Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр



бет84/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр,
Дүниеден аулақтанған дабыр-дүбір.
Қара шал қайыңды отыр көлеңкелеп,
Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр92, –


деген шумақты кездестіреміз. Бұл ақынның оқушыға әдейі айтып отырған «жұмбағы». Поэманың ұзына бойында ақын оқушыға сол «жұмбақтың» шешімін айтады. Ақынды сондай трагедиялық күйге түсірген көп жайлардың басты бір оқиғасын сөз етеді. Олай болса, тау бауырында, жалғыз қайыңды көлеңкелеп отырған шал да, оның үстіндегі қайың бұтағына ілулі тұрған «Құлагер» аттың қуарған басы да белгілі дәрежеде поэтикалық шығарманың композициялық құрылысының өзінше келуіне қызмет етіп тұрған сияқты. Поэма финалын дәл осылай аяқтауға да болады. Бірақ бұл бірден-бір дұрыс шешім емес. Мұнда реалдық ақынды бұлдыр шартты геройға айналдыру қаупі де жоқ емес. Дауылға қарсы ұшатын қыран ақынның мұншалық құлдырап кетпегені тарихтан да мәлім. I.Жансүгіров бұл шындықтарға жетпей кетті. Сондықтан оған дау айтпасақ та болады.
Әрбір көркем шығармадағы оқиғаның басталуы, оның кульминациялық шиеленісуі, түйіннің шешілуі бар. Бұл әр ақынның өз шеберлігіне байланысты жай.
Жалпы алғанда I.Жансүгіров сюжетті бірден оқиғаның шиеленісетін түйінінен бастайды. Бітпей қалған поэмаларын былай қойғанда, «Күйші» поэмасында да оқиға негізгі кейіпкер күйші жігіттің хан Кененің ордасына келіп, тұтқын болуынан басталатын. Ақын бұл әдісін «Құлагер» поэмасында өзгертеді. «Құлагерде» нақты сюжеттік желі Сағынайдың асына жер-жерден қара құрым халықтың жиналуы, көптің бірі болып Көкшетаудан Ақанның Құлагермен келуінен басталады. Ақынның өзі де оны «Ас» деген тарауында:

Басталды әңгіменің былай басы


Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы.
Арқада Ерейменді мекен еткен
Керейде Сағынайдың болыпты асы93
дейді.
Осы бастамаға дейін ақын өз толғанысын, өзіне-өзі шабыт берген кіріспе-толғауын, одан кейін негізгі герой – Ақанның туған жерін, Көкшетаудың сұлу көркін сөз етеді. Одан соң Ақанның Ақмарқа деген сүйген қызды ала алмағаны, өз ортасынан қуғын көргені, ақырында Құлагерге қолы жетіп, бар қызығы сол аты екендігі айтылады. Мұның поэма оқиғасына, Құлагер өліміне тікелей қатысы болмаса да Ақан тағдырына қатысы бар. Осы кіріспе бөлімдер Ақанның өткен күнінен елес беретін ақын толғаныстары. Өткен күннің көп өкініші, жүрекке жазылмастай жара салған әділетсіздіктері, Ақанның трагедиясы ең соңғы Құлагер оқиғасының әсерін күшейте түсу үшін керек еді. Алайда, Ілияс ол өткен жайды сырлы сезімге толтыра, сұлу сурет, әдемі тілмен жырласа да нақтылы сюжетке құрмағандықтан да поэма оқиғасына тікелей араласпай, кіріспе дәрежесінен жоғары көтеріле алмаған. Сондықтан да ақын өткен күннің ауыртпалығын нақтылы бейнелеу арқылы емес:

Ол күнде қазақ мұндай жасармаған,


Құл мен күң қожасынан аса алмаған.
Жарлыға, жалғызға да дес берді ме,
Жыландай ысқырынып заһар заман94, –
деп көркем шығармадан оқушының өзі түйетін байламды күні бұрын ақын жалпылау түрде айтып беруге мәжбүр болған.
Кіріспе тарауда Көкшетаудың бауырында аттың қу басын ағаш бұтағына іліп қойып, қайың түбінде жападан-жалғыз отырған жұмбақ адамды көрсетеді дедік. Бұл кім? Неге жалғыз жүр? Оны мұндай күйге түсірген әлеуметтік орта қандай? Қуарған аттың басы қайдан келген? Міне осының бәрі «Ас» тарауынан бастап бірте-бірте шешіле бастайды. Бұл композициялық тәсілді Ілияс жақсы алған. Ал, туған жер, Ақанның өткен өмірі туралы әңгімелердің барлығы да поэманың ішінде лирикалық шегіністер арқылы келсе, шығарманың сюжеттік-композициялық арқауы бұдан да ширыға түсер еді. Өйткені ақын поэманың композициялық құрылысын берік сақтай отырып, лирикалық шегіністерді өз орнымен шебер беруге ұста. Оны Батыраштың Көктұйғын атының бұрын талай бәйге алуын айтқан жерінен де, Құлагерге мініп бәйгеге шапқан баланы Ақанның өз елінен алып келген жайынан да т.б. көреміз. Ақмарқа оқиғасы да, туған жер көркі де осындай шегіністермен поэманың өн бойынан орын табуға мүмкіндіктер бар еді. Бірақ, ақын оны олай пайдалана алмаған. Тек осы кіріспе тарау поэманың жалпы бітіміне қабыспай тұрғаны болмаса, «Кұлагерде», негізінен алғанда, сюжеттік-композициялық құрылысы жағынан эпикалық шығармаға тән шарттар толық көрінеді. Мұны біз «Күйші» поэмасы туралы да айтамыз.
Сонымен бірге бұл екі поэмада романға тән элементтер де жүреді.
Өлеңмен жазылған романда поэмаға қарағанда шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысы әлде қайда күрделі, оқиғалар кейде қатарласа өрбіп, белгілі бір түйінді шешуге қызмет етеді. «Күйші» поэмасындағы күйшінің Кене ханды іздеп келіп тұтқын болуы, Қарашаш екеуінің арасындағы махаббат, одан Сапақ оқиғасы, Қарашаштың қылыш үйіріп оларға күш көрсетуі т. б. жайлардың осылай сатыланып, күрделі түрде келуі, яғни сюжет қоюлығы поэма кемерінен асып, романға лайықты өріс алады. Сол сияқты «Құлагер» поэмасында да негізгі түйінді оқиғаға байланысты ел өмірі, халықтың әдет-ғұрып, салт-саналық жайлары кең түрде мол көрінеді.
Сонымен бірге әрбір оқиғаны, нақтылы штрихты беруде де роман жанрының өзіндік өзгешеліктері болатыны даусыз. «Құлагердегі» астың жәйін сөз ететін жері немесе Құлагерді жұрт мазақ-күлкі ететін шағы мен оған берілетін сыны да романға тән стильмен тәптіштей суреттеледі.
Осы екі поэма бойындағы әлгіндей жайларды жақсы аңғарған М.Әуезов «Октябрь өркені» атты мақаласында: «Күйші» мен «Құлагер» әрі поэма, әрі өлеңмен жазылған роман»95, - деп бағалауы әрине негізсіз емес еді.
I.Жансүгіров қазақ совет поэмасына оқиғалы, қою сюжетті енгізу жағынан да жаңалық әкелді.
Эпикалық шығармалардың сюжеттік, композициялық, портреттік, психологиялық ерекшеліктерімен бірге, онда кейіпкерлердің диалог, монологтары да жиі ұшырасып отырады. Диалог, монологтар арқылы кейіпкерлердің характерлері ашылады. Осы диалог, монологтардың берілу түрі ауыз әдебиетінде көбіне:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет