Оқу мысалы
— жазба
T²NGR²I — транслитерация
/teŋri/ — транскрипция
teñri — латын жазуымен
Жазу тарихы
Ең ежелгі (V-III ғғ. б.з.б.) жазбалар Қырғызстанда (Иссык, Талас, Балыкчи т.б.) табылған.
Қызыл (Тыва) қаласындағы тасжазба
Жазу түп-тегі анықсыз. Көп нышаны таңбалармен сәйкестігін белгілейді, дыбыс мағынасы акронимнен шыққан деп. Кейбір нышандарға (қырлы келген, жазу бағысы, дыбыс мағынасы сәйкес) қарап ерте семит жазуына туысқандығы ұйғарылып тұр: Библос жазуы және Пүн (финикиялық) жазуы.
Орхон-енесай жазбаларын бастапқы кезіндегі зерттеуінде кейбіреулер осы жазу сұғдақ доғал жазуынан шықты деп болжалаған, немесе тіпті қытай жазуының дыбыс белгілейтін нышаншадан шықты деп болжалаған.
Соңғы кезде кейбір зерттеушілер кһароштһи жазуынан, немесе бір тамырдан түп-тегін болжалаған.
Моңғол басымы кезіне (XIII ғ) дейін әліппе араб, тағы басқа түркі жазуымен қысып шығарылған.
Көне Түркі жазуынан басқа көп руника жажулар шыққан - бұлғар руналары, Сәркел қаласындағы (Хазар қағандығы) саз жанғышақтардағы жазбалар, мажар жазуы, талас жазуы және т.б.
Ғылыми зерттеуінің негізі XIX ғ. аяғында құрылған. 1893 жылы 25 қазан айында дания лингвисті Уильям Томсон жазу мұқамын шешкен. Бірінші таныған сөз — Теңрі (Тәңірі).
Кездесетін аумағы
Жазбалар Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей елдерінде кездеседі.
Дереккөздер
1 Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
2 Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
2. Көне түркі әліпбиі
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V-IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған түмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын» – «Ақ марал» деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған «Алтын адамның» қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей өріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен: «Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!» Зерттеушінің пікірінше, бүл сақ дөуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыратибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлүқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалык дүғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке косылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі – руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.
Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзен- дерінің қойнауларында табылған. Бүл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың «кілтін» тапқан – Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына үқсатып, бүл жазуларды да руналық, яғни «құпия» жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған қүлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау өдісімен тасқа, түрлі бүйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналык жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг, рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады. Қазақстан жерінен табылғандары – Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара су қоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Бұрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор. Көне түркі жазуларында, әсіресе қүлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге каған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жүртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге каған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: «Тәңірідей төңірден жаралған Білге (дана) қаған бүл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, үлым, руым, халқым… Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі таска жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!» Білге каған түсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, өділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: «Түркі халқы үшін түнде үйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым».
Орта ғасырлардағы жазу-сызу
Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғдыжазуы дегеніміз — орта ғасырлардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында «ұйғыр жазуы», кейінірек «найман жазуы» деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII-XII ғғ.) араб әліпбиін де қолдана бастайды. Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмүд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағүни «Қүтты білік», Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмат», Сүлеймен Бақырғани «Хикмет», Рабғузи «Қиссауыл әнбия» («Әулиелер дастаны», «Оғызнама» (IX-X ғғ.), Әбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі», т.б. Көне түркі тілі, жазуы – бүгінгі өзбек, қазақ, үйғыр, түрікмен, қырғыз, карақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.
Руна жазуларының сипаты
Түркі тіліндегі осы деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашкан — В.Томсен. Одан кейін Орхон жазуларынорыс тіліне аударған түрколог В.Радлов болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетті.
Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір ғылыми пікірлерге карағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғда әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген. Бүл екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін байкау онша қиын емес. Керісінше, түркі әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының таңбаларына үксас. Олай болса, «Түркі жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында жатқан жоқ па?» деген орынды сұрақ туады.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазак, халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бөрі-бөрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар казақ халкының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны –өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.
Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жаткан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
Достарыңызбен бөлісу: |