Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет104/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Асау жүрек алқынар,
Жас жүрек жайып саусағын,
Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа
Ұмтылған шығар айға алыс
Ызалы жүрек, долы қол
Улы сия, ащы тіл.

Осы курсивпен берілген сөз тіркестерінің қай-қайсысы болса да қазақтың поэтикалық тілінде бұрын жоқ, Абай енгізген үлгілері. I.Жансүгіров ұлы ұстазының осы үлгілерінен үйрене отырып, оны сол қалпында пайдаланбай, өзінше жаңа үлгілер енгізе бастайды:




Жусайды тыңдаушының көңілі күйге...
Көңілдің күй майсасын балбыратып...

Осындағы «жусайды» мен «майса» сөздерін алып көрейікші. Халық ұғымында мал жусайды дейді. Әсіресе ол жылқы малына айтылады. Жусау тыншығу, демалу, жан рахатына бату деген мағынада қолданылады. Ал, Ілияс домбыра күйін тыңдаған адам көңілін жусатады. Бұл өте орынды, бейнелі, нақысты сөз өрнегі. Сондай-ақ қазақта «көк майса» деп мал тұяғы тимеген жас, балауса шөптері бар соны жерді атайды. Осы бір көріністі көңілге әкеліп тіркеп, күй көңілдің майсасын балбыратуы да тың бейнелеу.




Көңіл, тілім сайрайды.
Ащы көңіл, тұщы тіл...
Ән сүйгіш жылы көңіл, сөзге таңсық...
Үмітке мініп жүр көңіл...
Кір өмір, тікен тұрмыс, улы өсек...

Абай поэзиясын оқығаннан кейін Ілияс осы сияқты метафора, эпитеттерді мол қолдана бастайды. Ол Абайдың поэтикалық тіліндегі жаңа сөз тіркестері сияқты өзіндік жаңалықтарын да тудырып отырады.


Сонымен жаңа құбылыска теңеу, эпитет табуда да, ойды метафора, кейіптеу, меңзеу, тұспалдау аркылы жеткізуде де I.Жансүгіров творчествосында кейбір мағынасы дәл келмей жатқан кемшіліктері бола тұра ізденуі көп, табысы мол ақын екені жоғарыда келтірілген мысалдардан көрінеді. Теңеліп отырған зат пен теңеп отырған құбылыстың арасындағы жақындық, ұқсастықты (ассоциациялық) ақын үнемі берік сақтап отырады. Қиюы келмейтін, қисынсыз жайлар аз. Бейнелеудің қай түрін болса да сөзді көркейту үшін емес, ойды әсерлі түрде жеткізу үшін алады, нақтылы образ, дәл картина жасайды.

***



Қазақ әдебиетінің белді өкілдерінің бірі Ілияс Жансүгіров поэзиясында халықтың сөйлеу тілін, фольклор тілінің нұсқаларын пайдалана отырып, қазақтың әдеби тілін қалыптастырудағы оның өзіндік үлесіне жоғарыда көптеген мысалдар келтіріп, тоқталып өттік.
Сонымен бірге I.Жансүгіров поэзиясы лексикалық жағынан да бай. Оның лексикасында төрт түлік мал, халық тіршілігіне орай әдет-ғұрып, салт-санаға байланысты, арғы-бергі заманда жиі, сирек қолданылатын сөздер молынан кездеседі. Халық тілінде бар, бірақ көркем әдебиет тіліне кірмеген аң, жәндік, шөптің бірнеше түрлері де ақын шығармаларында («Жетісу көрінісі») молынан табылады.
Қоғамның дамуына орай халықтың өмірі, тіршілігіндегі жаңалықтар, мәдениет, техника, ғылымның өсуіне, халықтардың өз ара достық қарым-қатынастарының күшеюіне байланысты әр халықтың ұлттық тілінің қоры да дамып отырады. Соған орай көптеген сөздер бұрынғы мағынасын жойып, жаңа мағынаға ие болады. Осы процесті қазақ тілінде де көру қиын емес. Мысалы: «Майдан» деген сөзді I.Жансүгіров екі мағынада қолданады. Біріншісі, оның көне мағынасы. «Майданға бір тізелеп шекті қара». Мұнда майдан – күресетін балуандардың сайыс алаңы мағынасында. Қазақтың бұрынғы эпостарында, әсіресе «Алпамыс» жырында батырлардың ұрыс салатын алаңы «майдан» деп аталады. Екінші мағынасы күрес, тартыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет