Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет88/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Тым-ақ жаман ұсқының
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Сен сауысқан, мен арық,
Қызылыма тойынар,
деген дәстүрлі шендестіру үлгісімен ел іші, ағайын арасындағы ала ауыздық, дүрараздықты сынайды.
Халық эпосында найзаласып тұрған екі батырдың бір-бірін ала алмай, тірескен кезін суреттегенде:


Қақырығы қан татып,
Түкірігі жын татып, –
деп келетін бейнелеуді де Ілияс конфискеленіп, айдалып бара жатқан жағымсыз кейіпкерінің көңіл-күйін бейнелеуде «қақырығы қан татыған» деп сол күйінде алып отырса, буржуазияның тойымсыз көңілін, қаншама байыса да қанағат тұтпайтындығын «Қарынбайдың қалтасы» деп бейнелейді. Қазақ әдебиетінде Қарынбай – сараңдықтың, тоймас қомағайлықтың символы. Буржуазия өкілдері тойымсыз еді, қанаушы еді деген жүз сөзден «Қарынбайдай» деген бір сөз қазақ оқушысына әлде қайда күшті, әсерлі.
Халық эпостарында, ауыз әдебиетінде сұлу қыздың ажары атқан таңға, жазғы түскен сағымға, қыздың жалпы мүсіні талға, шыбыққа теңеледі. Осы белгілі теңеуді I.Жансүгіров «Исатай» атты поэмасында былай қолданады:


Қыз тұлғасын қарасаң
Жайықтың боз талындай.
Бет ажарын қарасаң,
Жазғы түскен сағымдай.
Қыз ажарын қарасаң
Еділ жайық таңындай.
Екі көзін қарасаң,
Нұр шырақтың шамындай.

«Қыз тұлғасын қарасаң», «Қыз ажарын қарасаң» деп келетін қайталаулар да ауыз әдебиетінің үлгісі. Сол дайын теңеулерді ала отырып ақын осыған бір ғана жаңалық қосқан. Әдетте ауыз әдебиетіндегі, эпостағы теңеулерде жалпылаушылық басым келеді. Қыздың белі тал шыбықтай бұралып тұрады. Мұндағы тал шыбық жалпылама көрінеді. Ал I.Жансүгіров қыздың тұлғасын бейнелегенде әйтеуір бір талды алмайды, «Жайықтың боз талындай» деп жердің, мекеннің атын атайды. Қыз ажары әйтеуір бір атқан таңдай емес, «Еділ-Жайық таңындай». Поэмадағы оқиға Жайық бойында болып, кейіпкерлердің өздері де сол Еділ-Жайықты мекендеген адамдар болғандықтан, ақын ауыз әдебиетіндегі белгілі жалпылама теңеулерді, нақтылыққа ауыстырады. Сөйтсе де бұл халықтың өзі жасаған, бұрыннан бар, дәстүрлі теңеулер.


Сол сияқты «Тамыздың тас балқытқан ыстық күні», «Жастыққа тимей-ақ жүр жар құлағы» немесе «Қызықсыз қысыр сөзге кім айналсын» дегендердің барлығы да халықтың дәстүрлі образды сөз тіркестері.
Сонымен бірге I.Жансүгіров халықтың қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейбір бейнелеулерді де алып:

Өңшең жауыз, қанды ауыз,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет