Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет135/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
278. Әріп таңдау
Ойнаушы балалар дөңгелене отырады. Бір ойыншыны басқарушы етіп тағайындайды. Ойынды жүргізуші отырғандарға әріптерді өзінің қалауы бойынша таратып береді. Ойын шарты бойынша әр бала өзіне берілген әріп бойынша жүргізуші сұрақтарына жылдам, жаңылмай жауап беріп отыруы қажет. Мысалы «А» әрпі келген ойыншы тек «А» әрпінен басталатын сөздермен жауап береді.

  • Сенің атың кім?

  • Асан.

  • Фамилияң кім?

  • Ахметов.

  • Қайдан келдің?

  • Ауылдан.

  • Қайда барасың ?

  • Алматыға.

  • Немен барасың?

  • Автобуспен.

  • Онда не өседі?

  • Алма.

  • Тағы не өседі?

  • Алмұрт, асқабақ, алша.

  • Сені кім қарсы алады?

  • Айдар.

Сұрақтар осылай жалғаса береді. Жүргізуші қалауы бойынша келесі ойыншыдан сұрақтарды сұрай бастайды. Жауап беруге үш рет алақан соққанға дейін уақыт беріледі. Сұраққа тез дәл жауап бере алмаған ойыншы қателескені үшін отырған ойыншылардың арттарынан секеңдеп бір аяқтап, жан-жануарлардың дауысын салып айналып келіп орнына отырады. Ойын барлық әріптер жауап бергенше жалғаса береді.
279. Ағашқа өрмелеу
Ағашқа өрмелеу ойыны мереке-тойларда арнайы ұзын тік ағаш дайындалып, соның басына көмекші құралдарды қолданбай өрмелеу арқылы ұйымдастырылады. Ағаштың басына арнайы жүлде байланып, ілінеді, жүлде кім өрмелеп ағаш басына жетіп шешіп ала алса, соған беріледі. Ағашқа өрмелеу өсіп тұрған биік ағаштың бұтақтары арқылы ең биігіне шығу түрінде де болуы ықтимал.
280. Қолмен шеге қадау
Қолмен ағашқа шеге қадау адамның қол мықтылығын, ептілігін сынайтын ойын түрі. Шеге қадау арнайы жаттығуды қажет етеді. Қадайтын шеге түрі мен ағаштарды әр орындаушы өз ыңғайына қарай таңдап алып жаттығады. Шегені қадау адамның дене күш қабілетімен қатар, күш-жігерінің мықтылығын сынайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет