Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет103/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Менің өмірім бір суық сұр,
Күзгі күндей тұр бұзық,
деп бірде жауын, бірде лайсаң, беймаза күздің күніне теңесе, Ілияс «Құлагер» поэмасында өз ортасынан еш опа көре алмай, таяқ жеген Ақанның жадау көңілін күзге теңейді. «Заман» деген өлеңінде ақын:


Жарасам жұртым, кірпішпін,
Сен үйіңе қалаған.
Керегеңе келіссем,
Сағанағың бола алам,
дейді. Осы шумақтың алғашқы екі жолы Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан» деген өлеңінің сәл өзгерген түрі. Сондай-ақ Абайдың «Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға» дегенін Ілияс:


Бөпешім бесік отауың,
Отауыңа кір бөбек,
деп Абай өлеңінің мағынасын қалдырып, түрін өзгертіп, баланың бесігін отауға балайды.
Абай поэзиясынан алынған образды сөз тіркестерін Ілияс тек қайталауды мақсат етпей, сөз тіркестерін өзінше жасауға бой ұра бастайды.
Абай өлеңдерінде соныдан табылған бейнелі ой өрнектері өте мол. Мысалы: «Көңілдің жайлауынан ел көшкенбе» деген метонимияны (ауыстыру) Абай ел көшкенде қаңырап бос қалған жайлаудың мәні кетіп, сәні жоғалатын құбылысын адамның көңіл-күйімен байланыстыратын-ды. Абай үнемі осындай соны бейнелеуге баратындықтан да оның поэзиясының ойлылығына қоса көркем шеберлігінің қайталанбас құдіреті де осынысында жататын. Енді Ілияс та Абай секілді соны ой образын жасауға талаптанады. Бірер мысал келтірейік:


Көңілдің асқарынан тұманды айдап,
дейді ақын. «Көңілдің жайлауынан ел көшкендей» деген ой қандай бейнелі болса, «Көңілдің асқарынан тұманды айдап» деген ой да сондай бейнелі. Ілияс бұл жерде Абайды тікелей қайталап отырған жоқ, Абай салған соқпақпен, Абай үлгісімен жаңаша өрнек жасап отыр. Демек көңілдің жайлауын Абай айтса, көңілдің асқарын Ілияс айтып отыр.
Абай поэзиясында тұңғыш рет көңілге, жүрекке байланысты түрлі эпитетті, метафоралы тіркестер, метонимия, синегдоха туа бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет