Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет124/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   292
МЕНІҢ АТЫМ - ҚОЖА
Қадыр – менің әкем. Еh, шіркін дүние-ай десеңші. «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық. Балалар менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені, ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. (Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...)
Еh, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар.
Кімге де болса бір әке әбден керек. Тіпті селкілдеген шалдардың өздері кейде «жарықтық, әкем анандай еді, әкем мынандай еді» деп, еске алып, армандап отырмай ма?
Ал күйеу керек пе әйелге? Меніңше, әбден керек. Кейде Миллат мамам әкемнің суреттерін ақтарып қарап отырады да, мұңға батып, бір түрлі егіліп кеткендей болады. Кірпігі жасқа шыланады... Мен сол кезде маматайымды керемет аяп кетем. Бірақ аяғанмен не пайда, білем, сезем неге күйзелетінін.

*** *** ***


Мектеп күзетшісі Сәйбек менің қасыма келіп отырды.
- Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді ғой. Оған тартсаң, директор түгіл, одан үлкені боласың. Бірақ оған тартпағансың. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиын емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. Қалай дейсің ғой. Міне, былай, алғаш колхоздасқан жылдың күзінде мен, оның келіскен бір жорға күрең аты бар еді,- ол кезде жұрттың бәрі жаяу, - соны диірменге мініп барып, сазға батырып, өлтіріп қойдым. Суып, қаңсып тұрған атты суармай отқа қоям деп, өзімнен болды. Аяғы шідерлеуі еді. Су ішем деп барып, оппаға түсіп кетіпті. Ертесінде қарасам, суға сүңгіген үйректей арт жағы ғана көрініп, тоңқайып жатыр. Он шақты жігіт жабылып, арқан сап әрең суырып алдық. Міне, басқа біреу болса, соны қыңқ еткізбестен төлетіп алар еді ғой. Ал, Қадыр марқұмның кең пейілдігі соншалық, сіз қас қып өлтірген жоқсыз ғой, ажалы солай тура келген шығар деп, үнсіз қоя салды. Міне, әкең осындай парасатты, ақылды жігіт еді – деп үнсіз қалды. (Соқпақбаев Б. Менің атым – Қожа: Повесть. Өлгендер қайтып келмейді. Роман. - Астана: Елорда, 1999. – 468 бет. 9-10, 88-89 беттер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет