Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Алхоры қаусырмасы (орыс. сливочный пирог, ағылшын. cream pie)



бет7/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102
Алхоры қаусырмасы (орыс. сливочный пирог, ағылшын. cream pie) – иленген қамыр 25-30 минуттай салқын жерге қойылады да екіге бөлінеді. Бір бөлігі 0,5 см. Қалыңдықта жайылып, майланған металл табаға салынады да, қолмен тегістеледі. Содан соң сүйегінен ажыратылып, екіге бөлінген алхоры қамыр бетіне салынып, қалың етіп қант себіледі. Қалған қамыр жайылып, жалпақтығы 0,5 см етіліп жолақтар кесіледі де сол жолақтармен қаусырманың бетіне тор көз, шетіне жиек жүргізіледі.
Асқабақ торты (орыс. торт с тыквой, ағылшын. cake with pumpkin) – стол үстіне ұн үйіліп, ортасы шұңғылданады да, соған маргарин мен қант салынады. Май ұсақтап кескіленеді, қамыр иленеді де, бір сағаттай салқында ұсталады.
Асқабақ тазартылып, тұқымы алынып тасталынады да, тіліктерге тілініп, ұсақтап туралады. Табаға салынып, қызуы бәсең духовкада 50 минут, яғни жұмсарғанша пісіріледі. Содан соң елекпен үгіліп, қант, жұмыртқаның сары уызы, сүт, бөрттірілген мейіз, лимон қабығының үгіндісі мен даршын қосылады. Жұмыртқаның ақ уызы сары уызынан ажыратылып салқындатылады да бұлғанып, асқабақ қоспасына араластырылады.
Қамыр жайлып, майланған торт формасына салынады. Қамырдың жиегі көтеріліп, қоспа толтырылады. Торт қыздырылған пешке қойылып, 240° С температурада 10 минуттай пісірілген соң, от 180° С-ге бәсеңдетіледі де, тағы да 30 минуттай пісіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет