Протоколды жазамын,
Контролін қазамын.
Немесе:
Екі расписка, копия
Мен тексерсем... ия... ия.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Заявления – арыз
Тексеру бізге парыз, –
деп келеді.
I.Жансүгіров сөйлеу тілімізде, фольклорда жиі кездесетін, бірақ әдеби тілімізде көп қолданылмаған сөздерді барынша мол пайдаланып, оларды әдеби тілдің қорына қосуға ерекше еңбек еткен ақын. Қазірде тілімізде аз пайдаланатын, көнерген, бірақ мағынасын әлі жоймаған сөздер мен халықтық эпостарда ғана кездесетін жекелеген сөздерге де ақын өз лексикасынан орын беріп отырған. «Рүстем қырғыны» атты поэмасында «Бұл түнде қолды бастап, қалың лашкер» деген жол бар. «Лашкер» кәзірде тілімізде жоқ. Бірақ ақын ескі сөздерді қажетсіз кіргізе бермейді. «Рүстем қырғыны» поэмасының оқиғасы, тақырыбы да халықтың ескі өмірінен алынған, халық эпостарымен мағыналас шығарма. Сондықтан да ақын қалың қолды «лашкер» деп әдейі сол заманның рухын тек поэманың идеясы арқылы ғана емес, тілінің ерекшеліктері арқылы да байқатуға тырысқандығы көрінеді, ақынның бұл ниеті үнемі орындала бермейтіні де бар. Мысалы: «Бұл кезде елім азат, елім абат» деп «абат» сөзін аракідік алып отырады. Ілияс мұны мағыналық қажеттіктен емес, түр қуу салдарынан алған сияқты. Себебі, келтірілген «абат» сөзі өлеңнің басқа жолдарымен ұйқаспайды, тек өлеңнің ішкі ұйқасы үшін «елім азат», «елім абат» сөздерін ала салған.
Әдеби тіл халыққа ең түсінікті, таза ұлттық тіл болуы шарт. Ұлттық әдеби тілдің тазалығы халық тіліндегі диалектизм, архаизмге байланысты жатады.
Ілияс поэзиясында көне сөздер де аз кездеспейді.
Бақсы ойнап күңрентсе де қобыз үнін,
Қойқаптан қозғағанда қорқыт жынын, –
деген сияқтылар бүгінгі тілімізде өте сирек қолданылатын сөздер.
Сөз етіп отырған тақырыбы, халық өмірі өткен заман болғандықтан да кейде сол заманда қолданылған жекелеген көне сөздерді ақын саналы түрде қайта қолданған. Мұны жалпы мақұлдасақ та:
Достарыңызбен бөлісу: |