Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұ тарихи тұлғалығын зерттеу Атабаева Халида Абдулбариевна


Мұстафа Шоқайұлының қазақ фильмінде



бет11/13
Дата19.04.2022
өлшемі56,29 Kb.
#139919
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2.5.Мұстафа Шоқайұлының қазақ фильмінде. Фильм ХХ ғасырдың 1-жартысындағы белгілі саяси қайраткер, Орта Азиядағы түркі халықтарын бір тудың астына біріктіруді армандаған Мұстафа Шоқайдың өмірі мен тағдыры туралы. Ол туған халқының бостандығы мен еркіндігін, көркеюі мен өркендеуін көксегенімен, бұл арманына да тірі кезінде жете алмады. Фильм оның эмигрантты өмірінің барлық маршруттарын (Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция) бейнелейді. Сатыбалды Нарынбековтың туындысында Мұстафа Шоқай көрермен алдында тек саясатшы ретінде ғана емес, жек тұлға, сүйікті жар болғаны да жан-жақты ашылады.Мұстафаның жұбайы-опера әншісі Мария Горина жолдасы мен бірге оның ауыр жолын өтіп, өзінің карьерасын сүйікті адамы үшін құрбан етеді.
Мұстафа Шоқайұлы-бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының, жалпы түрік халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған тұңғыш эмигрант күрескер, саяси қайраткер.
Өзімізге белгілі Кеңес үкіметінің жұмысында Мұстафа Шоқайұлы туралы айтылған. Ұзақ жылдар бойы мемлекет билеушілері оның есімін Түркістан ұлттық комитеті, Түркістан легионы атты ұйымдармен байланыстырып, Отанын сатқан опасыз деп аталады.
Зерттеуші ретінде мені ерекше қызықтырған мәселенің бірі-М.Шоқайұлының елінің бостандығы үшін күрескенін, Кеңес үкіметінің екі жүзді саясатын әшкереленгенін білгенімен, өз отандастарының білмеуі, оның еңбектеріне қатаң тыйым салынғанын былай қойғанда, туысқандарын,бауырларын ОГПУ, НКВД үкімімен аяусыз жазалануы. Қазақ қоғамынан Мұсылман фракциясының қызметіне белсенді түрде атсалысқандардың арасынан, әрине, ең алдымен Ә.Бөкейхановты және М.Шоқайұлын атаған жөн.М.Шоқайұлы мен Ә.Бөкейхановтың ұсынысы бойынша Мұсылман Фракциясы бюросының хатшысы болып бекітілді. Ғылыми әдебиеттен мұсылмандық, түркішілдік қозғалыстарды талдаушылар саналы түрде бұл құбылыстарды негізінен антиресейлік мазмұнына баса назар аударысты да, ол олардың шынайы мазмұны тиесілі теориялық дәрежеде ашылмай келеді. Ал олардың мақсаты Ресей империясы құрамындағы түркі және мұсылман халықтары өмірін жаңа заман талабына сай қайта құру, реформалау, ол үшін бұл халықтарды орталық езгіден азат ету еді.
В.И.Лениннің жариялаған ұлттардың өзін-өзін билеу құқығы туралы декларациясына сүйенген М.Шоқайұлы басқа да түрік қайраткерлерімен бірлесе отырып, өлкеге (Түркістан) ұлттық мемлекет құру үшін 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында өлкелік төтенше мұсылмандар съезіне шақырады.Съезд 3 күн жұмыс істеп,көптеген қаулы қарарлар қабылдайды.27 қараша күні сағат 12:00 –де қабылданған съезде қарарында:съезд Түркістанда мекендеген ұлттардын өзін-өзі билеуге деген ұмтылысын қанағаттандыра отырып,Түркістанда Ресей Федеративті демократиялы республикасы құрамындағы территориялық автономия деп жариялады.Құрылған Түркістан автономиясының президенті болып Мұхамеджан Тынышбаев сайланып,сыртқы істер министрі қызметін Мұстафа атқарды.Мұнда оны Кеңес одағына қарсы пайдалану мақсатында құрылмақшы болған,Түркістан легионына басшылық жасауға үгіттейді.Мұстафа бұған көнбейді.Лагерьлердегі тұтқындарды аралап жүріп сүзек ауруын жұқтырған Мұстафа 1941 жылы 27 желтоқсанда жарық дүниемен қош айтысты. Мұстафа Шоқайұлының артында бой мұра қалды. Атап айтсақ, олар 1917 жылы Ташкентте Ұлұғ Түркістан Қоқанда, Жаңа Түркістан,1919 жылы Тбилисиде «Вольные горцы» , «На рубеже»,1921 жылы Стамбулда «Шөбнәмә газетасын», газеттерін, сондай-ақ, Жаңа дүние 1920 жылы, 1927-1937 жылы Жаңа Түркістан, 1935 жылы Түркістан, Орта Азия 1938 жылы секілді француз, түрік, орыс тілдерінде кітаптар,Жас Түркістан журналын, тағы басқа көптеген еңбектерін бастырып шығарған.
Мұстафа Шоқайұлының және большевиктерден теперіш көріп,ел асқан эмиграциядағы түрлі ұлт жетекшілерінің ұйытқы болуымен құрылған «Прометей» қозғалысы фашизмге әу бастан күмәнмен қарап, дүниежүзілік соғыс өртінің тұтанып кетуіне әрдайым алаңдаушылық білдіретін еді.Расында 1939 жылы қыркүйек айында фашистік Алманияның Польшаға басып кіруімен бірге, осы Прометей қозғалысы ең маңызды қолдаушысынан айырылды. Кеңестік жүйеге қарсы күресіп жүрген ұлт өкілдерін маршал Пильсудский кезеңінен бастап Польша үкіметіне арқа сүйейтін еді. Ал, 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижге басып кіруімен бірге қозғалыс мүшелері мүлде қорғансыз, ресми басылымдары да жабылып қалды.Польшаның басылып алынуы және оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөліске түсуі, оның үстіне, Алмания-Кеңес басқыншылық келісімі «Прометейшілдердің» арманын көкке ұшырды. Осы кезде Гитлер де, Сталин де-залым.Осылайша, Мұстафа Шоқайұлы ұлт шындығын жоққа шығарғысы келетін большевиктік билікке қаншалықты қарсы болса, Әлемде тек бір ғана ұлттық үстемдігін қалайтын фашизмге де соншалықты қарсы екенін қайлықпай, ресми түрде мәлімдеді.Өйткені,жұбайының жазбаларына сенсек, нашар ұлттар емес, жаман адамдар болатынын айтатын ол, барлық ұлттардың терезесі тең дәрежеде өмір сүруін қалайтын еді.Сонымен қатар, ұлы тұлғаға лайықты жар бола білген Мария Шоқайдың естеліктерінде Мұстафаның мейлінше мейірімді және соғыс атаулыға қарсы екені сипатталып жазылған. Тұтқындар лагерінде Мұстафа Шоқайұлының жәрдемі арқасында ғана аман қалған әйгілі тарихшы Баймырза Хайт Мария ханымның осы сөздерін айна қатесіз қайталап еді.
Бұдан кейінгі өмірі аумалы-төкпелі жағдайда өткен Мұстафа Шоқайұлы тұтқындар лагеріне жіберілді. Отандастарының қасіретті тағдырына қабырғасы қайысқан қайсар ер,оларды тұтқыннан босатуға тым болмағанда өлімнен арашалап қалуға ұмтылады. Бұл кездегі оның көңіл-күйін жазған хаты болады.
Фашистердің түркі пиғылын сезіп,білген Мұстафа Шоқайұлы олармен бірлесіп жұмыс істеуге құлықсыз болды.Тұтқындар лагерін аралаған кезде де оның бар арман-мұраты баудай түсіп,қырылып жатқан тұтқындағы Түркістандық бауырларын ажал аузынан аман алып қалу болды.
1921 жылы 25 ақпан күні большевик күштерін Тбилисиге басып кіре бастады.Сөйтіп,Шоқай Әзірбайжаннан кейін Ресейдегі соңғы тұрақтаған мекені Грузияны да тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл жағдай бізге Шоқайдың Түркістан мен ресейдегі күрестен тастап кетуге мәжбүр болды. Украина бұрынғы сыртқы істер-министрі Александр Чулгин Шоқайдың Тбилисиде өткізген екі жылдық мерзімін оны Түркістанның азаттығын өткен күндері деп тұжырымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет