Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет83/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Шүйке шал, аузы ұрадай опырайған.
Су мұрын, қу мұрт, ұрты шұқырайған.
Боз бура бір күндегі тасқа шөгіп,
Шал отыр, қу қайыңдай мықырайған.


Келсаптай тұзды түйген бас ағарған,
Түздегі қу бастайын жақ қуарған.
Бетіне ел көшкендей сүрлеу түсіп,
Шөлдегі шыңыраудай көз суалған91.


Қартайған, шал болған Ақанның портретін жасаудағы осы теңеулер үлкен ақындық таланттың айғағы. Осы екі шумақ өлеңнің әр жолын жеке-жеке алып оқиықшы, әр қайсысы адам портретін жасауда үнемі соны теңеу арқылы беріледі. Осы шумақтарды оқығанда көз алдымызға әртүрлі суреттер айқын елестеп отырады. Опырайылған ауыз, суалған шүңірек көз, ағарған бас, қуарған жақ, әжіммен айғыздалған бет, міне осы сияқты адамның мүсіндері қазақ халқының өміріндегі, тіршілігіндегі бар, таныс жайлармен беріледі. Ілиястың суреткерлігі қиыннан қиысып, жарасымын, келісімін тауып жатқан теңеулер арқылы беріледі. Осы арада айта кететін бір жәй Ақан серінің өмірден түңіліп, Көкшетаудың бауырын мекен еткен жалғыздыққа ұшырауы.
Ақан өмірде болған тарихи адам. Өз ортасына сыя алмай, ел ішінің ерік бермейтін жаман ғадетінен жиіркенген сері.
Өмірдің не бір тар жолы, тайғақ кешуіне ұшырап, ақырында елден де, жерден де безінгені рас-ты. Өнер иелерінің аяғына шырмау салған кер заманның қиянатына төзбеген протестант Ақанның өмірі осылай аяқталған. Өзінің сүйген ұлын халық қастерлеп, оның осы ісінің өзінен поэтикалық аңыз тудырып таратса, Ақанды жек көрген үстем тап өкілдері «пері» болып жынданып кетті деп лақап та таратады. I.Жансүгіров бұл жайды жақсы білген де, оны шығармасына көркемдік шешім ретінде пайдаланған. Поэманың бас кезінде:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет