Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы


Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі



бет42/95
Дата06.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#26530
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   95
6.6 Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі
Қазіргі ғылым (педагогика, психология) былай дейді: «Тұлғаның ашылуы кәсіби іс-әрекетінде. Адам өзінің тұлғалық және кәсібилік сапасын көрсете алады, өзін-өзі дамушылығын көрсете алады, қоғамда аты шығып, белсенділігін байқатады». Осы қағидада өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі көрінеді.
Өзін-өзі кәсіби анықтау деген – кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі болып саналады.
Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол кезде тұлға әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады.
Сондықтан, тұлғалық-кәсібилік даму, өсу - адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-өзі басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, өмірдің көп қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет