Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі



бет4/21
Дата08.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#118865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ктж 1.2.3.4.5.6

а) музыкалық сауаттылық. Ұғымдар: ән, би, күй, марш, тыңдаушы, орындаушы, әнші, ақын, күйші, музыкант, композитор, оркестр, дирижер, халық музыкасы, композиторлық музыкасы, нота, нота сызызықтары, скрипка кілті, такт, такт сызығы, төрттік, сегіздік, әуен, жоғары, төмен, бір биіктіктегі әуен, ырғақ, екпін, регистр, динамика, аккомпанемент, әннің құрылымы: шұмақ, шұмақ-қайырма;
ә) музыканы тыңдау ережесі. Дирижерлық негізгі қимылдар: зейін, тыныс алу, әндетудің аяқталуы. Аспаптардың атаулары: фортепиано, скрипка, домбыра, асатаяқ, қоңырау, тұяқтас, дауылпаз, балаларға арналған шулы аспаптар: ксилофон, металлофон, барабан, үшбұрыш, маракастар, бубен;
б) музыканы тыңдау және талқылау. Қоршаған ортадағы дыбыстарды тыңдау және тану (шулы және музыкалық). Музыканың сипатын талқылау: көңілді, мұңды, қуанышты, қайғылы. Музыкалық көркем құралдарды анықтау: регистр, екпін, динамика, әуеннің бағыты;
в)  аспаптарда ойнау және ән айту. Ән айту ережелері, ән салу тәсілдері: дұрыс тыныс алу, дикция, таза орындау. Әнді ән айту ережелеріне сәйкес орындау. Балаларға арналаған, тақырыптық, қазақ халық және әдет-ғұрып әндерін орындау. Әнді дирижерлық қимылдардың көмегімен, бір дауыста орындау. Ре, ля ноталары аралығындагы дыбыс көлеміне қарай карапайым әуендерді таза орындау. Қазақ ұлттық және балаларға арналған шулы музыкалық аспаптарда ойнау;
2) "Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру":
музыкалық шығарманың сипатын түрлі музыкалық-шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету: ән, би, сахналанған ән. Қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару: белгілі мәтінге, тыңдалған музыкаға ырғақтық суреттер;
3) "Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау":
меңгерілген білімдері мен дағдыларды музыкалық-шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету.



Ортақ тақырып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет