Микроэкономика


шығындары мен табыс қисықтары



бет61/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63

шығындары мен табыс қисықтары.

А,Б, В,Г фирмаларының шығындары мен табыс қисық-тары берілген:

385


10-тарау. Олигополия

а) Б фирмасы монополиялық бәсеке нарығында жұмыс

істейді деп болжауға болады;

ә) В фирмасы қысқа мерзімдегі кезеңде жұмыс істейді;

б) Г фирмасы экономикалық пайда алады;

в) А фирмасы монополист;

г) Г фирмасы СРАВ төртбұрышының ауданына тең

“кәдімгідей” пайда алады;

ғ) Г фирмасы монополиялық бәсеке нарығында

жұмыс істейді;

д) Г фирмасы олгиполист;

ж) А фирмасы өнім сату көлемін барынша көбейтеді;



з) Б фирмасының жалпы айнымалы шығындары

zWвс төртбұрышының ауданына тең;

и) В фирмасы толық бәсеке нарығында жұмыс

істейді;


к) А фирмасы қоғамның таза пайдасын барынша

көбейтеді;

қ) Б фирмасы нарық көзқарасымен қарағанда

ұтымды өнім өндіреді;

л) Б фирмасы ұзақ мерзім кезеңінде жұмыс жасай

отырып экономикалық пайда алады;

м) Б фирмасы экономикалық пайданы қысқа мерзім

кезінде алады.

ЕСЕПТЕР

1-есеп. Бір аймақта біртектес тауарды өндіретін екі өндіруші бар және бұл тауарларды ауыстыратын тауарлар аз деп ұйғарайық. Өндірушілер өнім көлемі жайлы шешімді Курно дуополиясы моделі бойынша қабылдайды. Бірінші өндірушінің реакция қисығы: пайданы мейлінше көбейтетін өнім көлемін Q1 көрсетеді және ол екінші өндірушінің өніміне тәуелді функция болады:

386


Екінші өндірушінің реакция қисығы, бірініш өндірушінің өнім шығару көлеміне байланыстьп



а) координат жазықтығында реакция қисықтарын

тұрғызыңдар.

Мұнда, абцисса осінде бірінші өндірушінің өнім шығару көлемі Q1 , ал ординатгар осінде екінші өндірушінің өнімі

Q2 көрсетеді;

ә) бәсекелес фирманың өніміне байланысты, әрбір

өндірушінің шешімі қалай өзгеретінін анықта.

с) Тепе-теңдікті анықтағанда реакция қисықтарын

қолданыңыз;

2-есеп. Курно дуополиясында нарықтың сұраныс қисығы төмендегідей теңдеумен берілген дейік:

Р = 200- Q

Сонымен бірге, бірінші фирманың шекті шығыны белгілі 30-ға тең және ол тұрақты шама болсын.

а) егер екінші фирма 50 бірлік өнім шығарса, онда

бірінші фирманың пайданы барынша көбейтетін

өнімі қандай мөлшерде болу керек?

ә) егер 1-фирманың ойынша, 2-фирма 60 бірлік өнім

шығарса, онда 1-фирманың өнімі қалай өзгереді?

б) берілген өндіріс шешімін координаттар жазығында

көрсетіңіз. 1-фирманың реакция қисығының

теңдеуін жазыңыз.



3-есеп. Курно дуополиясындағы өндірушінің екеуіде нарық сұранысының қисығын біледі, ол сызықтық функция болып табылады:

Р = 100- Q.

387


10-тарау. Олигополия

Егер шекті шығыны 20-ға тең болып және ол тұрақты болса, онда өндіруші өз өнім көлемін қалай бағалайтын-дығын көрсет. Осы өндірушінің реакция қисығын көрсетіп, оның теңдеуін жаз. Осыған байланысты өндірушінің реакция қисығының координаттар остерімен қиылысатын нүктелерін табыңыз:

а) егер өнім өндіруші нарықта монополист болады деп

ұйғарсақ, онда оның өнімі қандай болу керек екенін

анықтаңыз;

ә) берілген өндіруші ешқандай өнім өндірмес үшін, 2-

өндіруші қандай өнім өндіруі керек және өнім өндіру

оған неге пайдасыз?



4-есеп. Алдыңғы есептің берілгенін пайдаланып, екінші өндірушінің көзқарасы бойынша талдау жасаңыз.

а) айталық, оның шекті шығыны тұрақты және 20-ға тең.

Екінші өндірушінің реакция қисығын көрсетіңіз.

Курно тепе-теңдігін және нарықтағы тепе-теңдік

бағаны табыңыз;

ә) екінші өндірушінің шекті шығыны 30-ға тең делік.

Осыған байланысты 2-өндірушінің реакция

қисығының түрі 1-өндірушінің реакция қисығымен

салыстарғанда басқаша бола ма? Курно тепе-теңдігін

және нарықтағы тепе-теңдік бағаны тауып, а және ә

пункттерін салыстырып талдаңыз.

5-есеп. 10.1-суретте белгілі бір өндірушінің орташа және шекті түсім қисықтары көрсетілген. Суретте көрсетілген-дей, өнімге деген сұраныс қисығы түзу сызық болып табылады. Өндірушінің орташа және шекті шығындары 8-ге тең және олар тұрақты.

а) шекті табыс пен сұраныс қисығының тендеуін

жазыңыз;

ә) егер өндіруші нарықта монополист болып табылатын

болса, онда оның пайдасын барынша көбейтетін өнім

көлемін анықтаңыз.

388

б) нарықта өзара бәсекелес 2 өндіруші бар дейік.



Графріктегі қисықтарға қарап, мынаны анық-

таңыз: қай кезде бірінші өндіруші өнім өндір-

мейді, ал нарық сұранысы екінші өндірушінің

өнімімен қанағаттандырылады.





10.1-сурет.

в) ә және б пункттеріндегі нәтижелерді пайдалана

отырып, фирмалардың шекті шығындары бірдей

болғандағы әр өндірушінің реакция қисықтарын

көрсетіп, олардың тендеулерін жазыңыз. Курно тепе-

теңдігін табыңыз.



6-есеп. Белгілі бір өнімге деген нарық сұранысы төмендегі тендеумен сипатталады:

а) нарықта берілген өнімді өндіретін бәсекелес тек 2

фирма бар дейік. Егер олардың орташа және шекті

шығындары бірдей және 5-ке тең болса, онда Курно

тепе-теңдігі бойынша фирмалардың өнім өңдіру

шешімдері қандай болар еді?

389

10-тарау. Олигополия

ә) тепе-теңдік бағаны тауып, фирмалардың алатын

пайдасын есептеңіз;

б) екі фирма өнім өндіру жайлы келісіп, жалпы пайданы

көбейтіп, оны тең екіге бөледі деп айтайық. Осы кезде

екі фирма, Курно дуополиясына қарағанда өнімді аз



өндіріп пайданы көп алатынын көрсетіңіз.

тендеуін пайдаланып, МR1 және МR2 -ні табыңыз. Реакция қисықтарын табу үшін, пайданы барынша көбейту шартын қолданыңыз:

МR = МС

7-есеп. Шекті түсім, шекті шығындар және сұраныс графиктері берілген.

Берілген графиктерді пайдаланьш:





10.2-сурет.

1) Фирма монополист;

2) бәсекелес өнеркәсіп саласы;

3) Курно дуополиясындағы екі фирма болғанда

қанша өнім және қай бағамен өндіретіндігін

анықтаңыз.

390

Пайданы есептеп, өзара салыстырып талдау жасаңыз. Курно дуополиясындағы фирмалар, монополистке қарағанда өнімді көбірек өндіретінгін, бірақ бәсекелес нарықтағы фирмаға қарағанда аз өндіретінгін анықтаңыз. Дуополияда белгілеген баға, бәсекелес нарықтағы бағадан жоғары, бірақ монополиялық нарықтағы бағаға қарағанда төмен екенін көрсетіңіз.



8-есеп. “Экономика” баспасы өзімен бәсекелес “Іс” баспасына қарағанда өз жоспарларын бірінші көрсетеді. “Экономика” бір жылда 20 атаулы кітап шығарған кезде , “Іс” 40 атаулы кітап шығарып, 70 млн. дол. пайда таба алады, ал 10 атаулы кітап шығарса, 50 млн. доллар табады. “Экономика” 50 атаулы кітап шығарамыз деп жариялаған кезде, “Іс” 40 атаулы кітап шығарып, 20 млн. доллар пайда табады және 10 атаулы кітап шығарып 30 млн. доллар пайда табады. 10.1-кестеде “Экономиканың” кітап шығару жоспары мен өз шешімдеріне байланысты “Іс” баспасының барлық мүмкін болатын ақшалай пайдасы көрсетілген:

10.1-кесте

“Экономика” баспасының жоспары

 


Шығару мөлшері

“Іс” баспасының жоспары

10

40

20

50$

70$

50

30$

20$

“Іс” баспасы өзінің шығару көлемін қалай жоспар-лайтынын түсіндіріңіз.

9-есеп. Келесі кестеде “Экономика” баспасына түсетін ақшалай пайда көрсетілген.

10.2-кесте

“Экономика” баспасының жоспары

Шығару мөлшері

“Іс” баспасының жоспары

10

40

20

100$

40$

50

80$

30$

“Экономиканың” доминанттық стратегиясын табыңыз.

391


10-тарау. Олигополия

10-есеп. “Экономика” және “Іс” баспалары өнім шығару жоспарын бір уақытта құрастырып отыр. Бірақ олардың әрқайсысы бәсекелес баспа не істейтінін білмейді. Сондықтан олар шешім қабылдағанда нақты нәтиже болады деп ұйғарады. 10.1 және 10.2-кестелердегі берілген матрицалар бойынша, әр баспа қандай шешімге келетінін және қанша пайда алатынын анықтаңыз.

11-есеп. Басқа фирмалардың кіруіне ешқандай мүмкіндік болмайтын дуополия нарығын қарастырайық, фирмалардың біреуі –RIR - Ewing (RIR), ал екіншісі -Roпеll-МС-Dопglаs (RМD).

Бұл фирмалар әр түрлі өнім шығарады. Әр фирма өзінің өніміне баға қоюы керек. Екі фирманың өнімі әр түрлі болғандықтан, бағаны қай деңгейде қойса да олардың өнімдерді сату көлемі қанағаттыратын деңгейде болады. Фирмалардың әр түрлі баға стратегиясындағы пайдалары 10.3-кестеде көрсетілген.

Бағаны RІR бірінші қояды, ал RМD RІR-дің қандай бағаны қойғаны белгілі болғаннан кейін баға белгілейді деп ұйғарайық:

10.3-кесте

Баға

Пайда

RIR

RМD

RІR

RМD

Төмен

Төмен

10

20

Жоғары

Жоғары

36

40

Төмен

Жоғары

24

16

Жоғары

Төмен

2

50

а) фирмалардың баға тандау тізбегін көрсететін

ойын ағашын салыңыз;

ә) Нэш тепе-теңдігін және ықтимал стратегияларды

табыңыз.


Енді бағаны ең бірінші RМD фирмасы тандап, ал RІR фирмасы одан кейін тағайындайды деп айталық;

392


б) осы жағдайдағы бағаны қою тізбегін көрсететін

ойын ағашын салыңыз;

в) Нэш бойынша тепе-теңдікті және ықтимал стра-

тегияларды табыңыз;

г) ә жэне в пункттерінің нәтижелерін салыстырыңыз

және баға тандау стратегиясы әр фирма үшін неліктен

әр түрлі екенін түсіндіріңіз. Қай ойынның нәтижесі екі

фирмаға да ыңғайлы.



12-есеп. Олигополиялық нарықта бәсекелес екі фирма бар дейік. Фирмалардың пайдасы баға қабылдағандағы фирмалардың өз шешіміне ғана емес, сонымен бірге бәсекелес фирманың шешіміне де байланысты. Фирма басқарушыларының мүмкін болатын екі стратегиясы бар - бағаны төмендету және бағаны өзгертпеу. Әрбір фирма бағаны қойғанда, бәсекелес фирманың қандай шешім қабылдайтынын білмейді. Шешім қабылдау матрицасы төменде көрсетілгендей болады:

10.4-кесте

1-фирма

 

 



 

Бағалық стратегия

2-фирма

Бағаны төмендету

Бағаны бірқалыпты ұстау

Бағаны төмендету

(10;10)

(18; 5)

Бағаны бір-қалыпты ұстау

(5; 18)

(14;14)

Әрбір бірінші сан - бірінші фирманың пайдасын, ал екінші сан - екінші фирманың пайдасын көрсетеді. Фирмалар қай баға стратегиясына сүйенуі ықтимал және неліктен? Олар жоғары деңгейдегі пайда алуды қамтамасыз ете ме, жоқ па?

13-есеп. Олигополиялық нарықтағы екі фирманың өніміне деген сұраныс төмендегідей тендеулермен берілген делік:

393


10-тарау. Олигополия

Q1 =40-5Р, +4Р2;

мұнда, Р1 және Р2 ~ бірінші және Q2 = 40 - 5Р2 + 4Р1 екінші фирмаларың қоятын бағалары.

Екі фирманың жалпы шығындары тұрақты және 150-ге тең. Әр фирма өз өніміне 6 және 8 долларға тең баға қоя алады.

а) екі фирманың баға болжамына байланысты төлем

матрицасын құрыңыз;

ә) әр фирманың максиминдік стратегиясын табыңыз;

в) неге фирма ең жақсы баға стратегиясын (Парето бойынша тиімді) таңдамай, максимин стратегиясын таңдайтынын түсіндіріңіз.



14-есеп. Олигополиялық нарықтағы фирмалардың өніміне деген сұраныс мына теңдеулер арқылы сипатта-лады:

Q1 =30-4Р1 +ЗР2;



Q2=30-4Р2+ЗР1,

Мұнда, Р1 және Р2 бірінші және екінші фирмалардың өнімдерінің бағасы. Фирмалардың пайдасы мына теңдеулермен есептеледі:



П1, = Р1Q1 - 100;

П2 = Р2Q2 - 100.

Әрбір фирма өз өніміне деген бағаны тұрақты сақтай алады, ол 12 долларға тең және бағаны 2 долларға төмендете алады.

а) өз шешіміне және бөсекелесінің шешіміне байла-

нысты фирмалардың қандай пайда алатындығын

есепте;

394


ә) неліктен фирмалар арасында баға қақтығысы болады?

Бағаны жоғары деңгейде ұстау жөніндегі келісімге не

кедергі болады?

б) әр фирманың баға төмендегенде қандай шығынға

ұшырайтынын есептеңіз

15-есеп. Қарама-қарсы мақсатгары бар екі фирманың бір-бірімен өзара байланысы белгілі деп айталық;

Q1=20-ЗР1+2; TC1, =3Q1;

Q2=20-ЗР2+1 TC2=3Q2 ;

Өр фирма баламалы баға стратегиясының біреуін таңдауы керек: өнімнің бағасын өзгертпеу, ол 10 долларға тең және бағаны 8 долларға дейін төмендету.

Ойынның шешімін табыңыз

16-есеп. Айталық, қарама-қарсы мақсаттары бар екі фирма берілген. Егер бір фирма пайда тапса, онда екіншісі шығынға ұшырайды. Олардың ойын матрицасы төменде берілген:

10.5-кесте

1-фирманың мүмкін болатын стратегиялары

 


2-фирманың мүмкін болатын стратегиялары




1

2

3

А

10$

9$

11$

Б

8$

8.5$

10$

Максимин стратегаясын қолданып, екі фирманың ұтымды стратегияларын табыңыз.

17-есеп. Олигополиялық нарықта бәсекелес екі фирма бар деп айталық. Олар біртектес өнім шығарады. Бұл екі фирма нарықты тең екіге бөледі де, өнімді бірдей бағамен сатады.

Нарықтық сұраныстың қисығы келесі кестеде көрсетілген

395

10-тарау. Олигополия

10.6-кесте

Бағасы, долл.

10

9

8

7

6

Өнім саны

10

12

14

16

18

Әрбір фирманың жалпы төменде келтірілгендей:

шығындарының қисығы



10. 7-кесте

Өнім саны

5

6

7

8

9

Жалпы шығындар,

долл.


45

47

50

55

65

а) әрбір фирманың ойынша, бәсекелес фирма өнімге

аналогты баға қояды деп ұйғарып, осы бағаны

табыңыз;

ә) әрбір фирманың өнім шығару көлемін табыңыз.



18-есеп. 10 өндірушіден тұратын нарықты қа-растырайық. Әрбір өндірушінің шекті шығыны тұрақты және 6 долларға тең. Фирмалар күніне 5 өлшемнен көп өнім шығара алмайды. Осы өнімге деген нарықтың сұраныс қисығы келесі кестеде көрсетілген:

10.8-кесте

Бағасы, долл.

10

9

8

7

6

5

1 күндегі өнім бірлігінің саны

10

20

30

40

50

60

а) егер фирма бағаны берілген деп ұйғарса

(бәсекелестік жағдайдағыға ұқсас) онда әрбір

фирманың бағасы және өнім шығаруы қаншаға тең

болады?


ө) егер фирмалар картель құрса, онда тауардың бағасы

мен әрбір фирманың өнім шығару квотасы қандай

болады?

б) картельдік баға бойынша фирманың қосымша



пайдасын есептеңіз;

396


в) фирма барынша көп пайда алу үшін квота туралы

келісім шарттарды бұзып, картельдік баға бойынша,

өндірісті кеңейтеді дейік. Осындай саясаттың

нәтижесін талдаңыз.



19-есеп. Үш фирма картель құрайды делік. Фирма-лардың шығын функциялары келесі кестеде көрсетілген:

10.9-кесте

 

Q


Жалпы шығындар, долл.

1-фирма

2-фирма

3-фирма

0

1

2



3

4

5



20

25

35



50

80

120



25

35

50



80

120


160

15

22

32



47

77

117



Егер картелъ 11 өлшем өнім шығару туралы шешім қабылдаса және олар шығындарын төмендетуге тырысса, онда б9ндай өнім шығару үш фирманың арасында қалай бөлінеді?

20-есеп. Айталық, сіз ірі мұнай серіктестігінің пре-зидентісіз. Бұл серіктестік мұнай өндіру көлемі бойынша, өндірісте алдыңғы қатарлы болып есептеледі, өйткені басқа фирмалар сіздікіне қарағанда кішігірім. Сондықтан, сіз баға лидері ретінде өз пайдаңызды барынша көбейтетін бағаны белгілейсіз. Ал қалған фирмалар сіздің соңыңызға ілесіп, қойылған бағаны қабылдайды. Нарықтың мұнайға деген сұранысы мына теңдеумен жазылады:

Р = 300-Q.

Мұнда, Р- мұнай бағасы;

Q — сұраныстың жалпы көлемі. Қалған фирмалардың жалпы ұсынысы мынаған тең:

Qr = 49 Р.

397


10-тарау. Олигополия

Сіздің серіктестігіңіздің шекті шығындары былай жазылады:

MC=2,96QB

Мұнда, QB — сіз өндіретін мұнай көлемі.

а) сіздің серіктестігіңіз барынша көп пайда табу үшін, шығаратын өнім көлеміңіз қандай болу керек;

ә) сіз мұнайға қандай бағаны белгілеуіңіз керек?

б) берілген баға бойынша өндіріс саласына барлығы

қанша өнім шығарады.

СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАБЫҢЫЗ

1. Мына өнімдердің қайсысы өндірушілердің картельдік келісімі шеңберінде өндіріліп көрмеген:

а) мүнай;

ә) банан;

б) қант;

в) бидай;

г) кофе.

2. Картель қатысушысы өз пайдасын былайша арттыра

алады:

а) картельдің басқа қатысушыларына қарағанда өз



өнімін арзан бағаға сату арқылы;

ә) картелъдің басқа қатысушыларына қарағанда өз

өніміне жоғары баға белгілеу арқыльг,

б) белсенді бағалық емес бәсеке жасау арқылы;

в) бағаны көтеру үшін белгіленген шектен

төмен етіп өнім өндіру;

г) картельдің келісілген бағаны үнемі көтеріп оты-

руып талап ету арқылы.

3. Олигополистің “сынық” сұраныс қисығы

мынаны көрсетеді:

а) шекті табыс қисығындағы үзіліс;

ә) шекті шығын қисығындағы үзіліс;

398

б) тауар бағасы шекті табыстан жоғары болмау ке-



ректігін;

в) фирма әрекеті ұтымсыз;

г) бәсекелес фирмалармен келісілген бағаны ұстау

жөніндегі құпия келісім.

4. Ұзақ мерзімді кезенде:

а) бәсекелестік жетілген нарықтағы фирмалардың

экономикалық пайдасы нольге тең болады;

ә) монополиялық бәеекелестік нарығындағы фирма-

лардың экономикалық пайдасы нольге тең болады;

б) бәсекесіз нарықтағы олигополист пен монополист

экономикалық пайда алады;

в) нарыққа кіруге қойылатын тосқауыл неғұрлым

жоғары болса, онда ол осы нарықта жұмыс істеп

тұрған фирмалардың экономикалық пайда алуына

ықпал етеді:

г) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.

5. Нарықтың қай құрылымында шекті түсім бағадан

төмен болмайды:

а) монополиялық бәсекеде;

ә) монополияда;

б) картелъ құрушыларда;

в) жетілген бәсекелестікте;

г) картель құрамайтын олигополияда.

6. Олигополия дегеніміз нарық құрылымы және ол кез-

де нарықта:

а) бірдей тауарлар өндірегін өзара бәсекелес фирма-

лардың саны көп болады;

ә) өзіндік ерекшеліктері бар тауарлар өндіретін өзара

бәсекелес фирмалардың саны көп болады;

б) бөсекелес фирмалардың саны өте көп болмайды;

в) тек қана бір ірі фирма болады;

г) тек қана бір ірі сатып алушы болады.

399

10-тарау. Олигополия

7. Олигополия теориясын салған алғашқы ғалым:

а) Эдвард Чемберлен;

ә) Огустен Курно;

б) Джоан Робинсон;

в) Карл Маркс.

8. Фотоаппарат құрал-жабдықтары нарығында 6 фирма

бар.


Фотоаппаратқа деген нарықтық сұраныс - D, ал шекті шығын - МС делік.

Нарықта басым болып түрған фирманың сүраныс қисығы - DL, ал оның шекті түсімі — МR. Төмендегі графикке қарап басым фирманың өнім көлемін және өнімінің бағасын анықта.

а) QL = 15, РL = 2,2;

ә) QL = 31, РL = 2,2;



б) QL = 35, РL = 1,6.

9. 8-сұрақ бойынша нарықтағы басым фирмадан кейінгі бес фирманың өнім көлемі мен өнім бағасы қандай?

а; Qf = 31 Рf = 2,2;

ә) Qf = 20 Рf = 1,8;

400

б) Qf = 16 Рf = 2,2;



в) Qf = 35 Рf = 1,6.

10. 8-сұрақ бойынша нарықтағы барлық өнім көлемі мен өнімнің бағасы төмендегінің қайсысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет