Зерттеу жұмысының дерек көздері. Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің Тәжікстан, Өзбекстан, Иран қолжазба қорларындағы қолжазба нұсқалары, сондай-ақ шетелдік және ТМД ғалымдары жүргізген текстологиялық жұмыстардың нәтижелері және олардың зерттеу еңбектері негізге алынды.
Жұмыстың жариялануы және сарапталуы. Ғылыми зерттеу жұмысына өзек болған мәселелер бойынша диссертанттың жеке өзі және авторлармен бірлесе «Қазақ-Иран мәдени байланыстарының өткені мен болашағы» (Қазақстан республикасы, Қазақтың мәдениет және өнертану институты, Алматы, 2001, 163 бет.), «Деректану» (Қос авторлар, Қазақстан республикасы, Қазақтың мәдениет және өнертану институты, Алматы, 2002, 172 бет), «Көне Тараз» (Алматы, “Санат” баспасы, 2002, 215 бет), «Тараз – парсы ақындарының жыр шумақтарында» (Алматы, “Зерде”, 2002, 32 бет), «М.Х.Дулат шығармалары хақында» (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Ғылыми-зерттеу орталығы. Бірінші кітап, Тараз, 2004, 71 бет) атты монографиялар, «Иран тарихы» (Алматы, “Зерде” баспасы, 2002, 287 бет), «Мұхаммед Хайдар Дулати. “Тарих-и Рашиди”» (Алматы, “Тұран”, 2003, 614 бет), «Молда Мәди Меркішұлы шығармалары. «Тоһфәтол-Жимһурият». (Шағатай тілінен қазақ тіліне тәржімаланған. Алматы, ЖСО Издательство «LEM».2005 ж. 304 бет), «Мұхаммед Хайдар Дулат. “Тарих-и Рашиди” [Үзінді]» (Қазақ прозасы, Хрестоматия. Алматы, Ғылым, 2001, 272-319 бет) аудармалары, «Қазақша-парсыша,парсыша-қазақша сөздік» (Алматы, “Санат” баспасы, 1994, 320 бет), «Парсыша-қазақша сөздік» (Алматы, “Зерде” баспасы, 2003, 447 бет) сөздіктері, «Түрік халықтары әдебиеті тарихы» (Оқу құралы Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, «Түркітану орталығы» баспасы, 2006), «Түрік халықтары әдебиеті тарихы» (Хрестоматия Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, «Түркітану орталығы» баспасы, 2006) атты оқу құралдары жарыққа шықты.
Ғылыми жұмыстың негізгі қорытындылары республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарда, жоғарғы оқу орындарының хабаршыларында жарияланды. Жұмыс М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемелекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында, сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының Ежелгі әдебиет бөлімінің мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |