Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 30 сағат



бет51/87
Дата25.12.2021
өлшемі158,22 Kb.
#105461
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Жағымды қарым-қатынас тәсілдерін ата?

2. Әлеуметтік қарым-қатынастың арақашықтығын ата?

3. Имидж дегенді қалай түсінесің

4. Іскер адамның имиджі қалай болуы керек деп ойлайсың?

7 дәріс



Тақырып: Іскерлік қарым-қатынаста қолданылатын негізгі сұрақтар.

Дәрістің мазмұны:


1.Іскерлік қарым-қатынаста қолданылатын сұрақтардың мазмұнына қарай топталуы.

2. Сұрақтың негізгі түрлері.

3.Жауап берудің тиімді шарттары.

Мақсаты:Іскерлік қарым-қатынаста қолданатын негізгі сұрақ түрлерісен таныстыра отырып, өзге тұлғаға сұрақ қойа білуге және мәдеиетті түрде жауап бере білуге үйрету.

1.Кәсіпқой менеджерлер серіктес адамдар арасында сұхбатта нақты сұрақтың әңгімеге жетекші, тіпті негізгі қазық болатынын атап көрсетеді. Әңгіме тақырыбына сай жетекші сұрақ қоя алмайтын адам әңгімелесуші серігінің кескін-кейпін, эмоциясын қадағалап, тұнжырап қалуына себепкер болады. Байыпты сұрақ әңгіменің тиегін ағытып, керекті арнамен өрбуіне әкеледі.Орайлы ойластырған сұрақ іскерлік қарым-қатынаста сәтті сұрақ – талаптанудың сәтті формасын құрайды. «Егер сіз...», «Бұл жағдайда қайтер едіңіз» деген ситуациялық сұрақтар әңгімелесушінің ынтасын оятады. Ал сіз ақшаңызды қайда сақтайсыз? Деген қарапайымсұрақ түрлері қажетті ақпаратты алуға негіз болса, «Сіз менімен келісесіз бе?», «Менің бұл пікірімді құптайсыз ба?» деген сұрақтар әңгімелесуші серігіңізді қажетті жауапты алуыңызға итермелейді. Сұрақтар әңгімелесуші адамның ішкі жан дүниесін ашып, көзқарасын, сезімін танытады.Сондай-ақ сұрақтар дәлелдемелердің мәнін ашады немесе теріске шығарады, әңгіме тақырыбына сай жаңа фактілерді толықтыра түсіреді. Сұрақтар әңгімені тереңдететүсуімен қатар әңгімелесуші серіктерді жақындастыра түседі.Іскерлік қатынастардағы сұрақтарды мазмұн-мәніне қарай былаша топтауға болады:

-ақпараттық – қажетті хабар, ақпарат көздерін жинақтау үшін қойылады;

-бақылау сұрақтары – тексеру мақсатында қойылады;

-бағдарлау сұрақтары - әңгімелесуші серіктің бұрынғы айтылған пікірінде қалған, қалмағанын байқау мақсатында қойылады;

-нақтылау - өзара түсіністікке жету үшін қойылады;

-танысу - әңгімелесу жақтың мақсатын, пікірін білу мақсатында қойылады.

-альтернативтік (баламалы) – бірнеше нұсқаның біреуін таңдау мақсатында қойылады;

-бағытттаушы – егер әңгімелесуші адам тақырыптан ауытқып кетсе, әңгіме тақырыбын бастапқы арнаға бұру мақсатында қойылады.

-бастама сұрақ - әңгімелесушінің қызықтыру мақсатында қойылатын проблемалы сұрақ;

-қорытынды сұрақ – іскерлік қатынаста ымыраға келу үшін қойылады;

-жабық сұрақ – нақты жауап талап ететін, екеуара диалогты тәмамдайтын сұрақ;

-ашық сұрақ - әңгімелесуші жеткілікті жауапты талап ететін сұрақ.

2.Ашық, жабық және бастама сұрақтар негізгі сұрақтар болып табылады.



Жабық сұрақ – жоғарыда атап көрсеткендей, қысқа да нұсқа жауапты талап етеді. Әдеттегідей «ия», «жоқ» деген жауап берілуі қажет. Мұндай сұрақтар өндірістік салада, юридистикалық мәселелерді шешуде қолданылады.

Әңгіменің ақпараттық шеңберін кеңейтіп, тақырыпты жан-жақты қозғауда бастама сұрақтар арқау болады. Жабық сұрақтар «Солай болды ма?», «Қанша?», «неше?», «қайда?» тәрізді болса, бастама сұрақтар «не үшін?», «неліктен олай болды?» сипатында болады.

Қай-қай сұрақ та логикалық байланысқа негізделеді. Мысалы: бірде Уинстон Черчилльдің шофері жолдан қағыс кетіп, бағыттан айырылып қалады. Ашуланған Черчилль машинадан басын шығарып, өтіп бара жатқан жолаушыдан:кешіріңіз, мен қайдамын? – деп сұрайды.

Сонда жолаушы: «Автомобильдесіз» деп жауап береді. Черчилльдің қасында отырған парламент, дебаттардың білгірі:

- Бұл сауалыңа нақты берілген жауап. Біріншіден қысқа әрі дөрекі жауап, екіншіден тіптен керексіз. Үшіншіден, сұраушы білмейтіндей пәлендей ештеңе айтылған жоқ, - деген екен. Міне, сондықтан да әрбір сұрақ грамматикалық жүйелі болумен қатар логикалық байланысқа да негізделуі қажет:

- оның пікірі, көзқарасы;

- оның қызметіне қатысыт фактілер;

- оның бизнеске қатысты бастама ойлары;

- келісіміне қатысты;

- толық мазмұнды талап ететін неліктен, не себептен деген сұрақтар;

- жетектеуші сұрақтар т.с.с.

Осы тектес сауалдар арқылы сіз сұхбаттасушы серігіңізге психологиялық ықпал жасай аласыз.

3.Қарым-қатынас жасауда әңгімелесуші екі жақтың да бірін-бірі дұрыс, бірқалыпта қабылдағандары қажет.Сұрақ қоя білумен қатар, дұрыс жауап бере білу де үлкен өнер. Ол үшін төмендегідей шарттарды назарда ұстаған абзал.


  1. Жауап берместен бұрын 8 секундтай кідіріс жасау керек.

  2. Егер сұрақ мазмұны жағынан күрделі болса, бөлшектерге бөліңіз. Мысалы: Сіздің дүкен қашан ашылады, қандай тауартүрлерімен жұмыс істейсіз, бағада жеңілдік бола ма? т.с.с

  3. Сұраққа жауап беру қиындық тудырса;

а)қайталауын өтініңіз (қайталау барысында сұрақтың формасы өзгеріп, мақсаты да айқындалуы әбден мүмкін).

ә) өзіңіз қайталаңыз (сұрақ қоюшы тағы да бір мәрте өзгеріс енгізеді, сұрақ мазмұны ашылады).

б) ойлануға бірнеше минут сұраңыз (бұл уақыт аралығында сұрақ ұмытылып та кетеді).

4. Қысқа да нұсқа жауап беруге тырысыңыз.

5. Тақырыптан ауытқып кеткен сұрақтарды екі-үш фразамен тәмамдаңыз.

6. Сауатсыз сауалдарға, мәселен, коммерциялық құпияны жария ететін, сіздің беделіңізді түсіретін, жеке өміріңізге қатысты сұрақтарға

- сұраққа сұрақпен жауап беріңіз, яғни бумеранг әдісі.

- сұраушының өзіне бағыттаңыз;

- әңгімені басқа тақырыпқа ауыстырыңыз;

- ешқанадай сұрақ естімегендей кейіп танытыңыз;

- сұраққа негативтік тұрғыдан, «бұл сәтсіз сұрақ екен, ойластырылмаған орынсыз сауал екен, ешқандай мәні жоқ екен» деген сияқты баға беріңіз;

- юмор,ирония, сарказммен жауап беріңіз «Сіз өз сауалыңызды маңызды деп ойлайсыз ба?», «Сауалыңыз сондай қиын екен» т.с.с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет