Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет20/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

13
Agriculture
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
Литература:
1. Мейрман, Г. Т., Шермагамбетов К., Ибрагимов Д. У. — Рекомендации по устойчивому развитию аграрного 
сектора Кызылординской области на 2015–2020 г. г., на основе принципов «зеленого сельского хозяйства», 
Астана, 2015. —62 с.
2. Доспехов, Б. А. Методика полевого опыта. — М.: Колос, 1979.
3. Нұрғалиев, О., Садықов С. Күріш ауыспалы егісі және топырақ өңдеу. — Алматы. — 88 г.
4. Сапарбаев, Ә. Ж., Жалдырова Ж. Т. Күріш шаруашылықтарының өңдіріс тиімділігін арттыру модельдері. — 
Қызылорда. — 2002.
5. Шермагамбетов, К., Тохетова Л. А., Кужамбердиева С. Ж., Абжалелов Б. Б. Применение минимальной обра-
ботки почвы в условиях рисовых систем Казахстанского Приаралья //Международный журнал эксперимен-
тального образования. — Москва. — 2015. — № 6. — с. 35–38.
Таблица
 
3.
 Результаты структурного (биометрического) анализа урожайности риса
Варианты опыта
Высота 
растений, 
см
Продук-
тивная 
кустистость, 
шт.
Длина 
метелки, см
Главная метелка
С растения
Масса 
1000 
зерен, 
г
глав
 ной
сред
 ней
количество зрелых 
зерен, шт.
количество пустых 
зерен, шт.
масса зерна, г
количество зрелых 
зерен, шт.
количество пустых 
зерен, шт.
масса зерна, г
Отвальная вспашка 
плугом ПН-5–35 на 
глубину 25 см + пла-
нировка + обра-
ботка почвы культи-
ватором КПН-4,0 на 
гл. 15 см + бороно-
вание в 2 следа
95
2,0
17,6
16,3
81,1
14,7
2,52
78,5
13,5
2,40
31,0
Обработка почвы 
культиватором КПН-
4,0 на гл. 15 + боро-
нование в 2 следа
101
2,4
18,8
17,2
90,4
16,6
2,92
112,8
15,8
3,60
32,4
Таблица
 
4.
 Экономическая эффективность возделывания риса по минимальной технологии
Варианты опыта
Общие 
затраты, 
тыс.
тенге/га
Экономия 
затрат, 
тыс.
тенге/га
Урожай-
ность 
риса,
ц/га
Прибавка 
к кон-
тролю, ц/
га
Стоимость 
дополни-
тельной 
продукции, 
тыс. тенге
Чистая 
прибыль, 
тыс.
тенге/га
Себесто-
имость, 
тенге/ц
Отвальная вспашка плугом 
ПН-5–35 на глубину 25 см + 
планировка + обработка почвы 
культиватором КПН-4,0 на гл. 15 см 
+ боронование в 2 следа
205,0
-
48,7
-
-
-
4270,8
Обработка почвы культиватором 
КПН-4,0 на гл. 15 + боронование 
в 2 следа
181,0
24,0
51,0
2,3
13,8
37,8
3449,0


14
Сельское хозяйство
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы 
және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық 
белгілері бойынша салыстырмалы талдауы
Тохетова Лаура Ануарқызы 
1
,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
Демесінова Айнұр Айтжанқызы 
2
, докторант
,
Бекова Майра Қарасайқызы 
2
, магистрант,
1
Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты 
1
2
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
2
Д
ақыл өнімін арттыру үшін егіншілік мәдениетін көте-
румен қатар, сапалы сорттар егудің маңызы да орасан 
зор. Ал экологиялық қолайсыз аймақ үшін жергілікті се-
лекция сортын өсіру бірден бір қолайлы шара екені бел-
гілі: әлемдік тәжірибе де бұл шараны қуаттайды. Селекция 
жұмыстарын жүргізу үшін негізгі фондарды таңдап алудың 
маңызы орасан зор. Егін шаруашылығын ғылыми-техни-
калық прогрестеудің басты бағыттарының бірі селекция 
болып табылады. Биологиялық өнімділігі жоғары сорттар 
шығару үшін алғашқы материалдарды әзірлеу әдістеме-
лерін жаңартып отыру керек [1].
Зерттеу материалдары мен әдістері.
 
Зерттеу мате-
риал ретінде арпаның 367 отандық және шетелдік үлгілер 
жиынтығы алынды. Осы 367 сортүлгінің 313 үлгісі немесе 
85% екі қатарлы (V.nutans, medicum) және аз мөлшерде 
54 үлгі немесе 15% алты қатарлы (V.pallidum, ricotenze) 
болды. Стандарт ретінде ерте пісетін, Арал өңірінде аудан-
дастырылған Асем сорты, әр 20 үлгіден соң егіліп отырды. 
Егіс көлемі — бір қатарлы, ұзындығы — 1 метр, 3 қайта-
лануы. Арпаның өсу дәуірі, өнім түзу негізі [3] анықталып
Б. Доспехов [4] тәсілімен алынған материалдар математи-
калық өңдеуден өткізілді. Тәжірибе 2014–2015 жылдары 
Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылы-
ми-зерттеу институтының ғылыми-тәжірибе учәскесінде 
жүргізілді. Алғы дақылы — күріш. Тәжірибе учаскесінің 
топырағы — шалғынды-батпақ, қара шірінді мөлшері — 
0,92%, тығыз қалдықтар — 0,88%, тұздануы — хло-
рид-сульфатты. Қызылорда облысының климаты шұғыл 
континентті, жазы ыстық, құрғақ жән қысы суық, бірақ 
қар жерде ұзақ тұрақтамайды. 2014 жылы қолайсыз ау-
а-райы (жоғарғы температура, құрғақшылық) орын алды, 
атап айтқанда ауаның орташа жылдық температурасы 
10,9 °C, ал жауын-шашын мөлшері 148 мм болып, небары 
46 мм жауын өсімдіктің вегетациялық мерзімінде жауды. 
Ал 2015 ауаның орташа жылдық температурасы 11,9 °C, 
ал жауын-шашын мөлшері 159 мм дейін төмендеді, бұл 
сәйкес келетін орташа көпжылдық мөлшерден аз, де-
генмен соның ішінде айтарлықтай жоғары қалыптағы 
89 мм жауын-шашын өсімдіктің вегетациялық мерзіміне 
сәйкес болды.
Зерттеу нәтижелері. Коллекциялық питомниктегі 
арпа дақылының 367 үлгісі ботаникалық алуан түрлілі-
гімен ерекшеленіп, екі қатарлы формасы «нутанс», 
«медикум», «инерме», ал көп қатарлысы «паллидум», 
«рикотензе» түршесімен ажыратылды. Арал өңірінің 
стресстік жағдайларында сорттардың бейімделуі онтоге-
нездің бастапқы кезеңдерінде шешуші рөлді атқарады, 
ол далалық өнгіштігі мен бастапқы өсу қарқындылығы. 
Зерттеуге алынған үлгілердің ішінен далалық өнгіштігі 
85% жоғары көрсеткіштікке ие үлгілерге ерекше қы-
зығушылық танытылады. Осындай көрсеткіш көрсеткен 
екі қатарлы үлгілер: Одесский 100, Одесский 164, До-
нецкий 650, Донецкий 164 (Украина); 520695, 520628 
(Сирия), БИ-41, БИ-55 (Иран); Уреньга, Резонанс, 
Дивный (Ресей); Нутанс 89, Медикум 8955, Сусын, 
53\82–22, 89\83–5, 93\80–14 (Қазақстан) және көп 
қатарлы үлгілер: В 024, К 614 (Жапония); 5–72, 5–75, 
5–88 (Сирия); Паллидум (Украина), ал стандартты 
Сыр Аруы 
— 
70%. Сорттардың шаруашылық тұрғыдан 
тиімділігі, осы аймақта өсе алатын мүмкіншілігі олардың 
өсу дәуіріне тікелей байланысты. Біздің екі жылдық зерт-
теуде де ауа-райы ыстық болып, арпа үлгілерінің вегета-
циялық кезеңінің қысқа болғаны байқалды. Зерттеудегі 
екі қатарлы арпаның «нутанс» түршесінің 257 үлгісінің 
154 үлгісі немесе 60%, ал көп қатарлы арпаның «пал-
лидум» түршесінің 47 үлгісінің 39 үлгісі немесе 83% ерте 
пісетін мерзімді көрсетті. Байқағандай көп қатарлы арпа 
екі қатарлыға қарағанда ертерек пісетінін көрсетті. Ал ве-
гетациялық кезеңі 90 күннен асатын көрсеткішті екі қа-
тарлы арпаның 8 үлгісі: Harrington, N942, N157, S26–3 
(Япония); 23385 (Боливия); 2\7–01 (Сирия), Скарлетт, 
Мальц (Германия) көрсетсе, ал алты қатарлы арпа үл-
гісінде табылған жоқ.
Өсімдік биіктігі.
 
Дәл осы белгіні зерттеуге генетиктер 
мен селекционерлер ерекше қызығушылық білдіреді, 
себебі бұл белгі тұрақтылығымен ерекшеленеді және 
аз мөлшердегі гендермен бақыланады. Зерттеудегі үл-
гілердің биіктігінің екі жылдық орташа көрсеткіштері мы-
надай аралықта болды: екі қатарлы үлгілерде — 56,2… 
89 см, алты қатарлы үлгілерде — 33,2… 78,2 см, сөйтіп 
үлгілердің түрлену коэффициенті екі қатарлыда — 7,9%, 
ал көп қатарлыда — 18,6% болды, яғни екіқатарлы гено-
типтерде бұл белгі қоршаған орта жағдайына байланысты 
емес (1-кесте). Зерттеулер нәтижесінде мына үлгілер 
төмен өзгергіштікті көрсетті: екі қатарлы үлгілер: Арна, 
Әсем, Бота, Нутанс 58, Аққайың, Карабалыкский 23, 
Жұлдыз, Гранал 447, Пастбищный, Целинный 93, 3\95–
12, 3\95–14, 3\95–19, 4\83–10, 4\83–10, 16\83–11, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет