Балық еті салынған қаусырма (орыс. пирог с рыбой, ағылшын. pie with fish) – ашытқысыз ашытылған қамыр қалыңдығы 1 см. етіліп жазылады. Содан соң ішіне май жағылған табаға салынады. Қамырдың үстіне шала пісірілген күріш салынып, тегістеліп жазылады. Ал күріш қабатының үстіне біркелкі етіліп, барлық фарш салынады да, бетіне ұсақ бұрыш себіледі. Сондай-ақ ортасына бір кесек маргарин қойылып, беті оқтаумен жазылған қамырмен жабылады. Сөйтіп, астыңғы қамыр мен үстіңгі қамырдың жиектері жапсырылады. Содан соң сол күйінде 20-25 минут қойылады. Бұл қаусырма температурасы 220° градус духовкаға пісіріледі.
Фарш дайындау үшін балық сүбесі әрбір кесегі 50-60 грамнан келетіндей етіп туралады да, тұзбен және ұсақтап туралған пиязбен араластырылады. Дайын қаусырманың үстіне шикі жұмыртқа жағылып, ыстық күйінде желінеді.