4-Тапсырма. Инновациялық іс-әрекет және оның құрылымына сипаттама жасаңыз.
Инновациялық әрекет деп мұғалімнің өз тәжірибесінде әлдеқайда жоғары нәтиже беретін белгілі сатыда біртіндеп енген жаңалықтың сапалы өсу динамикасын айтады. Инновациялық іс-әрекет бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі межеден ауытқу тудырады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтың пайда болуы, іске асырылуы сияқты кезеңдермен ерекшеленеді. Педагогикалық үрдіс те басқа үрдістер секілді инновациялық іс-әрекетті талап етеді. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет негізінен жаңадан пайда болу, өңдеу және тарату кезеңдерімен сипатталады.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыруда төмендегідей
педагогикалық принциптерді басшылыққа алған жөн:
- таңдаған ( жаңа ) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі;
- жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат-міндеттеріне сәйкестігі;
- жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- таңдаған әдістің мектептің материалдық – техникалық базасына сәйкестігі;
- жаңа әдістің мұғалімнің әдістемелік мүмкіндігіне сәйкестігі және т.б.
Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері:
- жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
-жаңалықтың жетіксіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;
- жаңалықтардың басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;
- жаңалық еңгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Бұл міндеттерді шешу үшін мынадай қосымша міндеттер шешілуі қажет:
-арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдарынан жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;
- өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.
Инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңінде мұғалімнің педагогикалық инновацияны өз тәжірибесінде, жаңалықты педагогикалық үрдісте пайдаланудың әдістерін анықтайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің екінші эвристикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты белгілі бір мақсатпен жүйелі ендірумен сипатталады. Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерді іздестірумен айналысады, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз етуде рефлексия басты орын алады. Педагогикалық үрдіске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық іс-әрекеттің өрбуіне кедергі болған факторларды анықтайды, оларға диагностикалық талдау жасайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді. Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің жоғары сатылы нәтижелігімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады. Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық педагогикалық үрдісті ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық үрдіске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |