Алмұртқа жанышқан сөк (орыс. майсок с грушой, ағылшын. maysok with pear ) – алмұрттың қабығы аршылып, өзегі мен дәні алынып тасталады да, жіңішкелеп тілініп, содан кейін ұсақтап туралады. Үстіне лимон қышқылы құйылып, сәл ғана қайнатылады. Бірақ қант салынбайды. Өйткені алмұрттың өз қанты өзіне жетеді. Сөктің үстіне ыстық сүт құйылады. Сары май салынып, тұздалады. Содан соң ыдыстың қақпағы жауып қойылады. Осылайша бөктірілген сөктің үстіне әлгі қайнатылған масса құйылып, дастарқанға әкелінеді.