Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет90/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   292
БАЛА БОЛСАҢ - БОЛҒАНДАЙ БОЛ!
Бала болсаң – болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бл.
Досыңа майыспа,
Дұшпаныңа қайыспа.
Жаман болсаң көп жақсы
Жақсы болсаң еп жақсы.

Арғымақ мінген байлардың


Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның
Елге мұқтаж күні бар.

Басқа бақ жарасады,


Батырға жақ жарасады.
Аталы ерден би тұрса,
Халықтың пайдасына жанасады.

Жақсы адамға мал бітсе,


Ағайынның жоғына қарасады.
Жаман адамға мал бітсе,
Көрінгенмен итше таласады.
(Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер.Құраст. Б. Адамбаев, Т. Жарқынбекова.- Алматы: Жазушы, 1989.-368 бет. 80- бет.)


ЖАҚСЫ ЖІГІТ БЕЛГІСІ
Жақсы туған жігітті
Жаным десе жарасар.
Жақсы ұл туған қатынды
Ханым десе жарасар.
Жақсы туған жігітке
Бүкіл елі таласар.
Жаман туған жігіттер
Қара жолдан адасар.

Арғымақ аттың құйрығы-


Сатса жібек, кессе қыл.
Жақсы жігіт белгісі
Түзде мырза, үйде құл.
Қошқар болар тоқтының
Маңдай жері дөң болар.
Адам болар жігіттің
Айтқан сөзі жөн болар.

Би болатын жігіттің


Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің
Жебеде болар жұмысы.
Батыр болар жігіттің
Көбеде болар жұмысы.
Қызық көрер жігіттің
Бүркітте болар жұмысы.
Жаман болар жігіттің
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Итте болар жұмысы.
(Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер. Құраст. Б. Адамбаев, Т. Жарқынбекова.- Алматы: Жазушы, 1989.-368 бет. 83- бет.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет