Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#199514
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Нейронның құрылысы денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың ортасы
Білу және түсіну Жүйке жүйесінің қызметі. Жүйке жүйесінің міндеті – жеке
бөліктердің өзара әсері барынша тиімді болу үшін жеке мүшелер мен
жүйелердің жұмысын ұйымдастыру. Яғни, жүйке жүйесі жеке бөліктердің
жұмысын ұйымдастырып, оларды тұтас ағзаға айналдырады. Қарапайым
мысал келтірейік. Егер жануар жүгірсе, оның бұлшық еттеріне көп энергия
қажет. Демек, тыныс алу және қан тамырлары жүйесі де жа- сушаларды
оттекпен қамтамасыз ету үшін белсенді болуы керек. Сонымен қатар
органикалық заттар ыдыраған кезде түзілген артық жылу мен шлактан
белсенді түрде арылу қажет. Теріде тамырлардың ұлғаюы, оның қызуымен
тер бөлуі белсенді түрде жүреді. Осы үдерістердің барлығы жүйкежүйесі
қатысында жүзеге асырылады. Жүйке жүйесінің қатысынсызмүшелер
жұмысын үйлесімді бақылау мүмкін емес.Жүйке ұлпаларыныңқұрылысы
мен қызметі. Жүйке жүйесінің мүшелері (жұлын, ми, барлықжүйке) жүйке
ұлпаларынан тұрады. Жүйке ұлпаларының подтиптеріболмайды. Олардың
барлығы жасушалардың екі түрінен: нейрондар меннейроглиялардан
тұрады. Нейрондар – жүйке ұлпасының негізгіжасушалары. Жүйке
ұлпасының қызметін нейрондар атқарады. Нейрондарда жүйке
импульстерін беруге қабілетті. Нейрондардың бұл қабілетіөткізгіштік деп
аталады. Яғни жүйке ұлпаларының негізгі екі: қозғыштықжәне өткізгіштік
қызметі бар. Жүйке ұлпаларының қосымша ұлпаларынейроглия деп
аталады. Оларды глиальды жасушалар деп атайды. Оларнейрондарды
қорғайды, сақтайды және қоректендіреді. Олар нейрондарғақарағанда
көп. Мысалы, бір нейронды шамамен мыңдаған глиальдыжасушалар
қоршайды. Нейрондардың құрылысы. Әрбір нейрон денесі менөсінділерден
тұрады (96-сурет). Нейрон денесі , ядросы, цитоплазмасы менбарлық
негізгі органоидтері бар жасушаларының орталық бөлігі.Нейрондардың
қысқа тармақталған өсінділері дендрит деп аталады.Бұтақтары ағашқа
ұқсайтындықтан осылай аталады. Жасуша денесіненшығатын ұзын бір
өсінді аксон деп аталады. Ак- сон – ішінде ұсақорганоидтер, сыртында
жасуша мембранасы болатын нейронцитоплазмасының алып өсіндісі. Адам
және жоғары құрылымдыжануарларда аксондардың көпшілігі майтәрізді
қабықшада болады.Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Стикердегі
диалог» әдісі (Топмүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып,
қабырғадағысұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін
қорғайды.) Топтарғатапсырма: 1. Неліктен нейрондарды жүйке ұлпасының
қызмет бірлігі депатайтынын түсіндіріңдер. 2. «Жүйке ұлпасы», «нейрон»,
«нейроглия»,«аксон» және «дендрит» деген терминдерге анықтама
беріңдер. 3.Суретте көрсетілген (а) нейрон бөлігін атаңдар. Нейронның
суретін (ә)салған кезде қандай қате кеткен?
«Пікірлер» парағы әдісі,
сұрақтар жазылған
парақшалар,қалам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет