«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет51/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

 


2-тапсырма. Топтық жұмыс.
Берілген кестелерден очерктің жанрлық және тілдік 
ерекшеліктері туралы ақпарат алып жұпта талқылаңыздар. 
 
 
 
немесе
Газет очеркі
Көркем очерк
Очерктің түрлері
Портреттік очерк 
Проблематикалық-
аналитикалық очерк 
Суреттеме очерк
Жол сапар очеркі
Типі 
Суреттеу
Баяндаушы құбылысты, оқиғаны өзі қатыспай-ақ объективті 
түрде суреттейді. Бұл суреттеу өткен шақтағы етістіктің 3-ші 
жағының жекеше немесе көпше формаларының көмегімен 
келтіріледі. 
Баяндау 
Автор баяндауды белсенді жүргізуші ретінде көрінеді. 
Баяндаудың бұл түріне авторлық «мен» тікелей қатысты. 
Очеркке сондай-ақ мазмұндауды «біз» арқылы баяндау да тән.
Тілдік ерекшелігі
Бейнелі, әдемі тілмен жазу мәнері мен шеберлікті 
талап етеді
Әр кейіпкердің бейнесін, образын, портретін ашу үшін 
іс-әрекеті, ой-өрісі, өмірді тануы, яғни, әр кейіпкердің 
тіл ерекшеліктері болуы шарт.
Тақырыбы
Адам өміріндегі еңбек, ауыл шаруашылығы, ғылым, 
білім, мәдениет және т.б. 
Адамдардың қол жеткен табыстары, адамгершілік 
әрекеттері туралы жылы лебіз білдіріп, тебірене 
баяндайды
Очерктің стилі
Публицистикалық
Көркем әдебиет 


 
 
Оқылым тапсырмасы
Жұптық жұмыс.
Гүлжауһар Сейітжанның «Түбектегі тұңғыш педиатр» тақырыбындағы 
очеркті оқып, талдаңыздар. Мәтіннің тақырыбын, стилі мен жанрын, очерктің түрін 
анықтап, дәлелдер келтіріңіздер. Жазушының тілдік қолданысын талдап, мысалдар 
келтіріңіздер. 
ТҮБЕКТЕГІ ТҰҢҒЫШ ПЕДИАТР
... Бір жолы Тұрыштағы интернат балалары арасында эпидемия тарады. Жұмагүлдің осы 
балаларды емдеуіне тура келген. Күнделікті дәрі-дәрмектерін өз қолынан ішкізбесе, 
көңілі көншімеді. Әрбіреуінің жанына отырып, жылы қабақпен жағдайын сұрамаса, 
жетімсіретіп алатындай. Жұмагүл көңілі сонда да тыншымаған. Күнделікті емін жасап 
өзге де жұмыстарын реттеген соң бір күні қолына дорба алып, үй-үйді аралап кетті. 
— Интернат балалары үшін көк сарымсақ керек еді. Үйлеріңізде ондайдан ештеңе жоқ 
па, — дейді сонда айтатыны. Өзі үшін өмірінде біреуден сабақ жіп сұрап көрмеген басы, 
сол жолы басқаның бәрін де ұмытқан секілді. Көз алдында тек қана өзіне жәудірей 
қарап, көмек күткен балалар ғана... 
Ауыл адамдары дәрігер қыздың мұқтажын жүректерімен ұққандай. Бір-екі тал болса да, 
қолына ұстатып жатыр... 
Ақыры күткен күн де жеткен. Балалардың бәрі де бастарын көтерді. Аурудың беті 
қайтты. Осылайша он күн бойына күнімен-түнімен дерлік тыным таппаған дәрігер қыз 
жеңіспен үйіне оралған. 
* * * 
Жұмагүл Орынбайқызымен мен ұзақ жылдар қызметтес болдым. Орта медициналық оқу 
орнын бітіріп Таушыққа келгеннен кейін ол кісінің қарамағында медсестралық қызмет 
атқардым. Кейіннен осы Шевченко қаласына ауысқан соң да қызметтес болдым. Сол 
жылдарда көзім жеткен бір жай, ол кісі бір кезде Таушыққа қандай өзіне өзі талап 
қойғыш, өз ісіне аса мұқият, жауапты қарайтын болса, коллектив басшысы кезінде де 
сол қасиеттерін жоғалтпапты. Және сол талапты өз қарамағындағы қызметкерлеріне де 
қоя біледі. Қандай іс тапсырса да, оның қандай қиыншылығы болса да уәж айтып 
жатпастан, еш жаққа бұрылмастан баратын жеріміздің шалғайлығына да қарамастан 
жолға шығып, жүре беретінбіз. Өйткені ол кісіге жұмыс жайына келгенде сылтау айтып, 
бұлталақтауға ұялатынбыз. Ол кісі қызмет істеген жерде осындай бір атмосфера 
қалыптасатын, — дейді қазір облыстық аурухананың қан құю станциясында қызмет 
істейтін Роза Сағымбаева. Осы бір сөздердің өзінен-ақ көп нәрсе аңғарылмай ма... 
Портреттік
• Мұнда озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың мінез-
құлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері, соларды қалыптастырудағы қоғамның, 
ортаның ықпал-әсері ашылады. Портреттік очерк кейде бір жеке шаруашылықтың, өнеркәсіп ұжымының 
еңбегін керсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арналады
Проблематикалық-
аналитикалық
• әлеуметтік, экономикалық, саяси өміріміздегі моральдық тұрмысымыздың өмір-салтындағы 
жаңалықтардың күн тәртібіне қойылып, шешілуін талап ететін проблемалық мәселелерді көрсетеді. Ол 
көбінесе аудан, ауыл, өнеркәсіп орындарының өмірінен алынып жазылады. Мұнда аналитикалық пікір-
толғанысқа бару, сын айту басым жатады.
Суреттеме
• Мұнда кейіпкер мен ұжым бейнесін ашатын өмірбаяндық бірер ғана емес, нақты факті алынады. Оны 
көрсетуге очерк табиғаты суреттеудің очерктік жүйесі қолданылады. Ол боллған оқиға, орын алған 
фактімен оперативті түрде жазылады.
Жол сапар 
• Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған 
оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, 
салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді.


Жаңағы Жұмагүл Орынбайқызының қажырлы еңбегі көп көзінен таса қалған жоқ. 1963-
жылы Облыстық Советтің депутаты болып сайланды. 1967-жылы "Денсаулық сақтау 
ісінің үздігі" деген атаққа ие болды (1965-жылдың күзінде Каспий жағасында Шевченко 
сынды ақ мәрмәр қалаға ауысқан Сарина бұл кезде облыстық аурухананың бас дәрігері 
дәрежесіне жеткен). 
Жаңғырған өлке мен жаңадан пайда болып, қанат жайған жас қаламен бірге түбектегі 
медициналық қызмет көрсету ісі де өрістей түсті. Бір кезде сол облыстық ауруханада 
балалар мен ересектер ғана емес, медициналық қызметті қажет еткен бүкіл науқастар 
емделді десек, артық болмас еді. 1978-жылы облыстық балалар ауруханасы құрылған 
кезде Жұмагүл Орынбайқызы оның бас дәрігері болды. Ол түбекте өркен жайған бұл 
қызмет саласының алғашқы күндерінен бастап атсалысып, бойында бар білімі мен 
тәжірибесін халық денсаулығын сақтау ісіне сарқа жұмсап келе жатқан маман. 
— Қазір медициналық қызмет бүкіл облыс көлемінде жоғары сатыға көтерілді. 
Ауруханамызда балалар денсаулығы үшін қызмет істеуге тиісті қазіргі заманғы советтік 
медицина мамандарының бәрі дерлік бар. Іс тетігі көп жағдайда ұйымдастыруға, 
шаралардың дер кезінде алынуына байланысты ғой. Сол себепті профилактикалық 
жұмыстарға зор мән береміз. Осы бүгін ғана Ақшұқыр селосына бір бригада жүріп 
кетті. Ол келесі жылы мектепке баратын алты жасар балаларды тегіс профилактикалық 
байқаудан өткізеді, — дейді бас дәрігер аурухананың қазіргі жағдайымен таныстыра 
келіп. Мұндай бригадалардың селолық жерлерде болуы жиі ұйымдастырылатындығы да 
байқалады. Осы тұста бас дәрігердің іскерлігі, инициативашылдығы, талап қойғыштығы 
хақында оның әріптестері айтқан сөздер тағы да ойға оралған. Оның өз ісіне 
тындырымдылығы науқастар алдындағы дәрігерлік жауапкершілікті терең сезінетіндігі, 
коллектив басшысы ретіндегі ұйымдастырушылық қабілеті ол әңгімелеген әрбір жайдан 
да аңғарылғандай. Оған абырой әперіп отырған да сол екенін қапысыз түсіндік. 
* * * 
Жұмагүл Орынбайқызы қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып келеді. Он екі 
жылдан бері қаламыздың белді насихатшыларының бірі. Әлденеше рет қалалық 
Советтің депутаты болып сайланған. Кешкі марксизм-ленинизм университетін бітірген. 
В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, 1973-
жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградталған. Бірінші 
категориялы дәрігер педиатр дәрежесі үшін сынақтан өтті. 
Ол есігінің алдында "Жедел жәрдем" машинасы қаңтарылған қала шетіндегі биік 
ғимаратқа бүгін де асыға жеткен. Мұнда оны екі жүз жиырма адамнан құралған үлкен 
коллектив, қызметтестері, денсаулықтарын түзеу үшін жатқан ондаған сәби күтуде. 
Күнделікті шешімін іздестіретін жайлар қаншама?! Олардың бірі коллектив мүддесіне 
қатысты қажеттіліктен туса, енді бірі сырқат балалардың ахуалымен ұштасып жатады. 
Бүгін оның көңілінен кетпей қойған сары аурумен түскеніне екі ай болған сәбидің 
жағдайы. Екі ай ішінде сырқатынан айығып кете алмаған бұл баланы қарауға Ақтөбеден 
шақырылған маман бүгін жетуге тиіс. Келе ақ хатшы қызға самолеттің қай кезде 
келетінін білуді тапсырған... 
Осылайша оның күнделікті ұшы-қиыры жоқ жұмысы басталып жүре берді. 
Аурухананың бөлім меңгерушілерімен өткізілген шағын кеңес тез аяқталған сияқты 
көрінгенімен, бірталай уақыт алыпты. Алдында жатқан календарлық жоспарға үңілген. 
"Сәрсенбі күні қандай кезекті жұмыстар бар еді!?". "Иә, медсестралар советінің 
отырысы, одан соң жергілікті комитет мәжілісі..." Телефон шыр ете түсті. Қалалық 
партия комитетінен екен. Түстен кейін төртке барлық делегаттарды бірінші секретарь 
жинап жатқан көрінеді, соған баруы керек. Асығыс сағатына қараған. "Тездету керек", 
— деп күбір етті де, алдындағы кнопканы басқан: 
Күтіп отырған кісілерді жіберіңіз... 
Сәлден соң есіктен қолында бір парақ қағазы бар қартаң әйел кіре берді. Бас дәрігер 
алдындағы орындықты нұсқады... 


Гүлжауһар Сейітжан 
http://bilim-all.kz/article/8613  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет