Алма қаусырмасы (орыс. яблочный пирог, ағылшын. apple pie) – қамыр иленеді де, 30 минуттай салқын жерге қойылады. Алманың қабығы аршылып, ірі үккіштен өткізіледі де ұсақтап туралады. Қамырдың жартысы 1см қалыңдықта жайылып, майланған металл табаға салынады. Оған дайын алма салынып, ұнталған даршын және мейіз араласқан қант себіледі. Содан соң қамырдың қалғаны жайылып, жолақ етіп кесіледі де, қаусырманың бетіне тор көз жүргізіледі.
Алма қосылған орама (орыс. яблочный орама, ағылшын. apple pie) –алма тазаланып, 8 бөлікке бөлінеді де, әр бөлігі көлденең жұқалап кесіледі. Майға ірімшік қосылып біркелкі қоспаға айналғанша 2 күлшеге жайылады, арқайсысына алма тіліктері салынып, қант себіледі де оралады. Бетіне жұмыртқа жағылып, температурасы орташа пешке қойылады.