Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет102/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Бөксерілген бұлыты
Кілегей күрең тортадай
Сілбірең күзгі жауыны
Жердің көнін жібітіп,
Сорғалайды екен сорпадай.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Соқа айырған қара жер,
Қабатынан қарасаң,
Туырылады қартадай...

Немесе «Жыл мезгілі» деген өлеңін алайық:




Жерің анау,
Жасыл жолақ кілемдей.
Желің мынау,
Жігіт айтқан өлеңдей.
Көлің анау,
Той ғып жатқан ауылдай
Күнің мынау,
Елжіреген енеңдей.
деп келсе, күздің сипатын:


Жерің анау,
Шала илеген темірдей.
Желің мынау,
Дарымшының деміндей.
Көлің анау,
Насыбайлы түкірік,
Күнің мынау,
Ауылнайдың мөріндей,
дейді.
Міне, осы үзінділерге қарағанда ақын мезгіл суретін бірыңғай теңеу арқылы бейнелеген.
Қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қаласқан ақындарға, әсіресе Ілияс Жансүгіровке ғасырлар бойы әбден шыңдалып, қырланып жасалған ауыз әдебиетінің озық дәстүрлері қандай қымбат болса, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай дәстүрі де соншалықты қадірлі. Біз Абайды новатор дейміз, Абайдың дәстүрі дейміз. Осыған орай мына бір жайды еске ала кеткен жөн. Халық ауыз әдебиеті де небір бейнелі, айқын нақышты, музыканың үніндей саңғырлаған әсем тілді, тілдік тіркестерді тудырған. Осы өрнек, нақыштарды о баста тудырушы жеке адамдар болғанмен ауызша айтылып жүргендіктен де авторын жоғалтып, халықтық қадір-қасиет тауып, көп атынан аталып кете берген. Ғасырлар жылжып, жылдар өткен сайын халықтың поэтикалық тілінде берік орын тебеді де, ол дәстүрлі поэтикалық тілге айналады. Сонымен бірге тарихи әдебиеттің басталуына орай, белгілі бір керкем шығарманың авторы болған жағдайда, әсіресе жазба әдебиет туған кезде поэтикалық тілдің бұрыннан қалыптасқан, дәстүрлі үлгілерімен қатар индивидуалдық (авторлық)15 үлгілері туа бастайды. Мысалы, Абай қазақ поэзиясындағы дәстүрлі поэтикалық тілді пайдалана отырып, халықтық тіл негізінде индивидуалдық, яғни өзіндік поэтикалық тілдің жаңа, тың тіркестерін, өрнек айқыштарын тудырды. Бұрынғы поэтикалық тілдің дәстүрлі үлгілеріне қарағанда өз кезінде Абай енгізген жаңалықтар сол мезгілдегі новаторлық болатын. Бірақ дәстүр, новаторлық (жаңашылдық) деген терминдер уақытқа ғана бағынатын шартты құбылыстар. Өз дәуірінде новаторлық болған Абай жаңалықтары халықтың пайдалануына көшкен уақытта көркем әдебиеттің кейінгі буынына дәстүрлі үлгі болып саналады. Өз халқына жаңа ой, лебізді жаңаша бір үлгімен айтқан Абай сияқты ерекше дарын иелері әдебиетке өз ізін, өз соқпағын тастап кетеді. Сол сияқты жаңа буын да сол өзіне дейінгі халық тудырған, жеке таланттар жасаған поэтикалық тілдің жетістіктерін творчестволық жолмен пайдалана, меңгере отырып, замана талап еткендей өз соқпағын қалдырып кетуі тиіс. Сөйтіп, әрбір өзіндік үні, өзіндік тілі бар суреткерлер сол өзіндік ерекшеліктермен жиналып келіп ұлттық поэзияның теңізіне құяды. Ақын неғұрлым талантты, дарынды болса, неғұрлым өз дәуірінің талап еткен биігіне көтерілсе, оның әдебиетке салар олжасы да мол. Қазақ поэзиясы көгінде Абай, Сұлтанмахмұттың орны қаншалықты ерекше болса, олар бастаған жазба поэзияның ұлы күшін қазақ совет поэзиясының негізін қаласқан жазушылар ілгері дамытты.
Ілияс Жансүгіровтің Абай дәстүрінен үйренгенін ақын творчествосын зерттеген ғалымдар мен сыншы-жазушылардың (М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, Қ.Жұмалиев) пікірлері бір жерден шығады.
Ілияс өзінің творчестволық жолын Абайдан үйренуші шәкірт ақын болып бастайды. Бұл жөнінде I тарауда айтылғандықтан, олардың идеялық бағыт, кейбір тәсілдеріне бұл жерде тоқтамай, образды сөз тіркестерін қолдануында да Ілияс тіпті өмірінің соңғы жылдарына дейін Абай поэзиясының бай поэтикалық тілінен үйреніп отырғанын сөз етеміз.
Абайдан Ілияс Жансүгіровтің үйренуі әуелі кейбір қайталаудан немесе Абай қолданған образды сөздердің сөз қолданысын өзгертіп, мағынасын сол қалпында қалдырудан басталады. Мысалы, Абай «Бүркітші» өлеңінде: Тастан түлкі табылар аңдығанға десе, Ілияс «Жетісу көріністері» атты өлеңінде «Тағыны тастан тауып тарсылдатып» деп алады. Сол сияқты Абай өзінің «мың мен жалғыз алысып» еш жақсылық таба алмай, әбден қиналған, шаршаған лирикалық геройына:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет