Қонаққұмайдың тозаңды қаракүйесі. Қоздырғышы – Sorosporium reilianum (Kuhn.) Mc. Alpine f. sp.sorghi Gesch. Кеселге шалдыққан шашақтардың су мен қоректік заттар тасымалдайтын түтікшелерінен басқа мүшелері толығымен жұқа сұрғылт қабықшамен көмкерілген, іші күңгірт -қоңыр телиоспоралардан тұратын қаракүйе қапшығына айналады.Инфекциятұқым арқылы таралуы мүмкін,көбінесе топырақта сақталатындықтан дақыл қатарынан бірнеше жыл егілген танаптарда ауру көбірек кездеседі. . Көктемде базидиоспоралар өніп, қарама-қарсы жынысты жасушалар бір-бірімен қосылуы нәтижесінде пайда болғанпромицелий өскіндерді залалдайды.
Қонаққұмайдың жабық қаракүйесі. Қоздырғышы– Sphacelotheca sorghi (Link.) Clinton.Негізгі ие-өсімдікпен қатар судан шөбін залалдайды. Шашақтың жекелеген түйіндері, сұр немесе ақшыл-күлгін үлбірмен көмкерілген іші телиоспораларға толған қаракүйе түйірлеріне айналады. Олар жиын-терін кезінде жарылып аңызға шашылады, тұқымды тозаңдайды. Телиоспоралар сопақтау, кейде сүйірлеу келеді, реңі күңгірт-қоңыр, мөлшері 3,6-7,2 мкм. Көктемде топыраққа сіңірілген тұқыммен бірге олар өніп, өскіндерді залалдайды. Саңырауқұлақ мицелийлері болашақ шашақта шоғырланып, онда қаракүйе спораларын түзеді.Инфекция тұқым арқылы таралады, топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Қонаққұмайдың толарсақ немесе көпіршіктенген қаракүйесі. Қоздырғышы –Sphacelotheca cruenta (Kuhn.) Potter.Шашақтарда ұзындығы 1-1,5 см жететін, сәл иілген, іші спораларға толы қаракүйе түйірлері пайда болады. Телиоспоралар жиынтығыныңреңі қызғылт-қоңыр, пішіні дөңгелектеу, сопақтау, мөлшері 31-157 Х 22-45 мкм. Жекелеген споралар сопақтау, кейде сүйір, реңі күңгірт-қоңыр, үстінде сүйел тәріздес бедері бар. Шірімеген өсімдік қалдықтарында қыстап шыққан телиоспоралар өніп, түзілген споридийлер ауа ағынымен таралып, өсімдіктердің гүл шоқтарын залалдайды. Осы себептен бұл ауру дақыл бір жерге қатарынан бірнеше жыл егілген танаптарда жиірек кездеседі.
Жүгерінің оңтүстік гельминтоспориозы. Қоздырғышы Deyteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататын– Bipolaris maydis Shoem. (син. Helminthosporium maydis), қалталы сатысы - Cochliobolus heterostropus Drechs. Дүние жүзі бойынша жүгерінің аса бір қатерлі ауруы. Оның белгілері жапырақ тақтасындажүйкелермен шектелген, ұзындығы 3-4 см, ені 0,5-0,6 см,күңгірт- сары немесе ашық-сары созылған дақтар ретінде байқалады. Ауа температурасы 27-300С, ылғалдылығы 90% және одан жоғары болса, ауруға шалдыққан өскіндер опат болады. Залалданған жапырақ пен сабақ буынаралықтарының саңылаушаларынан реңі күңгірт-қоңырконидия сағақтары жекелей немесе топтаса шығады. Конидиялар ұршық тәріздес, сәл иілген, реңі ашық-қоңырдан күңгірт -қоңырға дейін өзгереді, мөлшері 30-85х100-160 мкм, 2-3-тен 8-10-ге дейін көлденең перделермен бөлінген. Бұл ауру АҚШ пен Оңтүстік Америка құрылығында, Ресейде және т.б. елдерде таралған. Қазақстанда кездеспейді, карантинді нысанға жатады. Инфекция тұқым арқылы таралады, өсімдік қалдықтарында сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |