Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет89/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Жеті жүз бас жалмауыз,
деп халықты қанаған жемқорларды айтса, «Күйші» поэмасындағы тұтқын жігіттің көзіне қаһарымен халықты тітіреткен Қарашаш ханшаның бейнесі:

Жыланнан сырға салған жолбарыс қыз,


Сықылды жын патшасы, дажал түсті, –
болып елестеп кетеді.
Фольклордағы (ескі ертегідегі) кездесетін жеті бас жалмауыздар, жын патшалары, дажалдарды I.Жансүгіров жағымсыз кейіпкерлердің жауыздықтарын әсірелей бейнелеу үшін қолданады. Әйтсе де дәстүрлі теңеудің бұл үлгілері жазба әдебиет өкіліне онша тиімді бола бермейтінін ақын өзі де жақсы сезінеді, қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлерін бейнелеудің жоғарыдағыдай үлгісін жиі ала бермейді.
Ілияс поэзиясында, әсіресе «Күйші», «Құлагер» поэмаларында, гүл, бұлбұл, періште, жын т. б. бейнелеу құралы ретінде қолданылып отырады.


Перизат, періште мен жын жүргендей,
Жылысып тұтқындарға келді сол қыз.
Жұтқанда аспаһани шарабынан
Көрініп жұтқан тамақ тамағынан, –
деген сияқты жолдар ұшырасады. Бұлар қазақ әдебиетіне шығыс мәдениетінің тарауына байланысты халықтың ауыз әдебиетіне ертеден сіңісіп, орын тепкен.
Жазба әдебиетке шығыс әдебиетінің әсері алдымен осы ауыз әдебиеті үлгісі арқылы тарады. Әрине, шығыс әдебиетіндегі перизат, періште, жындар халық поэзиясының көріктеу тілінде онша кең орын ала қойған жоқ. Ол көбіне діни наным-сенімдерді уағыздайтын шығармаларда ғана жиі ұшырасып отырады.
Шығыс әдебиетіндегі бейнелеулердің кейбіреулері қазақ даласында да тұрақ тауып кеткендері болды. Мысалы:

Тамызда таңдай кеуіп талды күйші,


Бір бұлақ мөлдіреген сылдырады, –
деген образды жолда ақын ғашық жігіттің тамызда таңдайын кептіреді. Бұл шөлдеу шын іңкәр, шын ғашықтық шөлдеуі. Таңдай кеуіп, сусынға құмарту ғашықтық құмартудың мағынасында айтылып тұр. Шөлдеген адамның құмары – су, ғашық жігіттің құмары – сүйген қызы. Ендеше, сылдырап аққан мөлдір бұлақ бұл жерде көзі мөлдіреп, күлкісі сылдыраған ғашық жардың бейнесінде суреттеліп отыр. Осы шөл, шөлдеу, сусынын қандыру:
Лебізі сусыныңды қандырғандай –
деген жолда да қайталанады.
Араб-парсы әдебиетінде шөл мен шөлдегенде сусын қандырудың ерекше орын алатын себебі бар. Өйткені ол елдердің күні ыстық, жері шөл - сахара екені белгілі. Олай болса, жол жүрген жолаушы, түйе жетектеген керуеншіге шөлдегенде дүниедегі рахат бір ұрттам су болатыны даусыз. Қазақта «аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді» деген мақал бар. Сондай-ақ шөліркеп, ындыны кеуіп, таңдайы кепкенде ішкен судың қадірін айтпаса да түсінікті. Осы образ қазақ арасына қисса-дастандар, аңыз әңгімелер арқылы келді де, қазақ әдебиетінде де ұлттық қадір тауып, сіңісіп, төл образ болып кетті. Оның тез сіңіп, тез қабылданып кетуіне себеп - халық өмірі мен тіршілігінің кейбір ұқсастығы.
Халықтың поэтикалық тілінде ерекше орын алатын мақал мен мәтелдер болса, Ілияс мұны да мүмкіндігінше пайдалана білген ақын. Мақал мен мәтелдер де ең алдымен айтайын деген ойды терең жеткізу үшін алынады. Ал Ілияс кейде оны халық тілінде, айтылу құрылысын бұзбай: «Көйлегім көк, қарным тоқ» деп сол қалпында алып отырса, енді бірде өлеңнің ұйқасына ыңғайлап, мақалдың мазмұнын сақтайды да, түрін өзгертіп алады. Мысалы, қазақта «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген мақал бар. Сонымен қатар «қырық пышақ» деген сөздің ұғымы да бар. Жалпы алғанда, «қырық» деген сөз қазақта «үш», «жеті», «тоғыз» сияқты ең көп қолданылатын санның бірі. Көп деген мағынада «қырық ру ел», «отыз күн ойын, қырық күн той» болса, ғайып-ерен қырық шілтен, баланы қырқынан шығару, өлген кісінің қырқын беру т. б. сол сияқты ғұрып, салттар да бар. Бұл өз алдына мәселе.
Ал «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген сөзбен «қырық пышақ» деген сөздің мағынасында жақындық бар. Алғашқысында аз бен көп арасындағы келіспестік, бітіспестік болса, соңғысында сол бітіспестіктің енді өшпенділікке, жауыздыққа ауысқанын бейнелейді. Міне, осы мағынасы жағынан жақын келетін (бірақ өзгешелігі бар) мақал мен идиомдық сөзді қатар алып («қыңыр жан қырық кісімен қырық пышақ боп»), Ілияс айтайын деген ойын үдете, күшейте беріп отыр. Мұндай жағдайда, мақалдар ел арасына тараған түрдегі сөйлем құрылысын сақтамай, өлеңнің ұйқасына, ішкі ырғақ екпініне орай не орын ауысып, не өзгеріп кетіп отырады. Мысалы, «Көшерімді жел біледі, қонарымды сай біледі» деген халық мақалын ақын:

Ежелгі ескі далада


Ебелектей көшкен кім?
Қонысы - сай, көші - жел
Көгермей қурап өшкен кім? –
деп алса, «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы» деген мақалды ақын үстем тап иелерінің жағымпаз, жарамсақ мінезін әшкерелеу ретінде:

Ұлықта тілмаш, ояз тамырласып,


Айналды тары терген тауығына, –
деп пайдаланған.
Дәстүрлі идиомдық сөздердің кейбіреулерін Ілияс эпитет қосып күшейтіп, әсірелеп отырады.
Жаңа дәуірде қоғамдық принциптің жаңаруына орай «еңбек етпеген ішіп жемейді» деген ұран тарады. Осы негізде Ілияс жаңа мақал да жасайды.

Колхоз болған ауылда


Істемеген тістер ме?
Халықтың өзі қолданып келген, күнделікті өмірінде жиі кездесетін образды сөз тіркестерінің ақын поэзиясында кейде дәл сол мағынасында, кейде ептеп өзгерген, жаңғырған мағынасында кездесуін әрине ақынның кемшілігі дей алмаймыз. Өйткені халықтың өзі жасаған образды сөз тіркестері өз мағыналарын да, эстетикалық қуатын да әлі жойған жоқ. Бірақ, белгілі бір ойды жеткізуде барды ғана пайдаланып, дайын образды бейнелеулер арқылы беру ақын үшін қанағат етерлік, місе тұтарлық жәй бола алмайды.
Екінші бір ескерерлік жәй, халық творчествосының барлығын бірдей, сын елегінен өткізбей қабылдай беруге болмайтыны белгілі. В.И. Ленин М.Горькийге жазған бір хатында бұқара халықтың бұрынғы идеологиясы мен мәдениетінде реакцияшыл элементтердің барын, оған қарсы күресу керектігін айтқан болатын. «Құдай екең мен құдайшылдық туралы» халық «ұғымы дегеніміз «халықтың» топастығы, меңіреулігі, қараңғылығы, патша туралы жезтырнақ туралы, әйелдерді шашынан ұстап сүйреу туралы «халық түсінігі» қандай болса бұл да нақ сондай»14.
Бұқара халықтың ұғымындағы осы реакцияшыл элементтер оның ауыз әдебиетінде де көрініп қалып отыратын жайлары аз болмайды. Бұл өз алдына мәселе. Екіншіден, жоғарыда айтылғандай, фольклорда типтік бейнелердің тамаша үлгілері, образ нақыштары, поэтикалық тіл, өлең түрлерінің тамаша үлгілерімен қатар, иі қанбаған, илеуі жетпеген, дүмбілез түрлері, ауырдың асты, жеңілдің үстімен үстірт кететін, тереңге бармай, бетіне қалқып шыға беретін жайлар да аз кездеспейді. Олай болса, фольклордың тек озық үлгісінен ғана үйреніп, өнеге алып, тозық дүниелерінен қашпай, аты фольклор дегенге талғамай ден қойып кетушілік ақынды ілгері ұмтылдырмайды. Фольклор ауызша шығарылып, ауыздан-ауызға көшіп жүретіндіктен не шығарушысы, не айтушының дарынсыздығынан айтайын деген ойы түсініксіз, ұйқасы мардымсыз, эпитет, теңеулері дөкір натурализмге апарып соғатын жайлары да кездесіп отырады.
I.Жансүгіров шығармаларында аракідік талғамай пайдалану байқалып қалады. Ақынның кейбір терме, толғауларында ой қайталаулары былай тұрсын, сөз қайталаулары, көпсөзділік кездеседі. Мысалы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет