Модуль1 Дәріс -1 Білім берудің мемлекеттік құжаттары


Дәріс 7. Педагогикалық технологиялар түрлері



бет10/16
Дата07.02.2022
өлшемі229,29 Kb.
#82682
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
дәрістехн

Дәріс 7. Педагогикалық технологиялар түрлері
Латеральды ойлаудың ең жақсы көрінісі –алты қалпақ тәсілі.
1969 жылы ағылшын психологы Эдвард де Боно «Ақыл әрекетінің қағидасы» еңбегіндегі латеральды ойлау –стандартты емес ойлау мен кез-келген үрдісті жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін дәстүрлі емес жолдармен табу әдістемесін ұсынған. Бұл тәсіл аз уақытта мәселені алты қырынан талдауға мүмкіндік береді және алты адам емес бір адам түрлі қалпақты кезек –кезек ауыстырып киіп ойын айталады.
Ақ қалпақ (ақпарат, дерек, сұрақ) киген адам – нақты деректер негізінде өз ойын айтуы керек.
Қандай ақпараттар бар? Қандай ақпараттар керек? Неге осындай ақпараттар керек? Тағы қандай ақпараттар жетіспейді? Бар ақпараттарға байланысты эмоциясыз, көңілге қарамай, қандай қорытындылар жасауға болады?
Қызыл қалпақ (сезім, эмоция, интуиция) киген адам-негіздемей-ақ, түсініктеме бермей-ақ, талқыланатын мәселе бойынша өз ойын айту, өз сезіміне ерік беру. Мысалы, «Олай болуы мүмкін емес», «Бұл жақсылыққа апармайды», «Қандай тамаша!», «Маған бұл мүлдем ұнамайды», т.б.
Қара қалпақ (сынау, жағымсыз жағы, қауіптену, байқау) киген адам-талқылайтын мәселенің болашағында туындауы мүмкін қиындықтар, кемшіліктер тіпті келеңсіздіктер жайлы айтады.Ол ұсынылған әрбір тұжырымға, статистикалық мәліметтерге күмәнмен, қауіппен тіпті үмітсіздікпен қарайды. Барлық жерден кемшіліктер іздейді,алайда, бұл тұжырымдар негізделу керек.
Сары қалпақ (қолдау жағымды жағы, үміттену, жақсы нәтижеге күту, оптимизм)-қара қалпақ киген адамның пікіріне қарсы жағдайдағы тұжырымдар айтады. Сары қалпақ киген адам талқылайтын мәселенің болашағына үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайды.
Жасыл қалпақ (тапқырлық, соны шешім, креативтік, жаңа идея, ұсыныс) киген адам-талқыланатын немесе талқылайтын мәселе дамуының баламалы немесе тиімді жолдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет