Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Жас жалбыз, мен де жалғыз, сен де



бет79/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Жас жалбыз, мен де жалғыз, сен де
жалғыз,
Жастықта жақсы өмірге ынтызармыз.
Сенде жаз, менде жастық ол улы өмір,
Атантқан сені қурай, мені кәрі қыз.


...Аламын қандай ләззәт анау таудан?
О да мұз, мұздың көзі бажырайған.
Ерік жоқ онда-дағы мен сықылды,
Өзге үшін өзін тағдыр байлап қойған.


Жел анау таудан тауға тентіреген
Бұлт анау желмен бірге жетеленген.
Өмірге уанбаған зарлы бұлақ
Еңіреп ерте-кеште ентелеген85.


I.Жансүгіров сол 30-жылдардың өзінде кішкентай лирикалық үзінді арқылы бір ойды айту үшін бүкіл табиғатты тебірентіп, тау мен тас, өзен мен бұлақ, ай мен күн, жел мен дауыл, жер мен тоғай, шалғын мен тақыр т. б. баршасын куә етеді. Қыздың осы бір көңіл-күйініші, жүрек толғанысы поэзияның негізгі түйінін шешіп тастағандай. Ендігі болатын тартыс та, іс-әрекет те айқындала түскендей. Осы бір үзіндінің өзі үлкен эпикалық полотноның лирикалық сынығы сияқты.
I.Жансүгіров поэмаларында табиғат бейнесі үнемі ұшырап отырады, ақын оған да міндет жүктейді. Табиғат қаншама сұрықсыз болсын, сұлу болсын ол өздігінен ешбір әсерсіз. Оның көрсе көз тоймайтын сұлулығы, аңқыған жұпар иісі, сылдыр қаққан бұлағы, табиғаттың қат-қабат сырлары ең алдымен адам жанына, поэма кейіпкерінің жан тебіренісі, көңіл-күйіне байланысып отырады. Сондай табиғат Мақпалға қандай күйде көрінді десеңіз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет