Алма салынған күлше (орыс. яблочный пирожок, ағылшын. apple pie) – құрамында көрсетілген өнімдерден қамыр иленеді. Қамыр салқындатылып, қалыңдығы 0,5 см етіп жайылады да төртбұрыштап кесіледі. Қамыр салқындатылып, қалыңдығы 0,5 см етіп жайылады да төртбұрыштап кесіледі. Әрбір төртбұрыштың ортасына тұқымынан ажыратылған алма кесінділері салынады. Күлшенің бұрыштары көтеріліп алманың төбесіне біріктіріледі. Сөйтіп майланған табаға салынады. Бетіне жұмыртқа жағылып, қант себіледі.
Алмаға жанышқан сөк (орыс. майсок с яблокой, ағылшын. maysok with apple )– алманың қабығы аршылады. Өзегі мен дәні алынып тасталынады да, жіңішкелеп тілінеді. Осы тіліктер лимон қышқылы мен қант шырынына араластырылып, аздап қайнатылады. Ал сөк бөлек ыдысқа салынып, үстіне ыстық сүт кұйылады. Сары май салынып, аздаған қант қосылады. Содан соң кеселерге не тостағанға салынады да, үстіне манағы қайнаған масса құйылып, дастарқанға әкелінеді.
Алма қосылған құймақ қаусырмасы (орыс.блинчатый пирог с яблоком, ағылшын. pancake pie with apples) –құймақ қуырылып, оған қант себіледі, ұсақ етіп туралған алма араластырыла және май жаға отырып кастрюльге салынады (үстіңгі бетінде қаймақ тұрады). Жұмыртқа, қаймақ және қалған қант араластырылып, қаусырманың үстіне құйылады да, пешке қойылады.
Қаусырма кастрюльдің қабырғасынан ажырағында, ол тарелкаға аударылып, бөліктерге бөлінеді.