Тұтастық ұстанымы сөйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қатар қамтиды. Олар: оқу, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру. Бұл ұстанымның ерекшелігі: бір сабақтың үстінде осы жұмыстардың барлығын жүйелі түрде қолдана отырып, оларыдың арасынан ең басты біреуін таңдап алу және қалған жұмыстың түрлерін осыған бағындыра білу.
Тұтастық ұстанымның негізі – бірнеше жұмыстың түрлерін қатар жүргізе келіп, сабақтың алдына қойған мақсатына орай ең бастысын дұрысын таңдап алу арқылы қалған жұмыстың түрлерін соған қатсты жүйелі түрде жүргізе білу. Тұтастық ұстаным барлық басқа қағидалардың басын бір арнаға біріктіреді және олардың іске асуына мұрындық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |