Тау мен тас жоқтағандай Керқұла атты,
Бар бұлақ көлге суын бауырымдатты.
Кірсіз жер, кінәсіз жел ұшырап,
Құланың қазасына көңіл айтты87.
Өмірінің тірегі болған Құлагерден айырылып, қанаты қырқылған Ақанның дәл қазіргі күйі сәулесіз, сұрғылт тартып, күңренген күйдің күйіндей. Осыған орай ақын табиғатты да сол Ақан күйіне түсіре суреттейді:
Жаз өтіп, жапырақ солып, күз де бопты,
Қуарып жасыл жерді қазан соқты.
Күйкиіп, Көкшетаулар күпі киіп,
Жайлауда тышқан аңдып түлкі жортты88.
Ілияс суреттеп отырған табиғаттың осы көрінісі де Ақан көңіліндей сұрықсыз, қызықсыз. Көңіл-күйін суреттеу үшін ақын табиғатты еркін билеп, өз ырқына бағындырып алады.
Күйкиген Көкшетау пальто кимейді, күпі киеді. Мұнымен Ілияс Ақан өмір сүрген кезеңнің киімін кигізіп, сурет теңеулерді мүмкіндігінше сол уақыттың түсінігі, ұғым тұрғысынан беруге тырысады. Және де күпі көңілсіз жайдың куәсі ретінде алынады да, ақын, бір жағынан, оны ұнатпай тұрған нышанын да аңғартады.
Ал табиғаттың көңілді, сұлу көрінісін суреттегенде ақын оған да бояулар тауып, ерекше ілтипат білдіреді:
Сұрша тал сұлу қолдың саласындай,
Қып-қызыл қайың қыздың баласындай
Достарыңызбен бөлісу: |