім көлемін өндіргенде А фирмасы өз
пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізеді;
з) екі фирма да артық өндіріс қуаттылығы
жағдайында жұмыс істейді;
и) А фирмасы, қандай кезенде жұмыс жасағанына
қарамастан экономикалық пайда алады;
360
ЕСЕПТЕР
1-есеп. Монополиялық бәсеке нарығына тиісті төменгі тұжырымдардың “дұрыс” немесе “дұрыс емес” екендігін анықтап, әрбір сұраққа өз жауаптарыңды беріңдер:
а) монополиялық бәсеке жағдайында ұзақ мерзім
кезіндегі тепе-теңдік баға (Р > LRAСтіп) ұзақ
мерзімдегі орташа шығындардан үлкен
болғандықтан бұл фирмалар ұзақ мерзімдегі кезенде
экономикалық пайдаға ие болады;
ә) монополиялық бәсекелес фирма жарнама берген
кезде, бұл фирмалардың тағайындаған бағалары ұзақ
мерзімдегі орташа шығындардан үлкен болады;
б) монополияльгқ бәсекелес фирмалардың экономи-
калық пайда алуларын жарнама қамтамасыз ете
алмайды;
в) салаға жаңа фирмалардың келуінің салдарынан,
салада жұмыс істейтін фирмалар өнім көлемі
мен бағаларын азайтуға ыңғайланады.
2-есеп. Монополиялық бәсеке нарығындағы сұраныс функциясы төмендегідей:
QА =30-5РА+2Рв
Ал жалпы шығындар функциясы былай бейнеленеді:
TC=24+3QА
Ұзақ мерзімдегі кезеңде салада тепе-теңдік қалыптасқан уақыттағы РА және Рв бағаларын анықтаңыз.
361
9-тарау. Монополиялық бәсеке
3-есеп. Өнімнің сүраныс функциясы төмендегідей:
Р = 20-0,5Q, ал
ТС = 0,04Q3 - 1,94Q2 + 32,96Q.
1) өнімнің қандай көлемінде фирма барынша көп
пайдаға ие болады?
2) пайданың мөлшері неге тең?
3) бұл жағдай нарықтың қандай түріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |