Әдебиет
Мясищев В.Н. Психология отношений. – М., 1996. – 356 с.
Жутикова Н.В. Учителю о практике психологической помощи. – М.: Просвещение, 1988. – 144 с.
Роджерс К.Р. Консультирование и психотерапия. Новейшие подходы в области практической работы: Монография. / Пер. с англ. О.Кондрашовой, Р.Кучкаровой. Редакторы И.Гришпун, С.Бобко, В.Ряшина. - М.: Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000.
Рувинский Л.И. Самовоспитание личности. - М.; 2004 – 140 с.
Павлов И.П. Сборник трудов. – М., 2002. – 288 с.
ОҚУШЫЛАРДА ДАРЫНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ахтанова С. К. 2 курс студенті
Шарипова Қ. С.
«Астана» университеті
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, еліміздің шет елдерімен тенесуге мүмкіндік беруде. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама білім беру қызметі, білім беру басқарудың мемлекеттік – қоғамдық жүйесін қалыптастыруға, жеке тұлғаның еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейтуге, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуіне бағытталған. Еліміздің қоғамдық геосаясаты, экономикалық және әлеуметтік күйі, жалпы дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кірігуі еліміздің білім жүйесін жаңғыртуды, яғни, білім беру мазмұның, мақсатын, құрылымы мен құрамын, технологияларын қайта қарауды қажет етеді.
Болашақ ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсын ел назарынан түспеген өзекті мәселелердің бірі де бірегейі десек, артық айтқанымыз емес. Бүгінгі XXI ғасырдағы толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму барысы ағымында өмір сүріп, жетіліп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын таныту» тәрізді күрделі мәселе енгізіліп отыр.[1] Дарынды тұлға мемлекетіміздің басты байлығы болып саналады, сондықтан да бүгінгі таңда мектептерде дарынды бүлдіршіндердің білімге ізденісін, шығармашылығын, зор қабілетке ие екенің анықтай отыра, оларды тек педагогтармен ғана емес сондай – ақ отбасымен жұмыс жасауға бағыт бағдар береді.
«Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл – ой дамуының қарқыны бойынша – басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарынан озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған. Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдың шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі.»[2] Меңінше, оқудың барлық сатысында дарынды және шығармашылыққа жақын балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселесі, сондай – ақ, балалардың өзінің шынайлы дарының және оқу немесе басқа да өнерін көрсету үшін жеке басының жауапкершілігін түсіну мәселесін мұғалім, психолог және ата – ананың бірлесе отырып шеше білуі ең маңызды болып келеді.
Ғалым Қ.Т. Әтемова «Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы» деген еңбегінде отбасы баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде білім, әдет, мінез – құлықпен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын нақты дәлелдеп, отбасының тәрбие берушілік қызметін үш аспектіге бөлген, олар:
Баланың жеке басын қалыптастыру, оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту;
Үйдегі әрбір адамның жеке басына отбасы ұжымының үнемі жүйелі түрде тәрбиелік ықпал етіп отыруы;
Отбасындағы балалардың үнемі ересектердің қамқорлығында белсенді түрде тәрбиелеп отыруына мәжбүр ететіндей әсер етуі», - дейді.[3]
Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруда әлеуметтік жағдайлар, оқушының биологиялық ерекшеліктері негіз болумен қатар, олардың бірлік нәтижелігі баланың ақыл-ойы әрекетінің мәндік мазмұнына байланысты, оқушының сана-сезімі мен практикалық іс-әрекетінің сапасымен сипатталынады. А.Н. Леонтьевтің пікірінше, «Біздің көз алдымызда өткендей, жеке тұлғаның ішкі және сыртқы іс-әрекеттері бір-бірімен байланысып кеткені сонша, мәселе дене еңбегінде бір заттарды жасағанда қолдың ептілігімен бірге ақыл-ойдың қатысын қажет етеді» – дейді 4, 584 б..
Осы тұжырым оқушылардың, таным және қоғамдық еңбек іс-әрекеттерін ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық негіздері мен олардың бір-бірімен ішкі байланыстарын айқындап береді.
Жеке тұлға іс-әрекеттер жүйесінде қоғамдық қарым-қатынастарға қатынасады. Олар оқушының мінез-құлықтарына ықпал жасап, саналы бағыт-бағдарын, ынта-ықыласын, мұқтаждықтарын қалыптастыруға обьективті жағдайлар туғызады. Осы мүмкіндіктерді дұрыс басқара білсек жеке тұлғаның іс-әрекет мақсаты, қоғамдық мәні, табиғи бейім-қабілеті, әлеуметтік бағыт-бағдары іс-жүзіне асырар міндеттері айқындалып, оқушының іс-әрекеттері үнемделіп, көптеген жетістіктерге жеткен болар еді.
Жеке даралық, дербестік жағынан алғанда да іс-әрекет жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігіне байланысты, оның ақыл ойы мен сана-сезімін, өмірлік бағыт-бағдарын іске қосып жүйелі дамытатын процесс деп атаймыз. Сол себептен де, оқушылардың іс-әрекеттер тиянақты құра білу - оларды жан-жақты қалыптастырудың негізі болмақ.
Сондықтан, бастауыш сынып оқушылардың ойын, танымдық істері, бір-бірімен қарым-қатынас, сырластық, жолдастық әрекеттері әлеуметтік- психологиялық сипаттарынан көрінеді. Оқу іс-әрекеттерін де шындықты тікелей көрсететін және адам психологиясына әсер ететін факторлар жайлы психологиялық, педагогикалық ғалымдар жетістіктері негіздерін басшылыққа ала отырып, (С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Д.В. Эльконин, Л.И. Божович, П.Я. Гальперин, Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, М.М. Мұқанов, Н.А. Менчинская, Ж.И. Намазбаева және т.б.) біз оқушылардың психикаларының дамуы бір кезеңнен келесі кезеңге көшу барысында өрбіп, өсіп отыратындығын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Жоғарыдағы ғылыми, психологиялық, философиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау оқушы жеке тұлғасының және оның ішкі мүмкіндіктерінің дамуы объективті және субъект – субъективті қатынастары арқылы қалыптасып отырады деген қорытынды жсауға алып келеді.
Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Б.Т. Лихачев, М.М. Мұқанов, Ж.И. Намазбаева және т.б. пікірінше, оқушылар заттар мен нәрселер жасағанда немесе құбылыстарды танып білудегі оқу материалдарымен жұмыс жасағанда, оның қоғамдағы орны, мән-мазмұнымен ерекшеліктерін біліп қана қоймай, әлеуметтік тәжірибе жинақтай бастайды.
Сыртқы (оқу мазмұндары, практикалық істер) және ішкі (танымдық қызметтер) әрекеттерінің ара қатынасын түсінуде, Л.С. Выготский айтқандай, интериоризация ұғымының мәнін түсіну өте маңызды. Себебі, оқу процесінде сыртқы дүние заттары оқушының ішкі дүниесіне айналғандықтан, мұндай маңызды түрдегі ұғым, сезімдер сөз арқылы айналысындағы адамдарға жеткізіледі 5, 58 б.. П. Я. Гальпериннің айтуынша, тіл, сөйлеу мәдениеті арқылы әлемдік өзінің құрылысын, мән-мазмұнын айқындауда, түсіндіру және оны санада бекітуде алатын орны, сөйтіп, баланың ақыл-ойын дамытуда, мінез-құлқын басқарып зерттеп отыруда, жоғарыдағы айтылған құралдардың маңызы ерекше 6, 84 б..
В.В. Давыдовтың пікірі бойынша, А.Н. Леонтьевтың психология ғылымына енгізген, «баланың әлеуметтік дамуы» ұғымын оқушының іс- әрекет бастауы болып саналатынын мойындайды 7. Сонымен, іс- әрекет психикалық дамуының динамикасын және қалыптасу кезеңдерін күрделендіріп, әлеуметтендіру қатар негізінде оқушының білімі сапалы болып, оның ақыл-ой және адамгершілік қасиеттерінің жетіле қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қасиеттерін қалыптастыруда психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті керек. Бала бір – біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке ие болатынын тек тәрбие шешеді.
Мектептік жастың басталуына қарай (4 – 5 жас шамасында) қалыпты дамудағы баланың қабылдауы салыстырмалы түрде жоғары деңгейге жетеді: объектінің қасиеттері мен қатынастарын бөлу тек практикалық түрде емес, сонымен бірге көру арқылы, перцептивті әрекет арқылы жүреді. Балалар түсті, пішінді, өлшемді, материалды және заттардың басқа да қасиеттерін ажырата отырып, сондай – ақ, олардың арасындағы кеңістіктік қатынасты да бөле отырып үлгі бойынша жұмыс істей алады.
Оқушылармен жылы сөйлесіп, сенімділіктерін, батылдықтарын арттыруға көңіл бөлу тиімді тәсіл. Сондай – ақ әр аптаның бесінші күні оқушылармен кездесіп, олардың жаңалықтарын тыңдап, жаңа тапсырмалар беру, дарынды оқушылармен кездесу кештерін, ата – аналармен бірге ұйымдастырылған сайыстар, сынып сағаттарын уақытымен өткізу өте маңызды.
Қорыта айтқанда, «ата-ананың және мұғалімдердің бірігуі жағдайында дарынды балаларды тәрбиелеудің» әдіснамалық, педагогикалық – психологиялық мазмұнын қарастыру және балаларды тәрбиелеудің арнайы жобасын, құрылымын теориялық жағынан негіздеу, мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы арқылы теориялықтан тәжірибе үлгіде зор мәнге ие деп ойлаймыз.
Әдебиет
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы, - Алматы: Юрист, 2002.
Авторлар ұжымы: Ұ.Ә.Асылов, Н.С.Ахтаева. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «педагогика және психология», - Алматы «Мектеп» 2002/72 – 73 беттер.
Әтемова Қ. Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы – 1999ж
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. 4-е изд. – М., 1981. С. 584.
Выготский Л.С. Игры и ее роль в психическом развитии ребенка // Вопросы психологии. – 1966. - №6. – С. 45.
Гальперин П.Я. Развитие исследованя по формированию умственных действий // В Сб.: Психологическая наука в СССР. –1986. – С. 442.
Давыдов В.В. Виды об общения в обучении педагогика. – М., 1972.
ДЕНЕ САПАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ХҚТУ профессоры Баетов К.Д., Байжұманов Д. магистрант
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті
Қимыл-қозғалыс белсенділігі – жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.
Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.
Дене сапаларын арттыру барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.
Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп.
Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері
Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар , негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.
Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін — жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.
Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. «Ми рефлекстері» атты еәбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи – материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері – еріктіліктің ең жоғары формасы. И.М.Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.
Дененің тік бағыттағы ауысуы лифт рефлекстерімен іске асырылады. Кенеттен төмен қарай түсірілген жануардың секіруге дайындық рефлексі пайда болады, ал жерге қонуы аяқтарының иілуімен іске асырылады. Осыған ұқсас құбылыстар лифт кабинасын жоғары қарай шапшаң көтерген кезде ішінде тұрған адамдарда пайда болады.Көтерілудің басында аяқтар мен тұлға иіледі, ал кілт тоқтаған сәтте – жазылады.
Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың мишықпен, ми дінінің қимыл орталықтары және қыртыс асты бөлімдерімен өте кең функциялық және морфологиялық байланыстары арқылы жасалады. Лифт рефлекстерінің балаларды тереңге секіруге, секіріп түскенде жерге дұрыс қонуды үйретуде маңызы зор. Бұл рефлекстердің туа біткендігіне қарамастан, секіртерде жерге дұрыс қонуды үнемі түзетіп отыруды қажет етеді. Дәлірек айтқанда, балалардың лифт рефлекстерін «жетілдіру», оқытушының үнемі назарында болғаны жөн. Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді.
Ырғақты рефлекс екі формада білінеді. Серпу және адымдау. Серпу рефлексінің типтік мысалы ретінде жануардың қасыну рефлексін келтіруге болады. Бір аяқтың ырғақты қимылдары жұлындағы жүйке орталықтарының функциялық сыңаржақтылық өзгерістері арқылы іске асады.
Адымдау рефлексі аяқтардың жүйке орталықтарындағы реципторлық арақатынастарына байланысты. Ырғақты рефлекс жүру, жүзу сияты күрделі циклдық қозғалудың (локомоция) негізін құрайды. Дене жаттығуларын орындау туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстерін үнемі түзетумен байланысты. Орталықтан бағытталған реттеуші әсерлер ерікті қимыл-қозғалыстардың сипатына орай, бұлшық еттер тонусын қажетті дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау – атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі – организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету — өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.
Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген. Бір бөлімі балалар, жасөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр. Ден жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес. Балғын спортшыларды таңдау, оларды машықтандыру жағдайлары ескерілген. Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек.
Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі, қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді. Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.
Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары, организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып, биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен, ауыр заттарды көтерумен, күрделі акробатикалық, гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін — өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.
Әдебиет
Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.
Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье - М.: ФиС, 1990.
Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник.
КУЛЬТУРА СЕМЕЙНО-БРАЧНЫХ ОТНОШЕНИЙ
И СОЦИАЛИЗАЦИЯ ЛИЧНОСТИ
Кулжабаева Л.С.
Университет «Туран-Астана»
Каждая историческая эпоха формирует определенный тип брачно-семейных отношений, содержание которых наполнено той или иной культурой, в том числе, характером, стилем общения, нормами и правилами поведения человека в семье и обществе. Культура брачно-семейных отношений является одним из критериев исторической развитости самого общества, показателем уровня научного познания природы самого человека и, вместе с тем, масштаба практического обеспечения условий для здорового и гармоничного развития каждой семьи.
Распространение среди населения культуры брачно-семейных отношений требует определенной системы, которая представляет собой целый ряд социокультурных институтов. В рамках данной системы можно выделить несколько уровней, или подсистем, каждая из которых имеет собственную специфику в распространении знаний о семье и, соответственно, пользуется своими методическими приемами.Во-первых, это система образования, во-вторых, средства массовой информации, в-третьих, учреждения культуры.
На важную роль образования и воспитания в формировании культуры личности в своих произведениях указывали классики казахстанской социально-психологической мысли: Ч.Валиханов, И.Алтынсарин, А.Кунанбаев, М.Жусуп, Ш.Кудайбердиев и другие. Тема просвещения, необходимости преодоления негативных черт характера, честного труда, единения и дружбы с другими народами не раз звучит в их призывах к родному народу. Достижение счастья, по мнению просветителей, немыслимо без установления гармоничных, добрых и чистых взаимоотношений в семье.
Как подчеркивает этнопсихолог В.Г.Крысько, в традиционной казахской семье, отношение к труду как первой необходимости, ясное понимание своего долга перед семьей, осознание личной ответственности за дела, в которых принимаешь участие, т.е. воспитание в строгих правилах с детства, является основным/1, с. 147 /.
Изучением проблем этнопсихологической социализации личности активно занимаются современные отечественные этнопсихологи. Согласно утверждению С.М.Джакупова, основу социального окружения как совокупности языковых и культурных явлений составляют индивидуальные особенности, обусловленные этническими факторами. Биологические (физические и физиологические) и этнические факторы способствуют возникновению новой функциональной системы – этнической индивидуальности. Она представляет собой «особенности процесса этнически детерминированной социализации личности» в моно - и полиэтнической среде/2, с. 94 /. В трудах В.В.Чистова рассматриваются вопросы становления и развития основных этнонравственных категорий казахов. Автор анализирует особенности общения кочевого народа, его этические традиции (знание своей родословной, культ памяти) и обычаи как нормы поведения, особенности казахского национального характера, влияние этнических традиций на формирование личности/ там же, с. 96 /. Исследователи З.М. Балгимбаева (гендерные (половые) этнические предубеждения у детей), Ж.Д. Жукешева (этнокультурная маргинальность), М.П.Кабакова (этнические особенности казахской семьи), Г.А.Мейрманова (культура общения) и другие продолжают вести научную экспериментальную работу по изучаемым проблемам.
Действительно, семья является «кузницей» человеческих судеб, социализирует личность, формирует ее нравственную ориентацию, приобщает к сущности культурного бытия. В современных, порой очень сложных и жестких условиях жизни, каждый из нас стремится к рекреации: перенести сложные жизненные ситуации, связанные с неприятностями на работе, «депрессией», «нервными срывами» и другими «драмами». Эту функцию, обеспечения психологического и эмоционального комфорта, восстановления моральных и душевных сил, призвана обеспечить семья.
Но, к сожалению, время вносит свои коррективы. Эволюционное развитие института семьи, кризис нравственных ценностей, формирование нового типа семейных отношений привели к разрушению традиционных культурных связей семейно-брачных отношений в современном обществе. Увеличение числа разводов, доли одиноких людей, свидетельствует о снижении престижа семьи и в нашем государстве. Так, по данным статистики, в Республике Казахстан с 1999 по 2010 год зарегистрировано 2 420 тысяч браков. При этом за этот же период число разводов составило более 733 тысяч, т.е. каждый третий брак в республике закончился разводом. В 2011 году из числа молодежи в брак вступили 109 709 мужчин, 129 505 женщин. Количество разведенных женихов за 2011 год составляет 3 278 человек, разведенных женщин - 4 084 человек/3 /.
Важно понимать, что семья - это не только сугубо личная сфера жизни человека, но и, то пространство, в котором пересекаются личностные и общественные интересы. Достижение демографического баланса, решение социально-экономических проблем любого государства невозможно без правильно выстроенной политики укрепления института семьи.
Поэтому вопросы регулирования семейно-брачных отношений являются объектом многочисленных дискуссий законодателей, юристов, социологов, и, конечно же, психологов. Основная задача институтов законодательной, исполнительной и судебной власти, элементов гражданского общества - обеспечить действенный механизм реализации законодательства, регламентирующего социальный статус семьи и развитие семейных ценностей и традиций.
За годы независимости в Казахстане создана надежная правовая база защиты семьи, женщин и детей. Приняты законы «О браке и семье», «О правах ребенка», «О детских деревнях семейного типа и домах юношества», «Об образовании», «О труде», «О специальном государственном пособии», Кодекс «О здоровье народа и системе здравоохранения». В соответствии с Конституцией (ст. 27) «Брак и семья, материнство, отцовство и детство находятся под защитой общества и государства». Указом Президента РК создан институт уполномоченного по правам человека (2002 г.). В 2006 году в Министерстве образования и науки организован Комитет по охране прав детей. Утверждены государственные программы: «Дети Казахстана» (2006–2011 годы), Стратегия гендерного равенства в Республике Казахстан на 2006-2016 годы, «Форсированное индустриально-инновационное развитие Казахстана на 2010–2014 годы», «Развитие образования на период до 2020 года», «Развитие здравоохранения «Саламатты Қазақстан» на 2011–2015 годы», Государственная программа развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011-2020 годы, Программа «Доступное жилье -2020», направленные на создание благоприятной экономической среды, улучшение качества и уровня жизни, модернизацию и эффективность системы образования и здравоохранения, конкурентоспособность страны.
В целом, во всех программных документах, разработанных государством и обществом, указывается на необходимость возрождения лучших семейных, этнокультурных традиций, способствующих укреплению духовных и нравственных основ брака и семьи. Широкое распространение получает процесс создания межкультурных семей как социопсихологического конструкта. Успешное функционирование таких семей во многом зависит от способностей и потребности у их представителей в налаживании взаимоотношений, поддержании их стабильности.
В исследовании межкультурных семейных отношений этнопсихологов интересуют следующие вопросы:
- как влияют национально-психологические особенности на характер межличностных отношений между супругами, детьми и другими членами семьи в ходе совместного проживания, взаимодействия и общения на выработку принципиально важных общих решений, специфику воспитательных и иных воздействий;
- в чем состоят национальные отличия в традициях и способах формирования национально-своеобразной личности в семьях, где родители являются представителями разных национальностей, с характерными для каждого из них моральными и нравственными ценностями, формами поведения и деятельности, специфическим мировосприятием и миропониманием;
- как анализировать и правильно оценивать факторы и причины возникновения конфликтных отношений между разноэтническими членами семьи.
Чтобы ответить на эти и другие вопросы, связанные с решением этнопсихологических проблем в межкультурных семьях, важно понимать, что подготовку к будущей семейной жизни следует начинать в подростковом возрасте, когда происходит процесс формирования Я-концепции – системы мировоззрения, убеждений, идеалов человека.
Так, например, в Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы, наряду с другими, ставится задача воспитания в личности казахстанца гражданственности и патриотизма, любви к своей Родине - Республике Казахстан, уважения к государственным символам и государственному языку, почитания народных традиций, нетерпимости к любым антиконституционным и антиобщественным проявлениям; воспитания личности с активной гражданской позицией, формирования потребностей участвовать в общественно-политической, экономической и культурной жизни республики, осознанного отношения личности к своим правам и обязанностям; приобщения к достижениям отечественной и мировой культуры; изучения истории, обычаев и традиций казахского и других народов республики; овладения государственным, русским, иностранным языками. При этом в организациях образования, запрещается пропаганда расовой, этнической, религиозной, социальной непримиримости и исключительности, распространение милитаристских и иных идей, противоречащих общепризнанным принципам международного права и гуманизма/4 /.
Исходным моментом готовности человека к браку и созданию семьи выступает понимание им значимости семейных отношений, обязательств людей друг перед другом, ответственность за семью и детей, добровольное принятие неизбежных в семейной жизни хлопот и ограничений личной свободы. Каждая этническая общность вырабатывает свои собственные представления о том, какими должны быть эти характеристики и стремится поддерживать их в национальном сознании, традициях, поступках и отношениях представителей своего народа.
Этот процесс достаточно сложен и осуществляется по своим собственным законам у каждой этнической общности и разбивается на ряд последовательных этапов включающих:
- первичное знакомство с семейной жизнью, ее психологией и формирование общих представлений о ней, особенно если вступающие в брак являются представителями разных этнических общностей;
- формирование взглядов на свою семью как многонациональную;
- реализацию собственных представлений о многонациональной семье в браке;
- накопление опыта семейной жизни в рамках многонациональной среды;
- дальнейшее совершенствование семейных отношений в процессе закрепления супружеских уз.
При этом первостепенное значение получают динамика развития супружеских отношений и их национальная специфика.
На первом этапе формирования супружеских отношений обычно происходит присущая для каждой этнической общности социально-ролевая и межличностная адаптация к условиям семейной жизни. Это время первоначального вхождения в духовный мир друг друга, взаимного привыкания, распределения социальных ролей, а также устройства быта и организации досуга.
Если супруги являются представителями разных народов, часто не все складывается гладко, на их пути встречается большое количество трудностей, которые нужно преодолеть, не затронув национальное достоинство каждого. Это самый трудный и опасный период с точки зрения стабильности брака, когда даже малые размолвки, тем более окрашенные этнической спецификой, могут оттолкнуть людей друг от друга. Правда, существует достаточно серьезный фактор, обеспечивающий стабилизацию супружеских отношений, — любовь, которая скрашивает обиды и сметает препятствия на своем пути.
На втором этапе формирования супружеских отношений, начинающемся после появления ребенка, происходит значительная перестройка во взаимоотношениях супругов, связанная с изменением в ролевой структуре, появлением родительских обязанностей, перераспределением материальных средств и бюджета времени. На этом этапе нет еще единства интересов, не сложилось окончательное взаимопонимание между супругами и все еще много серьезных проблем. Однако уже в это время появляется основа для преодоления всяческих, в том числе и национально специфических, размолвок, закладываются предпосылки для общего, интернационального отношения супругов к себе и другим людям, правильной оценки этнических «недостатков» и недоразумений, если они имеют место.
Самое главное, что супруги вынуждены серьезно задумываться над интернациональными принципами воспитания в семье, связанными не только с рождением ребенка, но и с развитием его самосознания, с перспективами его будущей культурной адаптации в окружающем полиэтническом мире.
Большое значение здесь имеет и новое распределение обязанностей по дому между супругами разных национальностей. Специальные психологические исследования показывают, что молодые люди разных национальностей, полюбив друг друга и намереваясь вступить в брак, не задумываются всерьез над возможными трудностями совместной жизни (в том числе межнациональными), которые их ожидают.
Столкнувшись на втором и третьем этапах становления своей семьи с трудностями, они по-разному их преодолевают. Меньше проблем, как правило, испытывают те молодые люди, которые сильнее любят друг друга и которые до свадьбы жили в районах смежного проживания представителей разных национальностей.
Третий этап характеризуется тенденцией к устойчивости и стабильности супружеских отношений в ряде основных сфер жизнедеятельности семьи. Полностью распределяются социальные роли, и они перестают быть источником разногласий. Окончательно выявляется лидер в каждой из функций семьи, если он ранее не был определен в соответствии с национальными традициями. Или же значительно сглаживаются противоречия, возникавшие ранее на этой почве. Однако этот период сложен из-за проблем, связанных с усугубляется известным дефицитом общения отцов с детьми, у других, наоборот, упрощается в силу национальных традиций активного участия главы семьи в формировании внутреннего мира своих детей, а также их воспитании в целом. В любом случае, если супруги являются представителями разных этнических общностей, совместное участие в воспитании детей способствует укреплению их взаимоотношений и сглаживанию различий в этнических традициях.
В этот же период возникает и еще одна проблема, имеющая принципиальное значение. Родители начинают более глубоко понимать и реализовывать в воспитании своего ребенка традиции обоих национальных общностей, к которым они принадлежат. В этой связи и они сами значительно глубже осмысливают необходимость интернационального подхода к психическому развитию и поведению своего ребенка, стремятся воспитать у него одинаковое отношение к тем нациям, к которым принадлежат отец и мать.
Четвертый этап характеризуется гораздо большей стабильностью сложившихся взаимоотношений в основных сферах жизни разноэтнической семьи. Происходит полная интернационализация внутрисемейных отношений. Подрастающие дети не только эффективно влияют на выполнение обязанностей супругами, но и оказывают корректирующее воздействие на их поведение. Для супругов возрастает значимость самооценки своих поступков, решений, мотивов действий, так как дети подмечают всевозможные нюансы во взаимоотношениях родителей, видят фальшь или двусмысленность в их взаимных реакциях на события внутрисемейной жизни.
В то же время в рассматриваемый период у супругов появляется больше времени для самих себя, повышения своего культурного, интеллектуального уровня, налаживания интимных отношений. С другой стороны, на этом этапе приходит черед для активного осмысления ими своего индивидуального опыта налаживания межэтнических отношений, понимания внутреннего мира самого близкого тебе человека, его этнических особенностей.
Пятый этап связан с окончательной стабилизацией супружеских отношений во всех сферах жизнедеятельности семьи. У супругов устанавливается близость, а часто и полное единство взглядов по значительному числу проблем. Взрослые дети вносят в нравственно-психологическую атмосферу семьи элементы демократизма, обязательности, осмысленности действий, взвешенных решений. Чаще в поступках супругов имеют место взаимопонимание, взаимопомощь, взаимодоверие и терпимость. В этот период практически не возникают конфликты на межнациональной почве, супруги полностью адаптированы к национальным традициям и особенностям друг друга.
Таким образом, семья является одним из величайших ценностей, созданных человечеством за всю историю своего существования. Ни одна нация, ни одна культурная общность не обошлась без семьи. В ее позитивном развитии, сохранении, упрочении заинтересовано государство и общество, в прочной, надежной семье нуждается каждый человек независимо от возраста. Поэтому, первостепенным направлением в формировании личности как актора семьи, остается гуманизация образования, нравственно-духовное воспитание, высокая культура толерантного общения.
Литература
В.Г.Крысько. Этнопсихология и межнациональные отношения. – М.: Изд-во «Экзамен», 2006. – 448 с.
А.Х. Кукубаева. Национальное самосознание казахского народа. Научное издание.- Кокшетау: Изд.центр Кокшет. Ун-та, 2006. – 244 с.
Агентство по статистике Республики Казахстан. 2012 г.
Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы
Учебник для вузов. — 3-е изд.. — М.: Флинта: Наука, 2005.
Дорошкевич М. П., Нашкевич М. А., Муравьева Д. М. и др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учебное пособие для вузов. 2003, 238 с.
Дыхан Л. Б., Кукушин В. С., Трушкин А. Г. Педагогическая валеология. Март, 2005, 527 с.
Мохнач Н. Н. Валеология. Конспект лекций: Учебное пособие для вузов. 2004.
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК
ОРНЫН АНЫҚТАУЫ МӘСЕЛЕСІ
Баймұханова А. Ж.
ғылыми жетекші, п.ғ.к., доцент Айқынбаева Г.К.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Заманауи нарық экономикасының жағдайында бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлғаны тәрбиелеу қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Елбасы Н.А.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының басымды ресурсы жастар екенін және олардан үлкен үміт күтетінін атап өтті. Әсіресе, 2012 жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасымыз: «Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар - сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы» деген болатын /1/.
Міне, сол жастарымыздың болашақтағы өмірлік жолын дұрыс таңдай алуы және өмірлік өзіндік орнын анықтау ең басты мәселе болып тұр. Жастарымыз өмірлік орнын дұрыс анықтай алғанда ғана, еліміздегі жаңа бағыттың қозғаушы күші бола алады.
Мектепті аяқтау кезіндегі уақытта жас жеткіншектер болашақта орындауға міндетті саяси, кәсіби, мәдени функцияларды игеретін әлеуметтенудің шешуші кезеңі болады. Өзіндік дербес өмірдің жақын келешегін құра отырып, олар жеке өмірлік жоспарларды анықтауға талпынады.
Жасөспірімдік кезең – адамның өз жеке жолын таңдау уақыты. Сондықтан, осы кезеңде әлеуметтік, тұлғалық және кәсіби өзіндік орнын анықтаумен байланысты сұрақ алдынғы орында тұрады. Кәсіби өзіндік орнын анықтаудың өмірлік өзін анықтау ішінде өзіндік орны бар, ол өмірлік өзіндік анықтау үдерісінің бір бөлігі. Терең өзін-өзі танусыз, өмірлік жолды саналы түрде таңдаусыз, кәсіпті саналы таңдау мүмкін емес. Алдымен оқушылар өзі үшін мынандай мәселелерді шешулері қажет: қалай олар өмір сүргілері келеді? – міне, содан кейін өмірлік стратегияныжүзеге асыра кәсіпті таңдаулары қажет.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей жоғары сынып оқушыларының 30% болашақта қандай мамандық бойынша жұмыс жасағылары келетінін білмейді. Балалардың кәсіп таңдау тізімі жұтаң, әлі күнге дейін оқушылар «ақшалы» кәсіптер экономист, банк қызметшісі, юрист сияқты мамандықтарға қызығады.
Кәсіби және өмірлік өзіндік орнын анықтау айқын емес деңгейдің көптігімен сипатталынатын жағдайларда өзіндік бағдарды жасауды ұсынады. Анықтау үшін, оқушы өз қажеттіліктерін, бағдарын, қызығушылығын, арманын өз мүмкіндігімен теңестіру қажет. Олар: дайындығы, қабілеттілігі, эмоционалды-еріктік қасиеті, денсаулық жағдайы. Мүмкіндігін өз алдына, кәсіби оқу орнының, кәсіптің, мамандықтың, нақты еңбек қызметінің талаптарымен теңестіру қажет.
«Өзіндік орнын анықтау» сөзінде ізденіске бағытталған іс-әрекет ықпалдасқан. Анықтау - қандай да бір болмыстың немесе объектінің маңызды белгілерін табу, нақтылау. Яғни, ізденіс үдерісінің нақты нәтижесі. «Өзіндік» дегеннің өзі ізденіс үдерісінің ерекшелігін көрсетеді. Ол саналы (адам субъект ретінде алдына мақсат қойып, жүзеге асырып, реттеп, бағалайды) және өздігінен (адам жеке жетістіктеріне сүйенеді) жүзеге асырылады. Осындай ізденісте өзіндік бағдар негізгі құрал болып табылады. Объектісі ретінде, жалпы мағынада адамның өзін қоса отырып, оның әртүрлі жағдайдағы барлық өмірі болып табылады. Оған әлеуметтік құндылық та, идеалдар да, дүниетанымдық сұрақтар да, өзін-өзі тану (жалпы адамзаттық, азаматтық, этникалық, діни, тарихи, рухани, кәсіби, жыныстық және т.б.), қоршаған ортаға қарым-қатынасында өзіндік анықтауға тура келеді.
Өзіндік анықтау жеке өздігінен бола алмайды: жеке ішкі дүниесі бар субъект - адам өзін-өзі анықтайды. Адамды өзіндік анықтау субъектісі ретінде жалпы тіршілік әрекеті мен нақты қатынас контекстінде қарастыру қажет (Анцыферова Л.И., Абульханова-Славская К.А., Леонтьев Д.А. және т.б.). Даму – тұлғаның жеке өмірінің барлық кезеңіндегі тіршілік әрекеттінің негізгі жолы екенін ескерсек, өзіндік анықтауды динамикалық білім ретінде қарастыру қажет.
Өзіндік анықтау адамның детерминанттық дамуы ретінде көрінеді
(В.И. Слободчиков, Е.И. Исаев). Оны көбіне жоғары сынып оқушыларының жас ерекшелігі дамуымен байланысты қолданады.
Көптеген ғылыми әдебиеттерде жоғары сыныптық оқу кезінде адамның уақытша мәртебесі және рөлдік анықталмағандылығы, «Мен» тұжырымдамасының тұрақсыздығы, сезімнің амбиваленттілігі, әлеуметтік мінез-құлықтың әртүрлі үрдістерінің болуы, жоғары сынып оқушыларының өзіндік орнын анықтау үдерісі, оның жас және тұлғалық дамуының қажетті бөлігі ретінде көрсетіледі.
Жас жеткіншектік өзіндік орнын анықтау өмірлік аса қажетті таңдаулар ретінде беріледі. Көбіне кәсіби өзіндік орнын анықтауға байланысты таңдау жайында айтылады (Климов К.А., Пряжников Н.С., Штейнмец А.Э. және т.б.). Ішкі қайшылық, конфликт және өмірлік қиыншылықты шешу жағдайында «өзін іздеу» ретінде өзіндік орнын анықтауға негізгі бағытты С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханов-Славский, Н.М. Лебедев,
Л.И. Анциферова, А.С. Чернышева, Я М. Митиной, т.б. көрсетіп өткен болатын.
Кәсіби-тұлғалық өзіндік анықтау тұлғаның азаматтық біркелкілігі мен әлеуметтік сәйкестігіне ықпал ететін негізгі фактор. Жоғары сынып оқушылары үшін тұлғалық өзіндік анықтауға «екі жоспарлық» тән (Л.И. Божович). Бір жағынан ол болашақ кәсіпті нақты анықтау және өмірді жоспарлау ретінде, ал екінші жағынан өзінің өмір сүруінің мәнін нақты емес іздеу ретінде жүзеге асады. Белсенділікке қажеттілік, өмірлік ұстанымын қалыптастырудың құраушы бөлігі. Ол болашақ кәсіп, яғни ерте жеткіншек жастың негізгі әлеуметтік қажеттілігі болып табылады.
Л.Б. Божович бойынша: «жасөспірімдердегі өзіндік анықтауы олардың өмірлік жағдайларындағы аффективті ортасы. Жасөспірімдердің «Мен – тұжырымдамасында» өзіндік орнын анықтау болашақ ересек адамның ішкі ұстанымын қалыптастыратын, өзі және қоршаған орта жайлы түсініктермен толығады. Оның ішкі ұстанымы қандай орынды иеленгісі келетінін алдындағы жеке тәжірибесіне, өз мүмкіндіктеріне, алдында пайда болған қажеттіліктеріне қарай қалыптасады. Яғни, бұл ішкі позиция жасөспірімнің Мен - тұжырымдамасының жаңа құрылымы, оның іс-әрекетке, өзіне деген қатынасын және өмірлік жоспар немесе өмірлік бағдарлама түрінде қоғамдағы болашақ орнын қалайды /2, 124 б./.
Өмірлік жоспарына жеткіншектің болашақ мақсаттарымен қатар оған қол жеткізу жолдарын қосады, сонымен өзінің субъективті және объективті ресурстарын бағалайды. Жасөспірім субъективті көзқараста болады, сондықтан оның өмірлік жоспарының идеалистігі басым келеді және көбіне идеалды «Мен» – тұжырымдамасының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Жасөспірімдердің белгілі бір бөлігі өмірлік жоспары мен өмір мәні жайлы енді ғана ойлана бастайды және өмір мәнінің басымдықтарын бөледі. Яғни, құндылықтардың сатылық жүйесі толық емес. Өмір мәнінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар: ата-аналар, өзінің өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы, педагогтармен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы, БАҚ, қоғамдағы жағдайлар.
Көптеген жасөспірімдердің өзіндік орнын анықтауы ойластырмаған және кездейсоқ сипатта болады, ал өзінің болашағын жобалауы кең фактордың әсері арқылы жүзеге асады. Ол мысалға оқуын нақты бір кәсіби оқу орнында жалғастыру; ата-ананың кәсібі; терең қарастырғысы келетін мектеп пәндері; өінің жұмыс тәжірибесі; достары мен таныстарының мысалдары мен тәжірибелері; ата-ана және басқа да туыстардың ақыл-кеңестері; мұғалім ұсынымы; өзінің қабілеттеріне сенімділігі; шешімді интуитивті қабылдауы /3, 54 б./.
И.С. Кон бойынша, балалардың жасөспірім және жеткіншек жасында өзінің нақты «Менмен» алаңдауы барлығында бірдей, ал 15-16 жаста өзінің болашақ «Менімен» алаңдайтындар көлемі дереу ұлғаяды /4, 11 б./.
Адам өз өмірінде бір жағынан биологиялық эволюция өнімі ретінде, ал екінші жағынан өзінің жеке дара ерекшелігімен қоғамда қарым-қатынас субъектісі ретінде болады. Адам тұлға ретінде өзіннің қоғамдық іс-әрекеттің әртүрлі түрінде қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық қасиетінің барлық жиынтығын көрсетеді. Сондықтан, адам тек биологиялық ғана әлеуметтік қажеттілік қанағаттандыратын барлық материалдық және рухани құндылықтарды жасаушы ретінде болады. Әлеуметтік қажеттілік жасөспірім кезеңінде өзекті болады.
Психологиялық зерттеулер сараптамасы көрсеткендей, көптеген адамдар үшін, өмірлік мәнді және өзіндік орнын табудың негізгі механизмі ол кәсіби іс-әрекет болып табылады (Л.А. Коростылева, Д.А. Леонтьев, Н.С. Пряжников және т.б.). Бұл ерте жеткіншек кезінде кәсіпті дұрыс таңдаумен, сонымен қатар қоғамда өз орнын анықтаумен негізделеді. Осыған байланысты, қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларының кәсіби-тұлғалық өзіндік орнын анықтаудың психологиялық механизмдері әлі зерттелуде.
Ғалымдардың бір тобы (Ш.Бюлер, А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс) айтуынша, адамға туылғаннан өзіндік орнын анықтауға ішкі күш немесе үрдіс тән болады, ал өмірлік бағыт тұлғаның ішкі дүние құрылымының объективтіленуінің тарихы болып табылады. Ал екінші топ (В.И. Журавлев, С.К. Нартов-Бочавер, Г.П. Ников, В.Ф. Сафин және т.б.) болса өмірлік орнын анықтау адамның әлеуметтенудің құрамдас бөлігі ретінде негізделген және оны адамның тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби өзіндік орнын анықтаудың жақын түсінігі ретінде қарастырады. Тағы да бір топ адамның өмірлік орнын анықтауын ішкі жағдайдың белсенді табиғатын айқындайтын, сол арқылы сыртқы әсердің өзгертетін өзіндік детерминация ретінде түсіндіреді (К.А. Абульханова, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.).
Жоғарыда айтылған мәселелрді қорытындылай отырып, жоғары сынып оқушыларының өзіндік орнын анықтауы мәселесі өте өзекті және зерттеуді қажет ететін мәселе екендігін көреміз.
Әдебиет
Назарбаевтың Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы. 14.12.2012 ж.
Дубровина В.И. Практическая психология образования. М., 2007.
Шурыпина И.И. Жизненные стратегии подростков / Социальные исследования.
1999 г. №9.
Кон И.С. Какими они себя видят. М: Просвещение, 1994.
Психологические аспекты нормального
и патологического старения
Бекеева Г.С.
Евразийский национальный университетимени Л.Н.Гумилева
Старение населения – одна из основных проблем, тревожащих в настоящее время почти все без исключения страны мира. Пожилые люди стали отдельной демографической, социальной и медико-биологической категорией, требующей специального подхода к решению своих проблем.
В 1982 г. в Вене ООН провела первую Всемирную ассамблею по проблемам старения. Выработанный ассамблеей международный план действий стимулировал во многих странах разработку национальных программ по улучшению здоровья и качества жизни людей пожилого и старческого возраста
Сегодня средняя продолжительность жизни в мире достигла 78 лет. Первое место по долголетию занимает Япония, где продолжительность жизни составляет 78,3 года. Средняя продолжительность жизни в Республике Казахстан составляет 62,4 года. Наряду с этим нарастает численность одиноко живущих пожилых и старых людей, которая превысила 10 млн. человек в мире. Прогрессирующее постарение населения ставит перед обществом задачу по обеспечении достойной жизни людям преклонного возраста. Люди пожилого и старческого возраста имеют право на обеспечение своих потребностей в долговременном уходе и лечении, на удовлетворение своих социальных и духовных потребностей.
До сих пор не прекращаются споры о том, когда возникает старение организма – вместе с его зарождением, с прекращением роста, с началом климактерического периода и т.д. Спор имеет общебиологическое, социальное и психологическое значение не только для понимания сущности старения, но и для построения тактики и стратегии поиска средств увеличения продолжительности жизни.
Старение – это разрушительный процесс, неизбежно развивающийся с возрастом в результате нарастающего повреждающего действия экзогенных факторов и ведущий к недостаточности физиологических функций организма /1/. Старение приводит к уменьшению приспособительных возможностей организма, снижению его надежности, развитию возрастной патологии и увеличению вероятности смерти.
Старость – это закономерно наступающий заключительный этап жизнедеятельности человека, являющий следствием процесса старения. Наряду со старением в организме действует процесс витаукта.
Витаукт – процесс, стабилизирующий жизнедеятельность организма, повышающий его надежность, направленный на предупреждение повреждения живых систем с возрастом и увеличение продолжительности жизни /2/. На процесс старения и витаукта влияют не только эндогенные факторы, но и окружающая среда. Это обосновывает поиск оптимального образа жизни, социального и медико-психологического сопровождения пожилых людей, экологических условий, замедляющих темпы старения.
Люди стареют в разном темпе. Продолжительность жизни и приспособительные возможности в одном и том же возрасте у разных людей существенно отличаются. В геронтологии существуют понятия биологического, психологического возраста.
Под психологическим возрастом понимают психофизиологические, психологические и социальные изменения, происходящие с течением времени. Хотелось бы отметить, что по проблеме старения достаточно много медицинской и социально-психологической литературы, но, вместе с тем, не полно изучены особенности нормального и патологического старения. Недостаточно исследованы психологические аспекты процесса старения, в частности особенности эмоционально-волевой, познавательной сфер лиц пожилого и старческого возрастов, особенности личности в деятельности, вопросы эмоционального реагирования на болезнь и ценностно-смысловые образования личности.
Под биологическим возрастом понимают меру старения организма, его здоровья, предстоящая продолжительность жизни /3/. Определение биологического возраста позволяет разграничить физиологическое и преждевременное старение. Физиологическое, или естественное старение, характеризуется определенным темпом и последовательностью возрастных изменений, соответствующих биологическим, адаптационно-регуляторным возможностям человека. Преждевременное старение характеризуется более ранним развитием возрастных изменений или же большей их выраженностью в тот или иной возрастной период. И физиологическое и преждевременное старение обусловлено воздействием как эндогенных, так и экзогенных факторов. При преждевременном старении более выражено ограничение приспособительных возможностей функционирования органов и систем. Причиной могут быть эмоциональное перенапряжение, стрессы, радиоактивное излучение, гиподинамия, неблагополучная экология, вредные привычки, недостаточное медико-психологическое просвещение и культура населения по вопросам профилактики преждевременного старения.
Старые люди становятся пессимистами, способность радоваться снижается, у них преобладают различные тревожные опасения: одиночества, беспомощности, обнищания, смерти. Неуверенность в себе и завтрашнем дне делает старых людей более мелочными, скупыми, подозрительными, педантичными, консервативными. Интерес к внешнему миру, к новому значительно падает. Наряду с этим появляется повышенный интерес к переживаниям прошлого, его переоценке и к своему телу, различным неприятным ощущениям, часто наблюдающимися в старости.
Происходят возрастные изменения в интеллектуальной сфере: ухудшение внимания и памяти, ослабление мышления /3/.
Сильное влияние на психику стареющего человека обычно оказывает общественное мнение, которое неустанно навязывает весьма непривлекательный образ старости. Это влияет на самооценку пожилого или уже старого человека, которая играет важную роль в процессе нормального старения. Если общество обращается со своими старыми людьми с уважением и таким образом укрепляет и способствует повышению их собственного самоуважения, то пожилой или старый человек, укреплённый в благоприятном мнении о самом себе, более склонен относиться к окружающему его миру доброжелательно и с пониманием. Если же нет, то это приводит к тому, что люди пожилого и старческого возраста ограничивают поле своей деятельности, ускоряя наступление физической и умственной немощи и слабоумия. Эмоциональные проявления с возрастом также видоизменяются. Развивается эмоциональная неустойчивость, тревога. Возникает склонность к застреванию на неприятных переживаниях, тревожно-депрессивная окраска настроения.
Так в Казахстане около 4 млн. пожилых людей нуждаются в различной медицинской, социально-психологической помощи. Важным шагом становления новой государственной политики в отношении пожилых людей было утверждение Целевой программы «Старшее поколение», принятой в 2001 году. В ней на первое место ставятся задачи расширения и совершенствования деятельности геронтологических центров, домов престарелых, цель которых состоит в активизации реабилитационного процесса с перемещением акцентов с обслуживающих приёмов на самообслуживание, на активизацию жизнедеятельности, на расширение социальных и коммуникативных возможностей пациентов.
Хотелось бы отметить, что медицинские проблемы качества жизни пожилых людей активно исследуются учёными, а возможности воздействия на него психосоциальных факторов, процессов нормального и патологического старения изучены ещё недостаточно, исследования в данном направлении представляются нам актуальным. В отечественной науке проблемам геронтопсихологии были посвящены работы Б.Г. Ананьева,
М.Д. Александровой, Е.Ф. Рыбалко и др. Анализ психологических работ позволил раскрыть значительный разброс мнений относительно личности и социальной значимости людей пенсионного возраста. Психологические исследования выделяют такие особенности стариков, как мудрость, наличие большого жизненного опыта, доброта, духовная значимость для молодёжи. Вместе с тем, отмечаются и такие негативные характеристики, как ворчливость, консерватизм, критическое отношение к молодым людям, плохое здоровье.
Те или иные социальные стереотипы, проявляющиеся в невербальных и вербальных формах поведения, оказывают значительное влияние на формирование отношения к себе пожилых людей. Под воздействием негативных мнений многие представители поздней взрослости теряют самое главное – веру в себя, свои способности и возможности. Они обесценивают себя, теряют самоуважение, испытывают чувство вины; у них падает мотивация и снижается социальная активность.
Так, Г.Крайг, ссылаясь на многочисленные исследования, пишет о том, что в любом возрасте мнения о своих возможностях и способностях оказывают значительное влияние на эффективность деятельности субъекта /4/. Некоторые пожилые люди твёрдо уверены в том, что в скором времени они потеряют память и будут не в состоянии делать то, что удавалось ранее, что они частично потеряют контроль над своей жизнью. И под влиянием проникших в их сознание мнений они действительно утрачивают и свою компетентность, и контроль над обстоятельствами жизни. Такой циклический процесс иногда называют выученной беспомощностью. В данном случае он проявляется в том, что некоторые старые люди перестают развиваться как субъекты своей жизни и даже регрессируют в этом качестве. Между тем качество отношения к себе важная роль в успешности и благополучии человека во все периоды его жизни, особенно в поздние годы. Отрицательная модальность субъективного отношения к себе является важным фактором не только психического, но и физического старения человека. Социально-психологическая недооценка или обесценивание пожилых людей тесно связаны с другими неблагоприятными, для их полноценного функционирования, обстоятельствами. К ним в первую очередь относятся: потеря работы, вынужденный уход на пенсию, утрата личностно значимых социальных функций. В результате человек лишается своего профессионального будущего, наполненного замыслами, проблемами, планами. Он также оказывается выключенным из системы межличностных, коллегиальных связей, в которую входят представители разных поколений. При этом исчезает один из важных источников информации о многочисленных событиях профессиональной, гражданской и политической жизни. В результате стареющий человек попадает в уникальную для него по степени сложности и непривычности ситуацию неопределённости. Снятие неопределённости становится главной жизненной задачей стареющего человека. Её устранение требует от личности мобилизации, совершенствования, дальнейшего развития субъективных способностей. Это проявляется в выборе, в соответствие со своими возможностями и желаниями, новых ролей и принятии ответственности за их исполнение, в поддержании и расширении межличностных отношений, в выработке нового образа жизни /4/. Кроме вышеупомянутого, в этом жизненном периоде трансформируется и система семейных отношений. Появление в семье незанятого на работе человека требует её социально-психологической перестройки. Пожилому человеку предлагаются новые социальные роли, которые он может принять или отвергнуть. В результате перестройки межличностных семейных отношений часто возникает необходимость определённой коррекции личностных качеств всех членов семьи.
Последние исследования в области геронтопсихологии дают основания полагать, что развитие и изменение личности происходит на протяжении всей жизни. Сохраняется её способность быть субъектом своего бытия, устранять ситуацию неопределённости при завершении профессиональной деятельности, обновлять свое видение или создавать новый жизненный мир с изменившейся структурой смыслов и ценностей. Однолинейная модель развития (прогресс – плато – регресс) уступает место модели многомерного и разнонаправленного развития личности. Даже на поздних этапах развития социально-психологические «утраты» сочетаются с позитивными новообразованиями. На первый план выступает механизм компенсации. Продолжается развитие интеллекта. На качество развития в поздние годы существенно влияют внешние и внутренние факторы. Среди внутренних факторов можно выделить сохранение и дальнейшее развитие прежней активной позиции, организованной идентичности, сохранение и реализация своей позиции жизни, уверенность в себе, рост способности к самоанализу и саморефлексии /5/. Вместе с тем, важную роль в пожилом и старческом возрасте играет способность расширять своё будущее за счёт постановки личностно значимых целей, умение противостоять вызываемым социумом негативным мнением.
Таким образом, для благополучного старения пожилой человек должен из содержательного многообразия окружающего мира создать оптимальные условия своей жизнедеятельности и развития. Но вместе с тем, должны быть приняты меры по улучшению медико-социального обслуживания лиц старших возрастов, а именно расширение форм обслуживания на дому, увеличение строительства домов с социально– бытовыми службами, создание геронтопсихологических отделений при психиатрических лечебницах или домах престарелых, повышение знаний медицинских и социальных работников в области геронтопсихологии, медико-психологическое просвещение и культура населения по вопросам профилактики преждевременного старения. Несомненно, любовь, забота и внимание к людям пожилого и старческого возраста, живущим в семье, в доме престарелых или иных условиях, одинаково способствует тому, чтобы старость являлась не концом, а венцом жизни.
Литература
Ананьев. Б.Г. некоторые проблемы психологии взрослых // О проблемах современного человекознания.- Спб.: Питер, 2000, с. 42 – 98.
Анцыферова Л.И. Психология старости: особенности развития личности в поздние периоды жизни // Психологический журнал Т.22. 2001 № 3 с. 86-99,
Андреева Л.С. Геронтология. Учеб. изд. 2-е Ростов н/Дону: Феникс, 2005, с. 148 – 162.
Арымбаева К.М. Психолого-педагогические особенности досуга пожилых людей и его совершенствование средствами культурно-просветительской работы: Автореф. дис. канд. пед. наук. – М., 2000, с. 293.
Безденежная Т.И. Психология старения. Путь к долголетию. Ростов н/Д.; Феникс, 2004.
с 320.
МАГИСТРАТУРА ЖАҒДАЙЫНДА
ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ
Бекжанова Б. Ж.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің
PhD докторанты
Қазақстан Республикасы нарық жағдайындағы адам капиталын қажет ететін қоғамның жаңа сапасына енді. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беру саласына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл мамандар дайындаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жүзеге асыруды талап етеді, оның мазмұны үнемі өзгеріске ұшырайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайда тиімді әрекет етуге дайын болатын, шығармашыл, кәсіби ұшқыр, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Осындай талаптарды кәсіби тұрғыда мамандарға акмеология қояды. Акмеологиялық әдіс-тәсілдер мәселелерін зерттеуге көптеген ғалымдар өз жұмыстарын арнады: кәсібилікке қол жеткізу (А.А.Бодалев, 1998; А.К. Маркова, 1996; А.А. Деркач, 2004); мемлекеттік қызметкерлердің гуманитарлық – технологиялық дамуы (А.С. Гусева, А.А. Деркач, 1997); оқытушының іс-әрекеті (Н.В. Кузмина, 1990), әскери еңбектің тиімділігі
(Л. Г. Лаптев, 1998), тренинг (А.П.Ситников, 1996); бейімдеу мектебінің мұғалімдері (Л. В. Антропова, 2004); акмеология: білім берудің жаңа сапасы (В. Н. Максимова, 2004); мұғалімнің құзырлылығын дамыту (О.А. Козырева, 2006) және т.б. Бірақ қазіргі таңда магистратура жағдайында ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындаудың акмеологиялық астарлары қарастырылмаған.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің қазіргі жүйесіндегі акмеологиялық әдіс-тәсілдерді қарастыру шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға ықпал етеді, болашақ педагогтің кәсіби іс-әрекетінде жетістікке қол жеткізу үшін тұлғалық ресурстарын пайдалануға және анықтауға мүмкіндік береді.
Тұлғаны дамыту туралы акмеологиялық ойларды көптеген философтардың еңбектерінен байқауға болады. Мысалы, тұлғаныңшығармашылық әлеуетін өздігінен жүзеге асыру базистік акмеологиялық ұғымы Платонның ендірген «өзін-өзі жылжыту» ұғымымен мағыналық қатынаста байланысты. Ал «акмеология» ұғымын (грек тілінен аударғанда акме – шың) жас ерекшелік психологиясы бөлімін белгілеу үшін бірінші рет1928 жылы
Н.А. Рыбников енгізген. Осы термин 20-шы жылдары ақыл-ой және әлеуметтік ізденіс, эвриология (П.Энгельмейер), эргонология (В.Н.Мясищев), рефлексология (В.М.Бехтерев) ғылыми бағыттарының пайда болуы барысында айқындалды /1,2,3,340б/.
ХХ ғасырдың ортасында Б. Г. Ананьев акмеологияның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтады, ал 90-шы жылдары (А. А. Деркач және А. А. Бодалев) Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясында кәсіби іс-әрекет психологиясы және алғашқы акмеология кафедрасы ашылды. Екі жылдан кейін Санкт-Петербургте «Акмеологиялық ғылымдар Академиясы» деп аталатын қоғамдық ғылымимекеме құрылды. 1995 жылы Санкт-Петербургте акмеологиялық академия (А. М. Зимичева) ашылды, ал бүгінгі күні ол – Санкт-Петербург психология және акмеология институты.
Акмеологияның нысанына есею кезеңінде даму үстіндегі тұлға жатады. Кең мағынадағы пәні – бұл есейген тұлғаның дамуына ықпал ететін немесе кедергі болатын объективті және субъективті факторлар, өзінің кәсіби іс-әрекетіндегі, шығармашылығындағы, қатынастарындағы, дамуындағы нәтиженің ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізе алатын жағдайлар, шарттар.
Гректер«акме» сөзімен адам өміріндегі есейген жастық кезеңді белгілейді, жастық шақтың осы кезеңінде адам өз қабілеттерінің жоғарғы шыңына жетеді, осы кезең адам күштерінің нығайып, қанат жайып, гүлденген кезі болып табылады /4,11б/.
А.А. Деркачтың (2004) пікірінше, акме – бұл адамның көп қырлы жағдайы, оның өмірінің үлкен уақыт шеңберін қамтиды, кәсіби ретінде қаншалықты қалыптасқандығын көрсетеді /2/.
«Акмеология ғылым ретінде психология мен педагогикада жоқ ұғымдар жүйесін құрайды. Осы ұғымдарға келесілер жатады: есеюшілік, кәсіби іс-әрекет, шеберліктің шыңы, кәсібилік» /5/.
«Акмеология – бұл адам туралы ғылымдар жүйесіндегі ғылыми білімнің және адамның кәсібиліктің шынына жетудің жаңа саласы»/6,184б/.«Акмеология – бұл адамның шығармашылық әлеуетінің шыңына қол жеткізудің заңдылықтарын, жолдарын, тәсілдерін, шарттарын және есею кезеңінде іс-әрекет барысында оның өзін-өзі жетілдіруінің амалдарын зерттейтін кіріктірілген ғылым» /7, 5б/.
С.Д. Пожарский акмеологияның генезисін және өзіндік тәжірибесін талдау негізінде келесі әдіснамалық қағидаларды қарастырады /8/:
- шыңына жету қағидасы (акмеология жеке іс-әрекеттің кез келгн түрлерінің шыңына жету заңдылықтарын зерттейді);
- біртұтастық қағидасы (акмеология ғылымның әртүрлі салаларынан алынған білімді жинақтайды);
- тарихилық қағидасы (акмеология әртүрлі тарихи кезеңдердегі акмеологиялықты айқындайды);
- жан-жақтылық қағидасы (акмеология іс-әрекеттің барлық салаларындағы оның акмесін құрайтын шыңдарына жетуін зерделейді);
-дамытушылық қағидасы (акмеология адамның өзін-өзі дамыту үдерісін оның шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруы ретінде зерделейді).
Мамандардың жоғары кәсібилігі және шығармашылық шеберлігі – ғаламдық дағдарыстық мәселелердің тиімді шешімінің факторы болып анықталатын адами ресурстардың ең маңыздысы. Осы әлеуметтік-мәдени мәнмәтінде акмеология ғылымы ерекше маңызға ие болды. Осы ғылым кәсіби іс-әрекет түрлерінің тиімді жүзеге асуының акме-формалары ретінде кәсіпбилік пен шығармашылық дамудың заңдылықтарын және технологияларын зерттейді.
Әдіснамалық тұрғыда акмеология іргелі-қолданбалы сипатта кешенді ғылым ретінде анықталады. Оның іргелілігі басқа ғылымдар саласымен зерттелінбейтін ақиқаттың заңдылықтарын танумен анықталады. Акмеологияның қолданбалы сипаты тәжірибеге бағдарланған акмеологиялық технологиялардың негізінде көрініс табады.
Дамудың қазіргі кезеңіндегі акмеологияның негізін салушы категорияларға келесілер жатады: кәсібилік, шеберлік, құзырлылық, шығармашылық, креативтілік, шығармашылық әлеует, кәсіби даму.
Педагогика ғылымы акмеологияның дамуында маңызды орын алатынын акмеология тарихы көрсетеді, өйткені «акмеологияның пән ретінде құрылуы педагогикалық акмеологияның пайда болуымен түсіндіріледі» /9,18б/.
Басқаша айтқанда, В.Н. Максимованың пікірінше (2004), aкмеология адам сапасы және өмір сапасы туралы ғылым. Алпедагогикалық акмеология – бұл педагог еңбегінде кәсібилік пен құзырлылыққа қол жеткізудің жолдары туралы ғылым.Бірақ осы анықтама көптеген зерттеушілердің көңілінен шықпады. Өйткені, педагогикалық акмеология «субъективті және объективті тұрғыда педагог еңбегіндегі кәсібилік пен құзырлылыққа қол жеткізудің жолдары туралы ғылымретіндегі ғылымға қарағанда кең мағынада қарастырылады» /9,24б/.
Осы анықтамаларды талдай отырып, «педагогикалық акмеологияға» келесі анықтама береміз: педагогикалық акмеология адамды тұлға, іс-әрекет субъектісі, индивид ретінде зерттеп, жалпы алғанда ақыл-ой әлеуеті қалыптасқан көпқырлы біртұтас адам ретінде оның жеке ерекшеліктерін анықтайды, адамның қол жеткізген нәтижелерін зерттеу негізінде оның әлеуетінің заңдылықтарын және жолдарын қарастырады. Осы педагогикалық акмеология білім сапасын арттыруда өте үлкен маңызға ие, болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығын жаңа моделін құруға жол ашады және адам капиталын дамыту мәселерін шешуге бағытталады.
Кәсібилік – акмеологияның мазмұны жағынан кең тараған категориясы. Б.А.Тұрғынбаеваның пікірінше, кәсібилік – еңбектің субьектісі ретіндегі адамның дамуының жоғары деңгейі. Егер «кемелдену» өмірдегі әрекеттің келесі кезеңіне дайындық болса, ал кәсібилік сол дайын болуды тиімді деңгейде жүзеге асыра алу деп атап көрсетеді /10,106б/. Оны шешімдер қабылдаумен байланысты белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға жеткілікті тәжірибенің, білім,білік және дағдылардың деңгейінен бейнелейтін мамандардың іскерлік және тұлғалық қасиеттерінің интегралды сипаты ретінде түсінеміз. Кәсіби құзырлы педагог – кәсіби білім мен біліктерді игерген; тек қана өз іс-әрекетін жобалауға қабілетті ғана емес, сонымен бірге білім беру үдерісінің кез-келген өзгерістеріне жауап беретін, педагогикалық үдерісті басқара білетін маман.
Н.В. Кузминаның (1990) пікірінше, педагог іс-әрекетінің кәсібилігі педагогтың оқушылардың мәселені өнімді шешуге дайындығын қалыптастыру өнерін меңгеруімен, өзінің оқу пәнінің көмегімен және өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушы тұлғасын дамыту, келесі педагогикалық жүйеге табысты енуге дайындау біліктерін игеруімен сипатталады. Жалпы айтқанда, педагогтың кәсібилігі оның оқушыларды оқуға қалай үйретуді, қалай тәрбиелеуді білетіндігімен, оларды оқығандығығының, білімділігінің, тәрбиелілігінің бір деңгейінен екінші деңгейіне тез және ұтымды тәсілдермен ауыстыра алуы.
«Акмеологиялық тұрғыда іс-әрекеттің кәсібилігі еңбек субъектісінің жоғары біліктілігі мен құзырлылығын бейнелейтін сапалық мінездемесі, оның қасиеттері, тиімді (шығармашылықты шешімдерге негізделген) кәсіби дағдылары мен біліктерінің әрқилылығы, белгілі бір іс-әрекетті жоғары және тұрақты өнімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келелі мәселелерді шешудің заманауи алгоритмдері мен тәсілдері; дамытуға тән сипаттамалар» /11,145б/.
Кәсіби құзырлылық – маманның АКМЕ жағдайға жету алдындағы кезеңі, жоғары деңгейінің көрсеткіші. Кәсіби құзырлылық акмеологиялық тұрғыдан – бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімдердің сипаттамасы ретінде қарастырылады.
«Кәсіби құзырлылықты» жеке тұлға нәтижелі кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілігі мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын қамтамасыз ететін маңызды тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіру негізінде іс-әрекеттің өнімді технологиялар кешенін игеру ретінде қарастыру ыңғайлы. Кәсіби құзырлылық жалпылаушы психологиялық және акмеологиялық категория болып табылады.
Креативтілік – ойлауда, сезінуде, қарым-қатынас жасауда, сондай-ақ іс-әрекеттің жеке түрлерінде, жеке тұлғаны немесе оның жеке жақтарын, іс-әрекет өнімдерін, оларды жасау үдерісін сипаттауда байқалуы мүмкін адамның шығармашылықты мүмкіндіктері (қабілеттері). «Креативтілік (П.Торренс) – мәселелерді, алынған білімдегі ақауларды немесе үйлесімсіздікті сезінудің байқалу үдерісі, осыларды анықтау, олардың шешімін іздестіру, болжам қою, оны тексеру, болжамды өзгерту және қайта тексеру, ең соңында мәселені шешу нәтижелерін түзу және хабарлау».
Сонымен бірге, креативтілікті дамыту жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және оның тұлғалық, кәсіби шыңға жету (акmе) үдерісінде маманның шығармашылықты жетілуге мүмкіндік жасайды. Креативті тұлғаны өзін-өзі жетілдірудің жоғары деңгейінде маманның шығармашылықты жетілуі барынша орнықтыланса, шығармашылықты жетілудің қайнар көзіне айналады/12/.
Шығармашылық әлеует - іс-әрекеттің ақыл-ой алғы шарты ретінде
(Д.Б. Богоявленская), әр адамда болатын интегралдық динамикалық тұлғалық құрылым ретіндегі дарын болып (А.И.Савенков), адамның тектік қасиеті, жаңалықты өнімділендіру қабілеттілігі ретінде (А.И. Санникова) анықталады. А.М. Матюшкиннің пікірі бойынша, шығармашылық әлеует адамның шығармашылыққа деген көзқарасын бейнелейтін тұлғалық қасиет. В.И. Андреев, Е.В.Бондаревская, Я.А. Пономарев, А.В. Хуторской шығармашылық әлеуеттің дамуына тұлғалық белсенділіктің ақыл-ой, субъектілік және т.б. түрлері ықпал етеді.
Педагогикалық шығармашылық өте күрделі феномен болып табылады. Педагог шығармашылығының жаңашылдығы мәні неде? В.А. Кан-Калик және Н.Д. Никандров педагогикалық шығармашылықты «адамның адамды күрделі түрлендіруі» ретінде қарастырады /13/.Бұл ұғымның біржақты анықтамасы жоқ. С.Л. Рубинштейн аталған ұғымды «қоғамдық маңызы бар жаңа материалдық және рухани құндылықтарды дүниеге алып келетін адам іс-әрекеті» ретінде сипаттайды /14/.
В.И. Андреев (1988) шығармашылықты адам іс-әрекетінің бір түрі ретінде анықтай отырып, оны біртұтас үдеріс ретінде сипаттайтын бірқатар белгілерді ұсынады /15/:
мәселелік жағдаятта немесе шығармашылық міндеттерде қайшылықтың болуы;
қоғам мен тұлғаның дамуына өз үлесін қосатын әлеуметтік және жеке маңыздылық пен қарқындылық;
шығармашылық үшін объективті алғышарттар (әлеуметтік, материалдық) мен жағдайлардың болуы;
шығармашылық үшін субъективті алғышарттардың (тұлғалық сапалардың — білім, біліктер, әсіресе оң мотивация, шығармашылық қабілеттер) болуы;
үдерістің немесе нәтиженің жаңалығы мен сонылығы.
Кәсіби даму –мамандықты меңгеру және кәсіби іс-әрекетті орындау барысында еңбек адамының пихикасында және тұлғалық сапаларында қарқынды өзгерістердің пайда болу үдерісі оның тұлғалық қалыптасуымен тығыз байланысты.Акмеология кәсіби дамуды оңтайландыру жолдарын зерделейді, өзін-өзі барынша толық жүзеге асырудың, кәсібиліктің шыңына жетудің тәсілдерін белсендіре отырып адамды өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде ынталандырудың тәсілдерін жасайды/11,105-106б/.
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау нәтижелері магистратурада ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау акмеологиясының астарларын зерттеу барысында төмендегідей әдіс-тәсілдерге сүйену қажеттілігін көрсетті:
- педагогикалық жүйенің барлық компоненттерін (магистранттарды оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, қағидасы, түрлері, әдістері) тығыз байланыста қарастыратын жүйелік әдіс-тәсілдер ( В.В.Краевский, Г.П.Щедровицкий, Э.Г.Юдин және т.б.);
- акмеологиялық жүйенің жүйетүзуші факторы болашақ маманның тұлғасы, яғни өзінің жеке іс-әрекетімен және акмеологиялық технологиялардың көмегімен тікелей өзін-өзі дамыту және жетілдіру субъектісі болып саналады (Б.Г.Ананьев, А.А.Деркач, Н.В.Кузьмина, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
- болашақ маманның құзырлылығын қалыптастыруды көздейтін және магистратураның білім беру ортасында мамандар даярлау сапасын анықтау тұрғысында базалық болып саналатын құзырлылықты әдіс-тәсілдер (И.А.Зимняя, Дж.Равен,
А.В. Хуторской және т.б.);
- іс-әрекетті тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың негізі, құралы және басты шарты ретінде қарастыратын; жеке тұлғаны қоршаған әлемді барынша тиімді түрлендіруші ретіндегі шығармашылықты еңбекке ұйымдастыруға бағыттайтын; іс-әрекет үдерісінде тұлғаны дамытудың оңтайлы шарттарын анықтауға мүмкіндік беретін іс-әрекеттік тәсілдер (С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Брушлинский және т.б.);
- адам мен мәдениеттің дамуын құндылықтар жүйесі ретінде және адамның өзін дамытуы, оның шығармашылықты тұлға және мәдениет субъектісі ретінде қалыптасуы ретінде қарастыратын мәдениеттанушылық әдіс-тәсілдер (В. Л. Сластенин,
Е. В. Бондаревская, Н. Д. Никандров және т.б.).
Осы әдіснамалық әдіс-тәсілдерге қатысты алғанда акмеологиялық әдіс-тәсілдер, бұл болашақ маманның барынша жоғары деңгейде кәсіби жетістікке жету, жоғары оқу орнынан кейін білім алу кезеңінде өзін-өзі толық жүзеге асыру бағыттарының қалыптасуын бағдарлайды (Н.А.Рыбников, Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев,Н.В.Кузьмина, А.А.Деркач,).
Қорыта айтқанда, магистратура жағдайында болашақ мамандарды дайындаудың акмеологиялық астарлары осы үдерісті акмеологиялық әдіс-тәсілдер тұрғысынан қарастыруды көздейді. Сонда оның негізгі категорияларының бірі ретіндегі болашақ мамандардың кәсіби құзырлылығы мен акмеологиялық құзырлығының арасындағы негізгі айырмашылықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |