Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет11/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

Бірінші жағдайда, ол педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және оқыту әдістерін зерттеп, педагогикалық процесті жобалаушы бөлігі, аймағы;

Екінші жағдайда, ол процестің жүру алгоритмі, жоспарланған нәтижеге жетудің мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдарының бірлігі;

Үшінші жағдайда, барлық жеке, заттық және әдістемелік құралдардың жұмыс істеп, жүзеге асуы болып табылады.
Сол себептен Г.К.Селевко педагогикалық технологияның құрылымына төмендегідей бөліктерді:
а) тұжырымдық негіз;
ә) мазмұндық бөлім: оқытудың жалпы және нақты мақсаттары, оқу материалдарының мазмұны;
б) процессуалды бөлім – технологиялық процесс: оқу процесін ұйымдастыру; оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; мұғалімнің материалды игеру процесін басқарудағы іс-әрекеті; оқу процесінің диагностикасын кіргізеді [59, 17 б.].
М.В.Кларин: «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс жасау реті» – деген пікір білдіреді [96].
Н.Ф.Талызинаның пікірінше: «Оқыту технологиясы – бұл оқу процесін нақты сипаттаудың, мұғалімге қойылған мақсатқа жетуде басшылыққа алынатынның нақ өзі» [97].
Ж.Қараевтың пікірінше, технология дегеніміз - әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процестер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оның үстіне қолданылатын әдістер нәтижеге жетуге кепілдік бере алмайды [98].
Д.В.Симоненко: «Педагогикалық технология - білім берудің неғұрлым тиімді түріне қол жеткізу мақсатында оқыту процесін жоспарлау, қолдану мен бағалаудың жүйелі әдісі», - деп атап көрсетеді [99].
Мәселені зерттеуші ғалымдардың пікірін қорытындылай келе, біздің педагогикалық технология – педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық процесті жобалаушы бір бөлшегі деген тұжырым жасауымызға болады. Демек, ол – білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін процесс.
Ғылыми–педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау көрсеткендей, қазіргі педагогикалық теорияда «педагогикалық технология» ұғымына бірдей көзқарас жоқ, оны біреулер мектепті техникаландыру десе, енді біреулер оқытуды аудиовизуалды құралдармен қамтамасыз етіп, компьютерлендіру, ал келесі бір көзқарас бойынша, дидактикалық жобалар мен педагогикалық жүйені, оны практикада қолданудың дәрежесін көтеру болып табылады дейді. Осының бәрі бұл ұғымның (құбылыстың) көп қырлылығын сипаттайды, демек оны зерттеудің әдіснамалық бағыт-бағдарын негіздеу қажет.
Сонымен, педагогикалық технология – тиімді оқыту жүйелерін құрастырумен, оқу процестерін жобалаумен айналысатын педагогикалық ғылымның бағыты.


Біріншіден, оқыту технологиясы – оқу ақпараттарының пайда болып көрінуі, өзгеру, өңделу әдістері мен құралдарының жиынтығы болса; екіншіден оқыту барысындағы мұғалімнің оқушыға қажетті техникалық және ақпараттық құралдарды қолдана отырып, әсер ету жолдары туралы ғылым.
Яғни, оқыту технологиясы – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Анықтамалардан технология мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылымымен, құралдарымен, әдістерімен және түрлерімен тығыз байланысты деген тұжырым аңғарылады.
Біз «технология» – techne - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, бір сөзбен айтқанда, технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін көреміз.
Педагогикалық технологиялардың қазіргі мағынасы адамның іс-әрекетінде білімдердің тәсілдерін қолдана отырып белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кепілдік беру. Осылайша технологияның негізгі белгілері болып табылатындар:

  • белгілі бір құрамдардың жиынтығы (сәйкес келуі, кірігуі);


  • логикасы, құрамдардың бірізділігі;


  • әдіс-тәсілдер, әрекеттер;


  • нәтиженің кепілі деген қорытындыға келдік.


Білім берудегі педагогикалық технологияның жеке аспектілері мен түрлерін В.М.Монахов, М.В.Кларин, Ш.А.Амонашвили, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Ю.К.Бабанский, В.К.Дьяченко, П.М.Эрдниев, В.Ф.Шаталов және т.б. еңбектерінде қарастырса; Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Т.Галиевтың, Н.Н.Нұрахметовтың, Г.К.Нұрғалиеваның, М.М.Жанпейісованың, Ә.Ә.Жүнісбековтың педагогикалық технологиялары кеңінен танымал. «Оқытудың мазмұны тұрғысынан қарағанда оқыту технологиясы – бірқалыпты жоспарлы ұйымдастырылған және оқытудың техникалық құралдары толық және ішінара қолданылған оқу процесі мен білімді игеруді зерттеумен айналысады», - деп жазды белгілі дидакт В.Оконь [100].


Демек, оқыту технологиясын оқу ақпараттарын қалыптастырудың, өңдеудің, таратудың, қабылдаудың, сезінудің, есте сақтаудың және жаңғыртудың мақсатты дидактикалық процесі ретінде елестетуге болады. Оқыту технологиясы – педагогикалық тәжірибенің нақты жағдайында керемет оқу процесін жүзеге асырады, оқытып үйрету мен оқып-үйренудің ақиқат қызметін бейнелейді. Ендеше оқыту технологиясы – оқу іс-әрекеті мен оқытуды ұйымдастырудың амал, әдіс, тәсілдерін қолдану теориясы.
Сонымен, педагогикалық технологияның өзіне тән ерекше сипаттарына төмендегілерді:
  • оқытудың диагностикалық негізде қойылған мақсаттарын анықтау;


  • оқу мақсаттарына жету кепілдігіне бағытталу;


  • кері байланыс, ағымдағы және қорытынды нәтижелерді бағалау;


  • оқыту әрекеттерін қайта жаңғыртуды жатқызады.


М.Чошанов «оқыту технологиясы» мен «әдістемелік жүйенің» негізгі айырмашылықтарын ажыратып, диагностика, нәтижелілік, үнемділік, түзету сияқты педагогикалық технологияның негізгі белгілерін айқындап берді [101].


Егер педагогикалық технологияда бұл белгілер айқын байқалса, әдістемелік жүйеде бұлар өте әлсіз болады не мүлдем болмайды.
Сол сияқты В.И.Андреевтің оқыту әдістемесі мен педагогикалық технологияға жасаған талдауларын басшылыққа ала отырып, А.А.Жайтапова оны салыстырмалы түрде төмендегідей 1 кестеде көрсетеді [102]:
1 кесте – Оқыту әдiстемесi мен оқыту технологиясын салыстырмалы талдау

Салыстыру өлшемі


Оқыту әдістемесіне тән белгілер


Оқыту технологиясына тән белгілер


Мақсаттылық


Оқушылардың ақырғы мақсатты жете түсінбеуі


Оқушылардың ақырғы мақсатты жете ұғынуы


Тұжырымдамалылық


Мұғалімнің теорияны субъективті түсіндіруі


Ғылыми негізделген теорияға сүйену


Жүйелілік


Жүйелілік міндетті емес


Оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістемесін, амалын жоғары деңгейде жүйелі пайдалануы мен жобалауы


Диагностикалық


Мұғалім қоятын талап деңгейіне байланысты


Ғылыми объективті көлемдермен негіздеу


Оқыту сапасына кепілдік


Мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты


Тұрақты жоғары


Жаңашылдық


Көбіне тактикалық (әдістемелік) сипатта болады


Стратегиялық (іс-әре-кеттік) сипатта болады



Оқыту технологиялары жіктемесіндегі жеке тұлғаға бағдарланған технологиялардың біздің зерттеулеріміз үшін алар орыны ерекше. Өйткені жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар жеке тұлға дамуының, оның қуатын пайдаланудың шиеленіссіз, қауіпсіз, жайлы шарттарын қамтамасыз етеді, олардың мақсаты баланы жан-жақты, еркін және шығармашылық дамыту болып табылады. Бұл жөнінде ғалым И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:

  • басты мақсаты – оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;


  • білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;


  • оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.


И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты - әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. «Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің – яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты» [103].


Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 құрамы міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мазмұнының төрт құрамы де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жеке дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауына және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз [104].
Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы – оқушының жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді [59,41 б.].
Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темпераменті, мінез-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдет-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақытылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.
В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:
  1. Жеке тұлға – дегеніміз адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.


  2. Адам «жеке тұлға болу» тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын (рефлексия, өзін-өзі жүзеге асыруы, әлеуметтік жауапкершілігі және т.б.) атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.


В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:


  1. Жобалау элементі – «тұлға өміріндегі оқиға», ол кейіннен біртұтас өмірлік тәжірибеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады.


  2. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады: мұнда сұхбаттасу білім беру субъектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады.


  3. Процесс (сұхбаттасу, ізденіс, ойын) тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.


  4. Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайларына жақын бола түседі.


  5. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлғааралық, субъектаралық қарым-қатынас сипатын алады [105].


Ендеше жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл - ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субъектісі ретінде қарау.


Г.К.Селевко бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектілендіруге ұмтылатын «толыққанды тұлға» болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді. Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаны өзінің табиғи қабілеттеріне сай қалыптастырып, дамыту болып табылады [59, 39].
Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Мұндай технологиялар психодиагностика әдістерін пайдаланады, оқушылар қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертеді, оқытудың түрлі құралдарын қолданады. Демек, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ «тұлғаға бағдарланған оқыту», «тұлғалық тәсіл», «даралай оқыту», «даралау тәсілі», «саралай оқыту» және «саралау тәсілі» ұғымдары өзара өте тығыз байланысты және бір-бірінен туындайды.
Сонымен, С.В.Кульневичтің атап көрсеткеніндей, білім беру процесін тұлғаға бағдарлау гуманистік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді, бұл дегеніміз – білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; жекелеген (пәндік) білік-дағдылар емес, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері, өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқорлық көрсету және мұғалім мен оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы [106].
Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты – адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға: ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-шығармашылық сипаты, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.
Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары:
  • В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы [107] ;


- П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (ДБШ) технологиясы [108] ;


  • В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы [109];


  • Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы [79];


  • Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы [88; 110; 111];


  • Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы [112];


  • М.Чошановтың, П.И.Третьяковтың, К.Я.Вазинаның, В.М.Монаховтың модульдік оқыту технологиялары [101; 113; 114; 95];


  • Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы [115];


  • Ж.А.Қараевтың, Т.Т.Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың, Н.Н.Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал [116; 117; 118; 119;120].


Енді осы технологиялардың кейбiрiнiң өзіндік ерекшеліктеріне қысқаша жеке-жеке тоқталайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет