Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет46/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Фузариоз.ҚоздырушыларыDeyteromycota класының Монилиялылар қатарының Fusarium oxysporiumSchlecht., сонымен қатар –F.culmorum Sacc., F. heterosporium Nees. және F. graminearumSchwabe. және т.б. түрлер болуы мүмкін. Ауру белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде, өскіндер мен ересек өсімдіктер тамырының шіруі, сабақ буынаралықтары мен дәнек қауыздарыныңқараюы ретіндебайқалады. Жас өскіндердің тамыр мойыны қоңырқай тартып, жапырақтары сарғаяды, біртіндеп солады,олар оңай жұлынады. Ересек өсімдіктердіңсабақ буынаралықтары қарайып, шашақтары жетілмей,масақтарда дән байлануы төмендейді. Саңырауқұлақ дәнекті залалдап, оның тауарлық сапасын және тұқымның өнгіштігін төмендетуі мүмкін. F.culmorum көбінесе тамыр мойынындакездеседі, ақшыл, немесе кейіннен сарғылт тартатын мицелий түзеді.F. heterosporium-мен залалданған өсімдіктеркөбінесе солады, дән сағақтары мен қауыздарын қызғылт өңез басады. Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтар дара және қос жарнақты көптеген өсімдік түрлерінде тіршілік етеді. Олардың инфекциясы шірімеген өсімдік қалдықтарымен қатар, топырақта сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Альтернариоз.Қоздырғыштары– Deyteromycota класының Монилиялылар қатарына жататынAlternaria tenuissima Nees ex Fr.және A.infectoriaSimmons.Ауру белгілері дәнек қауызының қоңырқай тартуы ретінде байқалады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса, немесе залалданған өсімдік мүшелерін ылғалды ортада 5-6 тәулік ұстасақ, оларды саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын сұрғылт немесе күңгірт-зәйтүн реңді өңез басады. Конидиялар бір-бірімен тіркескенұзын тізбек түзеді, көлденең және тік перделермен бөлінген,мөлшері 17-22 х 10-22 мкм. A. tenuissima көптеген астық дақылдарының тұқымында кездеседі, негізінен сапрофитті тіршілікке бейімделген, дән және тұқым сапасына айтарлықтай әсер етпейді.A.infectoria-ның патогендік қасиеті жоғары, зәрлі токсин бөліп шығарады, бірақол күріш дәнектерінде сирегіреккезлеседі.
Гельминтоспориоз.Қоздырғышы– Deyteromycota класының Монилиялылар қатарының өкілі Bipolaris oryzae Shoem. (син.: Helminthosporium oryzae Br.et Haan.) қалталы сатысы–Cochliobolus miyabeanusDrechs. Орталық Азияда кең таралған, өткен ғасырдың 50-жылдары Алматы облысында қатты өршігені тіркелген.Ауру белгілері тамырлар мен жапырақтарда және дән қауыздарында сарғылт-қоңыр дақтар ретінде байқалады. Жас өскіндерде тамыр шірігі байқалады. Ауру жайлаған мүшелерде сұрғылт, біртіндеп күңгірт тартатынсаңырауқұлақтыңмицелийлері түзіледі. 2-3 пердемен бөлінген конидия сағақтары өсімдік ұлпасынан дара, немесетоптанып шығады. Конидиялардың пішіні түйрегіш тәріздес, сәл иілген, реңі ашық-қоңыр,5-13көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 30-40-100-150 х 15-22 мкм.
Нигроспориоз.Қоздырушысы–Deyteromycota класының Монилиялылар қатарына жататын Nigrospora oryzae Petch.Факультативті тоғышар, өсімдік өсуінің соңғы кезеңінде,көбінесе сабақ буынаралықтары мен дәнектер қауызын, кейде жапырақтарды ұнтақ тәріздіқара өңез басады. Саңырауқұлақ конидиялары бір жасушалы, шар тәріздес немесе сопақтау, мөлшері11-16х9-12 мкм. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет