Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет64/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Шұрқ-шұрқ еткен шойын шоқ,
Қазанда қайнап бітеді.
Бөренедей темір от,
Тербеліп тесікті өтеді.
Сол бөрене ұзарып,
Жіптей ұзап кетеді.
Машина шеге шығарып,
Зырқылдап зырқ-зырқ етедіI,
дегендер соның айғағы.
Әйтсе де I.Жансүгіров көптеген қаламдас, қатарлас ақындарына қарағанда осы экскурсоводтың өзін жалаң жүргізбей, заводтың ұршықтарын билетіп, машинасына күй тартқызып, жалынын арыстандай толғантып, шешен тілмен, орынды теңеулермен беруге тырысады. Оның үстіне ақынның айтар соны бір ойы да болады. Әлгі өлеңнің соңында:


Бәріне де жан-жақтың
Осындай оттар толады.
Тегістік деген ұлы үйге
Осылар шеге соғады.
Күндердің сондай күнінде,
Біздің ел сондай боладыII,
деп түйеді ақын.
Жалпы алғанда сезімге бай, ойлы лирика жазып отырған ақын сюжеттік лирикаға көшкенде құрғақ баяндауға еліктеймін деп лирикасының эмоциялық күшін кемітіп, қуатын азайтып алады да, лириканың атамзаманнан бергі тән қасиеті – сезім ойдан да алыстауға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда ондай шығарма лирика болып өмір сүре алмайды. Олай болса, сюжетті лирика жазудың көптеген қиындығы бар.
Өлеңді шағын сюжетке құрып, оны не лирикалық герой, не объективтік геройдың сезімі мен ойынан бөліп алмай, бір-бірімен қабыстыра, бірін-бірі күшейтетін жағдайда болуы шарт. Бұл шартты I.Жансүгіров біраз өлеңдерінде жап-жақсы орындап отырса, енді бір өлеңдерінде ырқына көндіре алмай қалатыны сезіледі.
Сонымен I.Жансүгіровтің біраз лирикаларындағы ала-құлалықтың бір себебі, сюжетті лириканың «сырын» жете меңгере алмаушылығында демекпіз. Лирикадағы ала-құлалық өлеңнің композициялық құрылысының босаңдығына, лирикалық сезім мен эпостық серпіннің өзара жымдасып, қабысып келмеуіне не орта қолды өлеңнің ішінде бірді-екілі тәуір шумақпен қатар, бірлі-жарымды нашар шумақтардың жүруіне т.б. байланысты. Бірер мысал келтіріп көрейік. «Желді күн» өлеңінде ақын желді революцияның, жаңа дәуірдің лебі бейнесінде береді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет