Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Бактериялар мен вирустар қоздыратынжәне физиологиялық аурулар



бет43/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Бактериялар мен вирустар қоздыратынжәне физиологиялық аурулар

Қонақжүгері мен судан шөбінің бақтериозы.Дақылдарды бактериоз ауруының екі түрікездеседі.Қызғылт немесе сақиналанған бактериоздың қоздырғышы PseudomonasandropogonsStapp.Ол негізгі ие-өсімдікпен қатартары мен судан шөбін, итқонақпен күрмек және т.б. астықтұқымдастарды залалдайды.Ауру белгілерікөбінесе жапырақ тақтасының жоғарғы ұшы меншеттерінде орналасқан, қызыл жиекпен қөмкерілген, дөңгелектеу немесе сопақ, созылыңқы, мөлшері 2-3 мм-ден бірнеше сантиметрге дейін жететін қоңырқай№ немесе сарғылт дақтар ретінде байқалады. Бактерия жасушалары дара немесе қысқа тізбекретінде кездеседі, сұйық ортада қозғалады, Грамм әдісімен боялмайды. Картопжәне ет-пептон агарларында ортасы көтеріңкі,жасылфлуоресценция беретінсарғылт дөңгелектеу шоғырлартүзеді.Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.


Қонақжүгерінің жолақ бактериозы.Қоздырғышы – Xanthomonascampestrispv. holcicolaElliottDye. Негізгі ие-өсімдікпен қатар судан шөбін залалдайды. Ауру жапырақтардың орталық жүйкесін бойлай орналасқан, жіңішке, көлденеңі 2-3 мм, ұзындығы 3-5 см жететін қоңырқай жолақтар ретінде байқалады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса дақ үстінде бактерия жасушаларынан тұратын сары экссудат түзіледі.Кейін ол кеуіп, ұнтаққа айналады, жаңбырмен шайылып, төменгі жапырақтарды залалдайды. Бактерия жасушаларыдара, немесе қосарланған, кейде қысқа тізбек түзеді, сұйық ортада жақсы қозғалады, мөлшері 0,4-0,9Х1,0-2,5 мкм. Картопжәне ет-пептон агарларында ортасы көтеріңкі,дөңгелектеу, реңі сарғылт,қоймалжың шоғырлар түзіледі. Инфекция тұқым арқылы таралады, сонымен қатар өсімдік қалдықтарында сақталады.
Жүгері собығының бактериозы. Қоздырғышы –Bacillus subtilis Cochn. (син. B. mesentericus) бактериясы. Ауру белгілері көбінесе собықтыңжоғарғы ұшында орналасқан дәнектерде қоңырқай, дөңгелектеу,жиектелген дақтар ретінде байқалады. Бактерия жасушаларыдара немесе қосарланған, сұйық ортада қозғалады, Грам әдісімен боялады, спора түзеді, сауытсыз(капсула). Картоп агарындаақшыл-сұрғылт, ортасы дөңес,беті қатпарланғаншоғырлар түзеді. Инфекция өсімдік қалдықтары мен топырақта ұзақ мерзімге дейін сақталады. Бактерия талғампаз емес, картоп пен сәбіз және басқа да тамыр жемістердің сулышіруінің себепшісі.
Сабақ шірігі. Қоздырушысы –Erwinia carotovora Hall.Бактерия өсімдік талғамайды, суы мол түйнектер мен тамыржемістерді, көкөніс өнімдерін, жүгері мен қонақжүгерінің сабақтарыныңшіруін қоздырады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі кенжелеп, реңі күңгірт-жасыл тартады, сабақтарының төменгі буынаралықтары қарайып, шіри бастайды, шашақтанғаннан кейін біртіндеп солып, опат болады. Ауруға собықтар шалдықса орама жапырақтар шырыштанып, өсімдіктер жоғарғы ұшынан қурай бастайды. Кей жағдайларда жүгері сабақтары шіруінің себепшісі өсімдік пен жануарлар қалдықтарында тіршілік ететін coli-aerogenusтобына жататын бактериялар болуы мүмкін. Инфекция өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталады, жаңбыр тамшыларыжәнебунақденелілер арқылы таралады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет