Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет45/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Күріш аурулары




Бұл дақылдың кең таралған, зиянды ауруларынапирикуляриоз,фузариоз, альтернариоз және бактериоздың екі түрі жатады.


Пирикуляриоз.Қоздырғышы–Deyteromycota класының Монилиялылар қатарына жататынPiricularia oryzae Br. еt Cav.Ауру жапырақтардың теңбілденуі, сабақ буынаралықтары мен шашақтар және дән қауызының қоңырқай тартуы, қараюы,жөкеленуі ретінде байқалады.Жапырақтардапішіні әртүрлі келетін,сопақтау, тез арада үлкейіп, ұзындығы 3-4,ені 0,5-1 см,күңгірт-қоңыр жиекпен қөмкерілгенсозыңқы дақтар байқалады. Олардың жоғарғы ұшындағыдақтардың реңі сұрғылт, төменгі жағында күңгірт-сұр, кейде қара-қошқыл келеді. Сабақтардағы қара-қоңыр дақтар байқалып, тез үлкейіп, буынаралықтар жөкеленеді, опырылғыш келеді. Ауру қатты өршіген жағдайда күріш егісі мезгілінен ерте бурыл тартып, ойдым-ойдым болып қурай бастайды, нәтижесінде дақылдың түсімділігі айтарлықтай төмендейді. Ауру белгілері шашақсағақтары менмасақ қауыздарындажәне дәнектерде байқалады. Олар сұрғылт тартып, жөқеленеді.Залалданған дәнектердің қауызы сұрғылттартып, кейде оларда жиектелген қоңырқай дақтар түзіледі. Ауа ылғалдылығы жоғары болса, немесе залалданған өсімдік мүшелерін ылғалды ортада ұстасақ, дақтардың үстін саңырауқұлақ мицелийлері мен конидияларынан тұратын сұрғылт өңез басады.Конидия сағақтары зәйтүн реңді, немесе сұрғылт, 2-4 көлденең перделері бар, мөлшері 80-180х4-6 мкм. Конидиялар алмұрт немесе жұмыртқа тәріздес, 2-3 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері19-25х8-10 мкм. Аурудың дамуына 25-280С аралығындағы температура және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90%- дан жоғары болғаны қолайлы. Осындай жағдайда оның белгілері 3-4 тәуліктен кейін байқалса, 14-200С болса инкубация мерзімі 7-11 тәулікке дейін созылады. Пирикуляриоздыңкелетін шығын аурудың таралу мерзімімен , егісте даму ұзақтығына байланысты 20-25% және одан да жоғары болуы мүмкін. Кеселге шалдыққан тұқымның өнгіштігі төмендейді,өсу кезеңінде өскіндермен қатар ересек өсімдіктер опат болуы мүмкін. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет