Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет87/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Шығынсыз шыбыш лақтап,
Төлдеген тоқты бір заман,
деп береді. «Құлагер» поэмасындағы екі балуанның күреске шыққан жерін де ақын:


Аттатып атандайын алшаңдатып,
Желкілдеп қара сақал шудадайын
Бұлқынды алып қара бурадайын,
десе, адамның көптігін – «қаптасты құмырысқадай қырға қазақ», кәрілікті – «қуарған аппақ қудай сақал-шашы» деп теңеуі, немесе «Күй» поэмасындағы атақты күйші Молықбай шалды:


Қазақта қобызшының қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, –
деп келетін метафоралардың қай-қайсысы болса да халықтың ауыз әдебиетінде, сөйлеу тілдерінде өте жиі қолданылатын дәстүрлі образды сөздер. Сол сияқты «Ел қысылды қояндай», «Арс-арс етіп біреу тұр», «Қаңтардағы бурадай» дегендегі қоян – жалпы қорқақтықтың айғағындай, қаңтардағы жарап тұрған бура – қаһарлылықтың нышанындай бейнелеу де төрт түлік малға байланысты дәстүрлі тілдің қолданысы еді.


Алтайда мен ақиық ұшқан қонбай,
Қарамды көре алмайтын сендей торғай,
деу арқылы теңсіздіктің белгісін байқататын метафоралық салыстыруда, немесе шешендік сөздерде жиі кездесетін:


Сен темір де мен көмір
Еріткелі келгенмін,
деген сияқты шендестіру үлгісін Ілияс үнемі алып отырған.


Мен мұз болсам, сен жалын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет