Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет96/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Қараөткел келіп жатыр, Қарқаралы,
Кереку, Баян, Семей, Торғай бәрі.
Жетісу осында кеп құйып жатыр,
Арқаға аунап шөкті Қаратауы.
...Арқаға аударылды ас дегенге,
Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері.

Осындағы Қарқаралы, Баян, Семей, Торғай, Қараөткел атаулары тура өз мағынасында беріліп тұрған жоқ, тайлы-таяғына дейін қалмай келген сол жердің, елдің адамдарын көрсетіп отыр. Ақын мұнда да тау мен өзендерді бейнелей суреттейді. Ас берілген ауылға Жетісудың құюы, Қаратаудың аунап шөгуі соның айғағы.


Жансыз нәрсеге жанды заттың, не адамның іс-әрекет, қасиеттерін беру, керісінше, жанды нәрсеге табиғаттың сипатын беру сияқты кейіптеу (олицетворение) Ілияс творчествосында жиі кездесетін троптың түрі. «Құлагер» поэмасындағы Құлагердің жау қолынан қаза болғандағы Ақанға көңіл айтқан, жауға қарғыс білдірген халық үнін I.Жансүгіров бірде тура мағынасында:


Күйінді бұл қорлыққа Керей жағы,
Кіжінді Керейдің де кедей жағы...
Ұрыға азу басып іздеді жұрт:
«Қолға бер, Құлагердей қызылдаймыз», –
деп білдірсе, сол күйініш, сол ызаны ақын кейіптеу арқылы:


Аспанда күн күйігіп, күйді қатты,
Өкіріп жел мен жер де жылап жатты.
Ереймен бұлақтары желге жылап,
Серіге көл күрсініп көңіл айтты, –
деп береді. Жұрттың ашуын суреттеген шумақтардың алдында ақын тау мен тас, өзен мен көл, жер мен желді күңірентеді. Мұнысы – халық ызасын кемерден асыру үшін оларға әсер етерлік амалы.
Міне, халықтың бейнелеу тілінің негізінде жаңа сөз образдарын Ілияс осылайша жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет