Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Саңырауқұлақтар қоздыратын сабақ және дәнек аурулары



бет42/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Саңырауқұлақтар қоздыратын сабақ және дәнек аурулары


Жүгері сабағы шірігінің негізгі қоздырғыштары-Ascomycotaжәне Deyteromycotaкластарына жататын Sclerotiniabataticola,Мacrophomina phaseoliAshly.және Fusariumсаңырауқұлақтары. Фузариозды шірік көбінесесабақтың төменгі буынаралықтарында жөкеленген қоңырқай жолақтар ретінде,сабақтыкөлденеңінен кессе ұлпалардың қарайғаныбайқалады. Цефалоспориозды (Cephfalosporium maydis) шірікке шалдыққан сабақтарда саңырауқұлақ мицелийлері бойлай таралады,буынаралықтармен жапырақтар қынабы қоңырқай тартады,ауру собыққа дейін жетеді.Сабақ шіріктерінің инфекциясы бірнеше жолмен–тұқым, өсімдік қалдықтары және топырақ, өсу кезеңінде ауа ағысы мен жаңбыр тамшылары және бунақденелілерарқылы таралады.


Нигроспориоз.Қоздырушысы–Deyteromycota класының Монилиялылар қатарына жататын Nigrospora oryzae Вerk et Br. Petch.Ауруға көбінесе физиологиялық әсерден әлсіреген өсімдіктер шалдығады. Оның алғашқы белгілері егісте байқалуы мүмкін. Көбінесесобықтар жиын-теріннен кейінгі сақтау кезінде залалданады,өзекшесінбойлай қақырайды.Дән өзекшеге берік орнықпай,былқылдап босайды. Сау собықтарменсалыстырғандаауруға шалдыққандарының салмағы 3-4 есе жеңіл келеді. Залалданған дәнектерде ауа ылғалдылығы жоғары болса ортасында кішірек қара нүктелері бар сұрғылт өңез пайда болады.Бұл ауру қоздырғышының конидия сатысы. Мицелий тарамдалған, түссіз, конидиялар бір жасушалы, дөңгелектеу, реңі қара-қоңыр, мөлшері 13-15 мкм. Саңырауқұлақтың өніп-өсуіне және аурудың дамуына 18-250С аралығындағытемпературақолайлы. Кеселге шалдыққан тұқымдар өнгіштігін төмендетеді, өскіндер әлжуаз, көбінесе топырақтан шықпай шіріпопат болады. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Собықпен дәннің зеңденуі.Жүгері собықтары мен тұқымықоймада сақтау кезеңінде ауа ылғалдылығы жоғары болсазеңдене бастайды.Саңырауқұлақ түріне байланысты өсімдік мүшелерін қызғылт, күлгін, немесе сұр өңез басады.Дәнектерзәрлі микотоксин бөліп шығаратын Aspergillus niger саңырауқұлағымен жиі зеңденеді. Жүгерікөк балауса алу үшінсолтүстік өңірде ертелеу, аса қыза қоймаған топыраққа егілсе,тұқым зеңденіп, өнгіштігі айтарлықтай төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет