1. Латын графикасы: тарихына қысқаша шолу.
2. Латын графикасына негізделген алғашқы қазақ әліпби жобасы.
3. Бүгінгі уақыттағы латын әліпбине көшу мәселелері.
1. Латын графикасы: тарихына қысқаша шолу.
Қазақ латын әліпбиі (1931).
Qaһarman papьjros tartьp otьrdь / қаһарман парыйрос тартып отырды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Sьвolьc “kәlвijt” qazaq meniŋ papьrosьmdь sen urladьŋ dep, ςerde ςatqan multaq qajьŋ men Qaһarmandь salьp өtti //Сыболыш «кәлбійт» қазақ менің парыросымды сен ұрладың деп, жерде жатқан мұлтақ қайың мен Қаһарманды салып өтті (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Tek dьjnamьjt dуris etken cьrt ujqь cьradai acьldь // Тек дыйнамыйт дүріс еткен шырт ұйқы шырадай ашылды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 9-бет). Dіjnәmіttь Qаһarmannьŋ qasьna qojadь// Дыйнамытты Қаһарманның қасына қойады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 10-бет). Ьja Duvnajьp mьna sizderge alьp kele ςatqan qarςь, kәnвertti almaq вolьp ajqasqan вatьr dep kәnвertti nacalnikke вerdi // ыйа Дұунаеп мына сіздерге алып келе жатқан қаржы, кәнбетті алмақ болып айқасқан батыр деп кәнбертті нашалникке берді (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Ujat вolqan eken! – dep necalnik вәdik вolьp alaqtadь// Ұйат болған екен! - деп нешалник бәдік болып алақтады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 18-бет).
Латын графикасына негізделген әліпби.
Қабылданған әліпбидің артықшылығы:
1. «бір дыбыс – бір әріп» принципі қатаң сақталды;
2. Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды;
3. Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;
4. кірме әріптер жоқ;
5. жол асты, жол үсті белгілері жоқ.
Қабылданған әліпбидің кемшілігі.
Кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбаған. Сонымен Латын әліпбиіне көшкеннен кейін басы шешілмеген бірнеше мәселе туады. Ол – бас әріп мәселесі, шылаулардың жазылуы, кейбір әріптердің жазылуы, сөздердің бірге және бөлек жазылуы тәрізді мәселелер. Бірақ ең басты мәселе орыс сөздерінің дұрыс орфографиялануы болды. Орыс тілінен енген сөздер бірнеше тұрпатта жазылды. Сондықтан 1938 жылы әліпби және емлеге бірнеше өзгерістер енгізіледі. Орыс тілінен енген сөздер түпнұсқалыққа негізделе бастайды. Осы жылдардан бастап қазақ әліпбиіне в, ф, х әріптері, кейіннен олардың саны екі есе өсіп кеткені белгілі.
1936 жылы шыққан оқулық.
1938 жылғы реформа.
1938 жылға дейін қолданылған әліпби жүйесіндегі бірнеше қиындықтарды шешу үшін Қазақ ССР-ның Орталық Атқару Комитеті мен халық комиссарлары Советінің және Орталық Атқару комитетінің председателі, орынбасары Н.Өмірзақов, Ы.Тәжібаевтың ұйғаруымен 1938 жылы 1 қаңтардан бастап «Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы» қаулысы жарыққа шығады. Бұл қаулыда қазақ тілінің емле кодексіне біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қаулы мынадай тармақтардан тұрады: а) емленің негізгі принциптері; ә) әліппе және дыбыс жіктері; б) дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен алмасып естілгендегі жазылуы; в) қысаң езулік дауысты ы, і-лердің жазылуы; г) и, у әріптердің жазылуы; д) орыс тілінде бар, қазақ тілінде жоқ дыбыстардың жазылуы; ж) сызықшамен жазылатын қос сөздердің түрлері; з) кейбір жалғаулықтардың жазылуы; л) бас әріптің емлесі. Осы ережеден кейін орыс тілінен енген сөздер фонетикалық принциппен емес, түпнұсқалыққа жақындық принципіне ауыстырылып жазыла бастады.
Атап айтқанда мынадай тармақтар енгізілді:
х дыбысының таңбасы әліпби құрамына ендіріледі. 1938 дейінгі әліпбиде сөздің жуан-жіңішкелігіне байланысты өзгеріп жазылып жүрген сөздер, 1938 жылдан бастап түпнұсқа принципін басшылыққа алды: колхоз – қалқоз емес, химия – қыймыйа емес, хлор – қылор емес т.б.
я дыбысының жазылуы мынадай ереже арқылы толықтырылды:
я дыбысы сөздің басында келгенде және дауысты дыбыстан соң келсе «и+а» қосындысы арқылы белгілеу (Laroslavski, Iakutia, Ideia, Ialta, Koreia т.б.)
я дыбысы дауыссыз дыбыстан соң, сөз аяғында «ия» болып келсе де «иа» арқылы беру: іspania, ximia, aksia т.б.
я дыбысы дауыссыз дыбыстан соң келгенде «иа» арқылы беріліп, егерде жіңішке естілсе тек ә арқылы беру: izolәtsia, Alәska, Tatiana, Mәta т.б.
в дыбысының таңбасы әліпби құрамына кіргізілгендіктен бәгөн, бәкзәл түрінде жазылып жүрген сөздер, түпнұсқаға жақындатып вагон, вокзал түрінде жазу;
1929 жылы ц дыбысына байланысты бір ғана ереже болды. Ал 1938 жылы ц дыбысына байланысты тағы бір ереже қабылданады. Ол ц дыбысы сөздің ортасында, сөздің соңғы позициясында келген жағдайда тс қосындысы арқылы игеру: konstitutsia, protses, printsip, sөlts т.б.
щ дыбысы дауысты дыбыстан соң және сөздің ортасында қосынды шш арқылы: Miccanino, Вlagoviccenski, Roccin т.б. Ал орыс тіліндегі щ дыбысы сөздің басында немесе аяғында және ортасында дауыссыз дыбыстан соң келсе, тек бір ғана шәрпімен беру: Cucie, Cedrin, coloc т.б.
1938 жылы ю әрпіне байланысты ереже толықтырылады. Ережеде сөздің басында дауысты дыбыстардан соң ю дыбысы қазақ тілінің қос и+у әріптерімен (iuвilei, soiuz, kaiuta), ал барлық дауыссыз дыбыстан соң и+у дыбысы тек у әрпімен беріледі делінген (revolutsia, вudçet, вulleten). Вiuro, вiurokrat сияқты сөздер қос иу әріптерімен таңбаланады деп ескерту енгізілген.
орыс тілінің ë дыбысы сөздің басында немесе дауысты дыбыстан кейін келген жағдайда іо (iolka, zaiom) әрпімен, ал дауыссыз дыбыстан соң ө-мен белгілеу: aktөr, mantөr, pulemөt, katөl, pөlөmkin, вudөnni т.б.
ф дыбысының таңбасы әліпби құрамына кіргізілгендіктен бұрын п дыбысына алмастырылған сөздер түпнұсқалық принципті басшылыққа алып ф арқылы жазу: фабрика – пәбірік емес, физика – пійзік емес;
кірме сөздердің бастапқы позициясында келетін о, е, и, у дыбыстарын өзгертпей жазу: пролетариат – purьltarьjat // pyreletarьjat //pьroletarьjat // puraletarьjat емес. Коммунист – kөmenes, kәmenes, kәmuvnes емес.
кірме сөздердің аяққы позициясында келетін о, е, и, у дыбыстарын өзгертпей жазу: метро – метра емес, биро – бұйра емес, динамо – динамы емес, самалөт – самалұт емес.
сөздің аяғында келетін в, д, г дауыссыз дыбыстарын өзгертпей жазу: Ленинград – Ленинграт емес, актив – әктіп емес, педагог – педагок емес.
кірме сөздерде келетін екі дауысты дыбыс қатар жазылады: зоологиа – зологиа емес, театр – тыйатыр емес т.б.
орыс тіліндегі -ист қосымшасын тұрпатын өзгертпей жазу: коммунист, сотсиалист, натуралист, ал бұл сөздерге жалғау қосылғанда т дыбысын түсіріп жазу: натуралис+тің т.б.
Осы жылдардан бастап (1938-39 жж.) латын графикасына негізделген әліпбиді орыс графикасына ауыстыру мәселесі қызу талқыға түсе бастайды. 1939 жылы 10 тамызда алғашқы әліпби жоба жарияланады. Жобада 40 әріп: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Осы тәрізді жобалардан кейін 1940 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуықабылданады. Оның емле ережесі де бекітіліп, өңделіп те келе жатыр. Бірақ қазіргі кезде ғалымдар орыс тілі сөздері түпнұсқа принципіне бағынуын және кірме әріптердің қазақ әліпбиінде орын берілуін сөз етіп келеді. Осыған орай ғалымдар жаңа жазу, жаңа әріп алдымен тіліміздің табиғи болмысын дұрыс тануға, өзіндік дыбыстық жүйесін зерделеуге зор мүмкіндік тудыру керек деген пікірді жиі айтады. Шындығында, латын графикасына көшу жай ғана әріп алмастыру науқаны болмауы тиіс.
Ең бастысы орфографияны «қосаржарлық» сипатынан айыру керек деген принципті алға тартуға болады. Жалпы жазу теориясында уәжді және уәжсіз принцип бар. Бұл мәселені қазіргі кезде ғалымдар лингвистикалық және психологиялық жағынан қарастырып келеді. Лингвистикалық жағы бұл әліпбидегі әріптердің саны негізгі дыбыстардан соншалықты алшақ кетпеуі, негізгі дыбыстармен тең түсуі т.с.с. Ал психологиялық жағын алар болсақ, жазу – адам ойының материалданып, жарыққа шығуының құралы. Сондықтан ұлттық санада немесе тілдік санада белгілі бір дыбыстың суреті жоқ дыбысты тіл арқылы жарыққа шығару немесе оны жазу өте күрделі. Осыған байланысты Н.Уәлиұлыбылай дейді: «Әліпбидегі әріптердің саны шамадан тыс көп болуы мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымызға да оңай тимейді. Ана тілінің дыбыстарын бейнелейтін әріптерді мектепке келген балдырғандарымыз дыбысқа (уәжге) сүйеніп, тез үйреніп алады. Сөйтіп дыбыс пен әріптің байланысы оқушы санасында білімге айналады. Ал ъ, ь, ц, щ, … тәрізді таңбаларды дыбыстық уәжі болмағандықтан, жаттап алуына тура келеді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатыссыз әріптерді жаттап, миға салмақ түсіреді. Бұл – мәселенің лингвистикалық-психологиялық жағы. 42 әріппен байланысты бұл қайшылықты, әсіресе ұстаздар қауымы жақсы біледі. Бұл жайт, жоғарыда айтқанымыздай, кирилше әліпбидің түкке алғысыздығынан емес, я болмаса кирилшені әуелде тіліміздің жүйесіне сай етіп Ұқсата алмаған тіл мамандарының да кемшілігі емес. Қазақ лингвистерінің кәсіби біліктілік деңгейі қай кезде де төмен болған жоқ. Әліпбидегі түйткілдің түп-тамыры тоталитарлық жүйенің Кеңестер одағындағы тілдерді, ұлттарды бірте-бірте ассимиляциялау саясатымен байланысты болды. Кеңестік кеңістікте халықтарды бір тілге көшіріп, Бабыл мұнарасын орнатып, көктегі коммунизмге қол жеткізбек болған идеологиялық қысымның салдарынан кирилше әліпбиіміз бұрмалауға түсті. Қазақ әліпбиіне енгізілген в, ъ, ь, ц, щ … тәрізді әріптер алдымен халықаралық терминдерді, советизмдерді, онимдерді (жалқы есімдерді) орыс орфографиясымен жазу үшін енгізілген. Қазақ орфографиясы да сиям егіздері сияқты қосамжар орфография болып шықты. Қазақ мәтіндерінде қазақша жазылатын сөздер мен бөтен тілдің бөркін киген сөздер аралас-құралас жүрді. Сөйтіп, советизмдерді,интернационализмдерді, онимдерді Орталық орыс орфографиясымен бұлжытпай жазу үшін ч, щ, ю, я, ъ, ь, ц … тәрізді әріптерді енгізуге тіл мамандарын мәжбүрледі».
Cонымен, қазіргі қазақ әліпбиі ұлттық әліпби емес, қосамжар әліпби болып отыр. Осымен байланысты ғалымдар әліпби ауыстыру ең бірінші лингвистикалық түрткіжайтқа барып тірелетінін дәлелдейді. Екі тілдің орфографиясына қызмет ететін әліпбиге түбегейлі реформа жасау арқылы тіліміздің дыбыстық жүйесін нақты белгілейтін, оның өзіндік табиғатын бейнелеп қана қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізетін жаңа жазу-сызуға көшу керек деген пікірде.
Сонымен латын графикасы негізіндегі қазақ әліпби жоба ұсынушылар немесе латын жазуына қайтуды қолдаушы ғалымдардың арқа сүйеп отырған бұлтартпас басты дәлелі мынандай әділ де ақиқат тезис болып табылады –кирил жазуына негізделген әліпби қазақ тілінің дыбыстық жүйесін барабар жағдайда көрсете алмайды және оның орфографиясын күрделендіре түседі.
Жалпы қазақ әліпбиінде 29 дыбыс бар. Ал қазіргі әліпбиімізде в, ё, ф, х, ц, ч, щ, э, ю, я, ъ, ь әріптері қазақ тіліне жат. Ф, х әріптері 1938 жылдан қолданысқа енсе, қалған 10 әріп 1940 жылы орыс графикасына негізделген әліпбиге көшкенде қабылданған болатын. Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерді бұзбай, яғни түпнұсқасына жақындатып қолдану үшін алынды. Орыс тілінен енген я, ю, ё, щ, ц, э тәрізді әріптер қазақ әліпбиі үшін басы артық таңбалар. Сонымен кирил әліпбиінің қазақ нұсқасында я, ю, ё графемалары қандай қызмет атқарады?
Я, ю, ё әріптері әдетте дыбыстардың қосындысын білдіреді. Мұндай дыбыстардың қосындысы қазақ тілінде екі вариантта (жуан және жіңішке), яғни йа – йә, йу – йүтүрінде кездеседі. Сондықтан мұндай әріптерді әліпби құрамынан мүлде алып тастауға болады. Өйткені қазақ орфографиясында йа – йә тәрізді әріптік тіркестермен беруге болатын прецедент бар. Сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін келетін я әрпін қосынды й+а немесе й+ә арқылы таңбалауға әбден болады. Мысалы: қойан, тайақ, айа, майа, сайа, қийа, сийа, тұйақ, сайақ. Ал орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбыстардан кейін келген я әрпінің орына ә әрпі, дауысты дыбыстан кейін және сөз басында келген сөздерде й+а қосар әріппен жазуға болады. Мысалы: отрәд, снарәд, аккумуләтр; йадро, йахта, йарус. Осы тәрізді ю әрпін әліпбиден алып, орнынай+у қосар таңбасы арқылы таңбалауға болады. Мысалы: айу, ойу, кейу, көркейу, айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз. Орыс тілінен енген сөздерде й+у дауыссыз дыбыстан кейін келгенде дара у әрпін жазуға болады. Мысалы: буджет, полус, лукс.
Орыс тілінде дауыссыздың жіңішкелігін білдіретін Ёё әрпі қазақ жазуы үшін тіптен артық болып табылады, өйткені орыс тіліндегіё дыбысын қазақ тілінде й+о, й+ө қосындысы арқылы және кей жағдайда ө әрқылы да беруге болады. Мысалы щётка – шөткі, ёлка (шырша) – йолкі сөздерінде ғана кездеседі. Сондықтан латынша емледе бұл типтес сөздер қазақ тілінің ерекшелігіне байланысты дұрыс жазылуын қуаттаймыз.
Байқап отырғанымыздай, мұндағы қиындық тек орфографияда ғана емес екен! Жасанды жазылымда қазақ тілінің негізгі фонетикалық заңы бұзылады – сингармонизм, орфография айтылымға, орфоэпияға кері әсерін тигізеді.
Сондай-ақ әліпбиде «ь» (жіңішкелік белгі) әріптік таңбасының болуы дұрыс емес екендігін атап өткіміз келеді. Қазақ тілінде араб жазуы, латын жазуы болған кездердің өзінде бұл таңба ешқашан да қолданылған емес, өйткені, атап көрсеткеніміздей, қазақ тілінде дауыссыздардың жіңішкелігі қатар тұрған дауыстылармен анықталады. Осыған қарамастан кирил әліпбиіндегі қазақ жазуында бұл таңба аса мол кездеседі, ал оның дауыссыздың жіңішкелігін емес, буынның немесе дауыстының жіңішкелігін білдіретіні оқырман үшін тиімсіз болып табылады және қазақтардың өзін және орыстілді қазақтарды шатастырады.
Сонымен біздің ойымызша, қазақ тілін өзінің лайықты орнына шығартпай отырған бірінші кедергі, ол – кирил жазуы. Санамызға әбден орнығып алған орыс әріптерінен арылмайынша ана тіліміздің екінші дәрежеде қала беруі заңдылық. Қазіргі кезде қазақ әліпбиінің орыс әріптерінің негізінде құрылғаны былай тұрсын, тіпті орыс тілінің көптеген ғылыми-техникалық және саяси-қоғамдық терминдері ешбір өзгеріссіз, ешқандай заңдылыққа бағынбай, түпнұсқамен жазылып жүр. Бір айта кететін жайт, сол орыс тілінен енген барлық сөздердің тегі орыстікі емес. Мысалы, президент, конституция, цивилизация, функция, коммунизм, капитал т.с.с толып жатқан орыс сөздерінің тегі латыннан шыққан. Тек орыс тілі жат сөздерді қабылдағанда міндетті түрде өзінің тіл заңдылығына сәйкес етіп өзгерту арқылы енгізеді. Жоғарыда көрсеткеніміздей, 20-30 жылдары да қазақ тіліне кірген кірме элементтер тілдің заңдылығына толық бағынып заңдастырылған. Қазіргі кезде мерзімді баспасөз беттерінен орыс тілінен енген сөздерді қазақиландырып жазу механизмдерін көзіміз шалып қалады. Мысалы орыс тіліндегі автомобиль сөзін аптамобіл, факт' сөзі пәкті түрінде, авиация сөзі – ауасия түрінде игеріліп таңбаланған түрлерін де жүр («Тіл және аударма», 2000, №1). Осы мәселелерді сараптай келгенде, неге сол латын сөздерін қазақтың дыбыс заңдылығына бағындыра отырып, қабылдамасқа деген сауал туады. Ол үшін біріншіден, кірме сөздерді жуан және жіңішкелік принципке негіздеу, екінші принцип «түпнұсқалыққа жақындау» принциптерін қатар ұстау арқылы тілдің табиғилығын сақтауға болады.
Философия институты ғалымдарының ғылыми-зерттеуі.
Қорытындылай келгенде, ХVІІІ ғасырдың басында кирил әліпбиінің негізінде Ұлы Петр арнайы жасаған және орыс тілін жазуда беру үшін өте тиімді икемделген орыс әліпбиі өзге жүйедегі қазақ тілінің (кеңірек айтқанда – түркі тілдерінің) дыбыстық жүйесін беруде үлкен қиындықтар туындатып отыр. Шешілуі қиын болып отырған кедергілер шексіз деуге болады – орфографияның күрделенгендігінде сөз жоқ, ал күрделі орфография орфоэпияға, айтылымға кері әсерін тигізеді. Ә.Жүнісбек қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ дейді. Өйткені ол «қазақ әліпбиі» емес, «қазақ-орыс әліпбиі», тіптен ақиқатын айтып «орыс-қазақ әліпбиі» десе де болады деген еді. Сондай-ақ мамандар әділ атап көрсеткендей, жазуда қазақ және орыс тілдерінің алуан түрлі ерекшеліктегі дыбыстарын таңбалау «фонемалардың шашырауына, жайылуына әкеледі». Нәтижесінде – тілдің өзіндік ерекшелігі жоғалады. Қазіргі кездегі қазақ тілі қолданылып отырған ортадағы өзгеріске ұшыраған тілдік ахуалды ескерген жөн. Егер 40-50 жыл бұрын қазақтар өздерінің ана тілдерін жетік біле отырып орыс тілін меңгерсе, кейінгі онжылдықта қазақтардың басым бөлігі балаларын орыс мектерінде оқытқан жағдайларда, енді орыс тілі арқылы ана тіліне қайту үрдісі бел алып отыр. Әрине, осындай жағдайдағы әліпбилердің ұқсастығынан қазақ тілінің нағыз табиғи айтылым нормаларын жетік меңгере қою аса қиын шаруа. Сондықтан да әліпбиді жетілдіру мәселесі, ең алдымен тілдің қазіргі кездегі жағдайына қамқорлық таныта отырып, тілді дамыту перспективасын және оны сақтау шараларын қамтиды.
Cондықтан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері аталмыш проблемаға өз көзқарастарын білдіре отырып, 5 жоба ұсынып отыр. Оның біреуі интернетке арналған.
Латын графикасына негізделген жаңа әліпби жобалары жан-жақты ойластырылып, ғалымдар тарапынан құрастырылған ғылыми нақтыланған жобалар. Онда қазіргі әліпби жүйелерінде шешімін тапқан, сонымен қатар жазу тарихымыздағы тәжірибелерді қорытып, дұрыс нәтиже көрсеткен сараптамалар өз деңгейінде пайдаланылған. Қазіргі қазақ жазбасында енгізуге толықтай жарамды. Әріптерді белгілеудегі жеке-дара пікір қайшылықтары болғанымен, қазақ халқы үшін латын графикасына өту заман талабына сәйкес өте қажетті де маңызды болып саналады.
1. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А, 1971 –170 б. 43-бет
2. Мамырбекова Г. XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері: фил. ғыл. канд. автореф. Алматы, 2006.–130 б.
3. Ильминский Н.И. Из переписи по вопросу о применении русского алфавита к инородческим языкам Казань, ТИп Имп. Ун-та, 1883 –47 с.
4. Әбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. Алматы, 1982. –220 б.
5. Алтынсарин И. Начальное руководство к обучению киргизов к русскому языку. Оренберг, 1979. 32 б.
6. Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы. канд. дисс. Алматы, 2010.
7. Байділдаұлы Ә. Жаңа әліппе туралы. Қызылорда, 1928. –166 бет. – 11
8. Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы. канд. дисс. Алматы, 2010.
9. Қазақ тілінің емле ережелері // Төте оқу. – 1938ж. –26 апрель (№10-11) // Ауыл мұғалімі. – 1938. – 9 наурыз. – 48 б. (№6)
10. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы ғылыми зерттеу материалдары. Алматы, 2007. – 194 б.
2. Латын графикасына негізделген алғашқы қазақ әліпби жобасы.
Әліпби, емле және оны реформалауға байланысты қазақ оқымыстыларының арасындағы пікірталас алғашқыда «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеттері беттерінен көрініс тапса, 1920 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттерінде де көрініс тауып, газет төңірегіне ұйыса бастайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақтар арасында латын әліпбиіне көшу мәселесі жиырмасыншы жылдың орта тұсынан бастап сөз бола бастады. Алғашқыда осы жөнінде алдыңғы қатардағы қазақ оқымыстылары баспасөз беттерінде арнайы мақала, пікір-талас ретінде өз ойларын білдіріп отырды. Әліпбиге байланысты көзқарас, пікірталастарды бұқара арасына жариялап халық талқысына салып отырған «Еңбекші қазақ» газетінің орны ерекше болды. Аталмыш газетке екі топтың жүздеген мақалалары жарияланып отырды. Айталық, Н.Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә.Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихынан», Б.Байтоғайұлы, Қ.Басымов, М.Дулатов, Т.Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек», О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Н.Қаймекеұлы, Ж.Аймауытовтың, М.Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т.б. және шетелдік Г.И.Бройдо, Н.Яковлев, Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор Л.Жирков, профессор Б.Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары оған дәлел бола алады.
Латын графикасын қабылдау қарсаңында, 1920 жылдарда, яғни араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып, латын әліпбиін қабылдау алдында қазақ зиялылары арасында түрлі бағыттағы пікірталастар болып, олар латыншылдар және арабшылдар немесе қазақшылдар деген екі топқа бөлінді.
«Өтірікке бәйге» cоңында латын графикасы негізіндегі әліпби жүйесіне көшіру жұмысы басталады. Жалпы Шығыс елдеріне жақын орналасқан дамымаған мемлекеттердің алғашқы жазу графикасы ретінде латын әліпбиінің енуі 1924-32 жылдар аралығын қамтиды. Байқап қарасақ, сол кезде латын графикасын дүниежүзі болып қабылдау мақсатын жүзеге асыру сияқты жаһандық проблеманы алға тарту көзделген болуы керек. Осындай саяси идеологияның негізінде мына елдерде латын графикасы қабылданып, шама-шарқынша қызмет етті.
|
Халық аты
|
Жаңа әліппиге көшкен жылы
|
Жаңа әліпбиге көшпес бұрынғы жазуы
|
1
|
Әзербайжан түріктері
|
1922
|
Араб
|
2
|
Қарашай
|
1924
|
жазуы жоқ
|
3
|
Бұлғар
|
1924
|
Жазуы жоқ
|
4
|
Қазақ
|
1929
|
Араб
|
5
|
Қырғыз
|
1928
|
Араб
|
6
|
Түрікмен
|
1927
|
Араб
|
7
|
Өзбек
|
1927
|
Араб
|
8
|
Қарақалпақ
|
1928
|
Араб
|
9
|
Ұйғыр
|
1928
|
Араб
|
10
|
Қырым татарлары
|
1927
|
Араб
|
11
|
Құмық
|
1927
|
Араб
|
12
|
Ноғай
|
1928
|
Араб
|
13
|
Башқұрт
|
1927
|
Араб
|
14
|
Татар
|
1928
|
Араб
|
15
|
Ойрат
|
1929
|
Орыс
|
16
|
Хакас
|
1929
|
Орыс
|
1925-1938 жылдардағы латын графикасына негізделген түркі тілдері әліпбилерін талдау нәтижесінде мынадай қорытындыға келеміз. Латын графикасы жазуы жоқ және жазба тілі кенжелеп қалған түркі тілді халықтардың жазба тілін дамытуға күшті серпін берді. Түркі тілдері әліпбилерін латын графикасына көшіру біршама жетістіктер әкеліп, қазіргі заманғы жазба тілдің құрылуына негіз болды.
Алғашқы жобалар (1924-30 ж.ж.).
Түркі тілдес халықтарды латын графикасына негізделген әліпбиге көшіруге байланысты шыққан алғашқы жинақ.
Нәзір Төреқұловтің жобасы.
Латын графикасы негізінде әліпби жүйесін алғаш түзген қазақтың дарынды дипломаты Нәзір Төреқұлов. 1924 жылы Мәскеу қаласында «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында өзінің жобасын көрсетеді. Осы жөнінде Е. Д. Поливанов былай дейді: «Аслат'а» заготовил и предварительный проект подобного алфавита, опубликованный тов. Тюрякуловым в виде брощюры – «Jaŋa alәрbe».
Жобада 28 дыбысқа 28 әріп арнаған. Дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарын автор дәйекше арқылы айыруға болатындығын көрсетеді. Мысалы, «on (он) — on' (өн)», «un (ұн) – un' (үн)» т.б.
Кірме сөздер арқылы енген «ф», «ч» дыбыстарына әріп арнайды. Мысалы, «fylosofya» (философия), «cempyon» (чемпион).
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
1
|
А а
|
А а
|
2
|
В в
|
Б б
|
3
|
C c
|
Ч ч
|
4
|
Çç
|
Ш ш
|
5
|
P p
|
П п
|
6
|
T t
|
Т т
|
7
|
D d
|
Д д
|
8
|
R r
|
Р р
|
9
|
Z z
|
З з
|
10
|
S s
|
С с
|
11
|
R r
|
Р р
|
12
|
Z z
|
З з
|
13
|
J j
|
Ж ж
|
14
|
Q q
|
Қ қ
|
15
|
K k
|
К к
|
|
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
16
|
G g
|
Г г
|
17
|
Ğ ğ
|
Ғ ғ
|
18
|
L l
|
Л л
|
19
|
M m
|
М м
|
20
|
N n
|
Н н
|
21
|
Ŋ
|
ң
|
22
|
О о
|
О о
|
23
|
u
|
Ұ ұ
|
24
|
W v
|
У у
|
25
|
Y y
|
И и
|
26
|
Ә ә
|
Ы ы
|
27
|
E e
|
Е е
|
28
|
F f
|
Ф ф
|
29
|
X x
|
Х х
|
30
|
H h
|
һ
|
|
Алдыңғы жобасынан екі әріпті қысқарта отырып, Нәзір Төреқұлов осы жылы 25 әріптен тұратын жоба ұсынады. Жобада «ч», «ш» әріптерінің мәні өзгертілген және «ғ», «ө» таңбалары қысқартылған.
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
1
|
А а
|
А а
|
2
|
В в
|
Б б
|
3
|
Р р
|
П п
|
4
|
T t
|
Т т
|
5
|
D d
|
Д д
|
6
|
R r
|
Р р
|
7
|
S s
|
С с
|
8
|
Ç ç
|
Ч ч
|
9
|
С с
|
Ш ш
|
10
|
J j
|
Ж ж
|
11
|
Q q
|
Қ қ
|
12
|
K k
|
К к
|
13
|
G g
|
Г г
|
14
|
L l
|
Л л
|
|
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
15
|
M m
|
М м
|
16
|
N n
|
Н н
|
17
|
Ņ ŋ
|
Ң ң
|
18
|
O o
|
О о
|
19
|
U u
|
Ө ө
|
20
|
Wwv
|
У у
|
21
|
Ііy
|
И и
|
22
|
E e
|
Е е
|
23
|
Ә ә
|
Ы ы
|
24
|
Х х
|
Х х
|
25
|
F f
|
Ф ф
|
26
|
H h
|
Һ һ
|
27
|
Z z
|
З з
|
28
|
’
|
дәйекше
|
|
Халел Досмұхамедұлының жобасы.
1924 жылдың басында Халел Досмұхамедұлы бір дәйекшеден құрылған жоба ұсынады. Ғалымның бұл жобасы «Ақ жол»газетінде жарияланған.
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
1
|
А а
|
А а
|
2
|
В в
|
Б б
|
3
|
D d
|
Д д
|
4
|
E e
|
Е е
|
5
|
G g
|
Г г
|
6
|
I i
|
И и
|
7
|
J j
|
Ж ж
|
8
|
K k
|
К к
|
9
|
L l
|
Л л
|
10
|
M m
|
М м
|
11
|
N n
|
Н н
|
12
|
Ņ ŋ
|
Ң ң
|
13
|
O o
|
О о
|
14
|
Ө ө
|
Ө ө
|
|
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
15
|
P p
|
П п
|
16
|
R r
|
Р р
|
17
|
S s
|
С с
|
18
|
Sh
|
Щ щ
|
19
|
T t
|
Т т
|
20
|
U u
|
Ұ ұ
|
21
|
Y y
|
І і
|
22
|
Z z
|
З з
|
23
|
H h
|
Һ һ
|
24
|
ch
|
Х х
|
25
|
tsh
|
Ч ч
|
26
|
F f
|
Ф ф
|
27
|
'
|
дәйекше
|
|
Халел Досмұхамедұлы тілдегі дыбыстарды таңбалау үшін еуропа үлгісін негізге ала отырып, латын графикасынан өзгеріссіз 14 таңба алады. Олар: а, b, d, g, k, l, m, n, o, p, r, s, t, z.
Мұхтар Мырзаұлының жобасы.
1924 жылы Мұхтар Мырзаұлы үйренуге жеңіл, қолдануға қолайлы болуы үшін қазақ тілі дыбыстарының жуан-жіңішке болып жұп құрауын негізгі критерийлердің бірі ретінде алу қажеттілігін айта отырып, латын әліпбиіне негізделген мынадай жоба ұсынады.
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
1
|
А а
|
А а
|
2
|
В в
|
Б б
|
3
|
D d
|
Д д
|
4
|
E e
|
Е е
|
5
|
G g
|
Г г
|
6
|
I i
|
И и
|
7
|
Î î
|
Ы ы
|
8
|
Ņ ŋ
|
Ң ң
|
9
|
O o
|
О о
|
10
|
U u
|
У у
|
11
|
Ủ ủ
|
Ұ ұ
|
12
|
P p
|
П п
|
|
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
13
|
R r
|
Р р
|
14
|
S s
|
С с
|
15
|
H h
|
Һ һ
|
16
|
T t
|
Т т
|
17
|
Z z
|
З з
|
18
|
J j
|
Ж ж
|
19
|
C c
|
Қ қ
|
20
|
L l
|
Л л
|
21
|
M m
|
М м
|
22
|
N n
|
Н н
|
23
|
ь
|
дәйекше
|
|
Ә. Байділдаұлының жобасы.
"Сатсыйалды Қазақстан» (1933 ж.) газетінен үзінді.
1927 жылы Ә. Байділдаұлы «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында Мәскеу қаласындағы«латыншылдар» ұйымының ұсынған жобасын көрсетеді. Бұл жоба 27 әріп, бір дәйекшеден құрылған.
Мәскеу ұйымының тарапынан ұсынылған бұл жобада қазақ тілінің дауысты дыбыстары, олардың жіңішке варианттары дәйекше арқылы ажыратылды. Мысалы: ана — «аna»; ән — «’аn». Ұсынылған әліпби жобасында /ә/ таңбасы <ы> және <і> фонемаларын белгілеу үшін, мысалы «ыдыс» сөзі «әdәs, sabәrmen bayqa» (сабырмен байқа) түрінде таңбаланады. Әліпбиде орыс тілінің «ч», «ф» әріптеріне таңба арналды.
Телжан Шонанұлының жобасы.
1927 жылы «Тілші» газетінде Телжан Шонанұлының әліпби жобасы ұсынылады. Телжан Шонанұлы әріптердің бас түрін алмайды. Аталған әліпби жобасы 15-16 түркі тілдес халықтардың әліпбиімен салыстырыла түзілді деп баяндай отырып, ғалым әліпби түзудегі негізгі принциптерді көрсетеді: "Жаңа әліппені алғанда қазақ тілінің үндестік заңы пайдаға асырылсын. Өйткені қазақ әліпбесінің дауысты, дауыссыз дыбыстары, жуан, жіңішке болып екі түрлі айтылады. Әр дыбыстың жуан жіңішке түрлеріне дербес арнаулы әріп алынса, әліпбедегі таңба 48 шамасы болады. Үндестік заңын қолдансақ әліппедегі әріптеріміз 24 қана болады. Жіңішке сөз алдына дәйекше қойылады да, ол болмаған сөз жуан оқылады. Жаңа әліпбе әріптерінің түрі де, аталуы да жер жүзіне ортақ түрде алынсын. Бір дыбысқа бір таңба ғана таңба алынсын".
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
1
|
а
|
а
|
2
|
в
|
б
|
3
|
с
|
ш
|
4
|
d
|
д
|
5
|
e
|
е
|
6
|
h
|
һ
|
7
|
g
|
г
|
8
|
j
|
ж
|
9
|
i
|
и
|
10
|
k
|
к
|
11
|
l
|
л
|
12
|
m
|
т
|
13
|
n
|
н
|
|
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
14
|
ŋ
|
ң
|
15
|
o
|
о
|
16
|
p
|
п
|
17
|
q
|
қ
|
18
|
r
|
р
|
19
|
s
|
с
|
20
|
t
|
т
|
21
|
u
|
ұ
|
22
|
v
|
у
|
23
|
y
|
ы
|
24
|
z
|
з
|
25
|
’
|
дәйекше
|
|
1928 жылы Жоғарғы Орталық Комитеттің (ВЦКНТА) ұйымдастыруымен Баку қаласында бүкіл түркі тілдес халықтардың әліпби жобаларын сараптауға жиналады. Әл елден келген өкілдер өз елдерінде болып жатқан жағдайды баяндай отырып, әліпби жобаларымен таныстырады.
Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының бірлесіп жасаған жобасы.
"Жаңа әліпби жолында" 1927 ж. Құрастырғандар: Тоқтабайұлы Қ., Мырзаұлы Мұхтар.
Конференцияға (Баку қаласына) Қазақстан атынан барған О.Жандосов 1928 жылға дейін қабылданған жобалардың авторларымен бірлесіп жасалған әліпби жүйесімен таныстырады (Жоба Ә. Байділдаұлы, Т.Шонанұлы, І.Қабылұлы, І.Жансүгірұлы, Ш.Тоқжігітұлдарының қатысуымен жасалған): а /a/, в /б/, c /ш/, ς /ж/, d /д/, e /e/, g /г/, q /ғ/, һ /х/, i /і/, k /к/, q /қ/, l /л/, m /м/, n /н/, ŋ /ң/, o /o/, ө /ө/, j /й/, p /п/, r /р/, s /с/, t /т/, u /ұ/, u /у/, у /и/, z /з/, ь /ы/.
Жобада дауыссыз «қ», «к»; «ғ», «г» дыбыстарына, дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарына жеке-жеке таңба арналады, ал дауысты, жіңішке «ә» дыбысы арнайы таңба арқылы белгіленбейді. Сондықтан «ә» фонемасын да арнайы жеке таңбамен белгілеу қазақ зиялы топ өкілдерінің арасында талқылатып, көпшілігі еуропа стандартына сай келетін «ä» таңбасын ұсынады. Бірақ бұл таңба бүкіл түркі халықтары үшін унификацияланған әліпби жүйесіне сәйкес келмейтіндіктен «ә» таңбасы алынады. Сонымен әліпби жүйелерін салыстыра келе, қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін 29 таңба алынады.
Осыдан кейін ресми түрде барлық мерзімді басылым беттерінде қазақтың жаңа әліпби жүйесі жарияланады. Жалпы бұл әліпби ұлттық жазу негізінде құрылды. Ал ұлттық жазу дегеніміз – ана тілдің дыбыстық жүйесінен ауытқымайтын, ережесі де, әліпбиі де ұлттық дыбыстардың негізінде болатын жазу түрі.
1930-1939 жылдары шыққан кітаптар.
Жаңаәліп. 1930 жылы қабылданған әліпби. Оқулықтан үзінді (1936 жыл). Қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты мен 17 дауыссыз дыбысына 29 әріп арналады. Олар:
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
1
|
а
|
а
|
2
|
d
|
д
|
3
|
g
|
г
|
4
|
k
|
к
|
5
|
n
|
н
|
6
|
p
|
п
|
7
|
s
|
с
|
8
|
v
|
у
|
9
|
в
|
б
|
10
|
e
|
е
|
11
|
j
|
и
|
12
|
l
|
л
|
13
|
ŋ
|
ң
|
14
|
q
|
қ
|
15
|
t
|
т
|
|
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
16
|
ь
|
ы
|
17
|
c
|
ш
|
18
|
Ƣ
|
ғ
|
19
|
I
|
і
|
20
|
m
|
м
|
21
|
o
|
о
|
22
|
r
|
р
|
23
|
u
|
ұ
|
24
|
z
|
з
|
25
|
ө
|
ө
|
26
|
ә
|
ә
|
27
|
ç
|
ж
|
28
|
y
|
ү
|
29
|
һ
|
һ
|
|
Жазылуы.
3. Бүгінгі уақыттағы латын әліпбине көшу мәселелері.
Астана. 11 қазан. Baq.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әрпіне көшіру жөнінде айтқан-ды. Олай болса, енді күн тәртібіне латын графикасына көшу керек пе, жоқ па деген сұрақ емес, қандай нұсқаны қабылдаймыз деген мәселе қойылып отыр.
Бірақ бұл мәселе әліпбиімізге әріптер таңдаумен ғана шешіле салайын деп тұрған жоқ. Себебі орыс тіліндегі сөздерді өз күйінше жазу үшін бұрынырақта әліпбиімізге ана тілімізде жоқ дыбыстарды белгілейтін әріптердің алынғаны және орфографиямызға қазақ тілі табиғатына сәйкес келмейтін ережелердің енгізілгені белгілі. Тіпті емлемізде у мен и-дің жазылуы сияқты 70 жыл бойы даулы болып келе жатқан мәселелер де бар. Біз бұл мақаламызда осы и мен у-ға қатысты көзқарасымызды баяндамақшымыз.
Қазіргі кезде емле ережелері мен оқулықтарда дауыссыз й, ў-лармен қатар қолданылып келе жатқан и, у әріптерінің әуелгі кезде ый, ій және ұў, үў қосарларын белгілеу үшін енгізілгені белгілі. Бірақ уақыт өте келе олар оқулықтарда қосар дауыстылар немесе дауыстылар деп аталып кетті. Олардың қосар дауысты деп аталуына басқа елдерде дауыстыдан кейін келген й мен ў-дың буын құрамайтын дауысты деп аталуы себепші болған-ау деп ойлаймыз. Бұл арадағы қиындық и мен у-дың дауысты деп аталуы қазақ тіліндегі бірнеше заңдылыққа нұқсан келтіруде. Мысалы, су, би деген сөздерге тәуелдік жалғауын жалғасақ, суы, биі деп жазылады да, қазақ тілінің үш заңдылығы орындалмайды. Біріншіден, дауысты дыбысқа тәуелдік жалғауы сы, сі түрінде жалғанудың орнына ы, і болып жалғанады. Екіншіден, екі дауысты (у мен ы, и мен і) қатар келіп тұр. Үшіншіден, бірінші буыннан басқалары дауыстыдан басталмауы керек еді, бұлардағы екінші буын ы мен і-ден басталады. Осыған байланысты көрнекті ғалым Әлімхан Жүнісбек ағамыз «Қазақ тілінде дауысты и мен дауысты у деген болмайды, дауыссыз й мен дауыссыз ў ғана болады. Оларды ұў, үў және ый, ій қосар дыбыстары ретінде қарастырайық, сонда барлық қайшылықтан құтыламыз», – дейді.
Бұған біз де қосыламыз.
Алайда ол кісінің у мен и-ді қысқартып, орнына ұў, үў және ый, ій деп екі әріп жазу жөніндегі ұсынысын құптай алмаймыз. Өйткені, қазақ тілінде бұлай жазғанмен, бионика, Тула сияқты ғылыми-техникалық терминдер мен халықаралық атауларды бійөнійка, Тұўла деп жаза алмаймыз ғой. Мұндай сөздерді халықаралық стандартқа сай жазу жұрт үшін емес, өзіміз үшін керек емес пе? Осындай қиыншылыққа байланысты қазақ сөзі мен халықаралық сөздерге екі түрлі ереже қолдану жөнінде ой туады. Бірақ одан не ұтамыз? Мұнымыз қолайлы бола қоя ма? Мысалы, «бит» деп жаз десе, қай битті жазайын, информатика терминін бе, жәндікті ме деп сұраймыз ба? Ал, жақсы сұрай қояйық, информатика терминін бит деп, жәндікті бійт деп жаза қояйық. Бірақ онда и қысқармай, й-ге қоса пайдаланылмай ма? Бұл и-ді қалай оқимыз? Сондай-ақ Әли, Муса деген қазақ есімдері дәл осылай дыбысталатын татар есімдерінен басқаша жазыла ма? Біздің Дұулат деп жазғанымызды ұ-сы жоқ елдердің Дуулат не Дувлат деп оқығаны біздің өз айтуымызға қаншалықты жақын? Егер кісі есімі мен жер-су аттарын халықаралық ережеге сай жазатын болсақ, Шиелі деген жер аты мен шиесі бар дегенді білдіретін шиелі сөздерін екі түрлі жазамыз ба? Бұл сияқты сұрақтар қазақ сөзі мен халықаралық сөздер үшін екі түрлі ереже қолданудың да қиыншылықтары бар екенін байқатады. Оның үстіне қазіргі емлеміздің кемшілігі қазақ сөзі мен кірме сөздерге екі түрлі ереже қолдануымыз деп жүрген жоқпыз ба?
Осы айтылғандарға байланысты біз у мен и-ді дыбыс емес, «я» әрпі сияқты қосар дыбысты белгілейтін әріп ретінде ғана пайдалануды ұсынамыз. Яғни, су мен би сөздерін қазіргі күйінше жаза отырып, мұндағы у мен и-ді ұў, ій қосар дыбысы ретінде қарастырамыз. Сонда бұлар дауыссызбен аяқталатын сөздер (сұў, бій) болып табылады. Демек, оған тәуелдік жалғауының ы, і болып жалғануы заңды. Сондай-ақ суы, биі сөздері сұўы, бійі деп оқылатындықтан сұ-ўы, бі-йі деп буындалады, мұнда екінші буын дауыстыдан емес, дауыссыздан басталып тұр және екі дауысты дыбыс қатар келіп тұрған жоқ. Демек, суы, биі деп жазу қазақ тілі заңдарына кереғар емес.
Олай болса, и мен у -дың бір әріппен жазылуында тұрған ештеңе жоқ, дау туғызатын әңгімелердің шығуына себепкер болып отырған дауысты, қосар дауысты деген атаулардан құтылып, қосар дыбыс деп қана атау керек те, қосар дыбыс ретінде оқу керек. (И мен у-дың қосар дауысты делінбей, қосар дыбыс деп қана аталуы заңды да. Өйткені бұлардың екінші дыбыстары й мен ў бізде дауыссыз дыбыстар ғой.) Сонда ғылыми-техникалық терминдер мен халықаралық атауларды стандартқа сай жазумен қатар оларды қазақы дыбыстауымызға да мүмкіндік туады. Мысалы, бионика, Тула сөздеріндегі и мен у-ды бір әріппен жаза отырып, өз алдына бөлек ереже қолданбай-ақ, қазақ ережесімен ій, ұў деп дыбыстау арқылы бійөнійка, Тұўла деп қазақша оқимыз. Сондай-ақ қазақ сөздеріне и мен у-ды қолданғанда оның басқа тілдердегі оқылуы да өзіміздің айтуымызға жақындайды.
Олай болса, біз у мен и-ді қысқартпай, тек оған қатысты ережелерді кемшіліктерден арылтып, қайта тұжырымдаған жөн деп ойлаймыз.
Бұл үшін алдымен дауыссыз ў-дың алдында қандай дыбыстар келе алады деген сұраққа жауап беріп алайық. Өйткені дауыссыз й-дің алдындағы қысаң дыбыстар жөнінде пікір алалығы болмағанмен (ы мен і келеді), дауыссыз ў-дың алдында келетін қысаң дыбыстар жөнінде екі түрлі пікір айтылады. Оның біріншісінде ұ, ү, ы, і дыбыстары келеді десе, екіншісінде ұ мен ү ғана келеді делінеді. Соңғы шыққан орфоэпиялық сөздікте (Орфоэпиялық сөздік, «Арыс» баспасы, Алматы, 2007) екінші пікір негізге алынған. Соған орай «тасу», «жібу» сөздері «тасұў», «жібүў» деп айтылады делінеді. Бұл сөздердің түбірі «тасы», «жібі» екені белгілі. Сонда ў дауыссыз жұрнағы жалғанғанда ы мен і дауыстылары ұ мен ү-ге өзгере ме? Егер ў еріндік дауыссызы ы мен і дыбыстарын еріндік ұ мен ү-ге өзгертіп тасұў, жібүў деп айтылатын болса, онда п еріндік дауыссызы жалғанғанда неге тасұп, жібүп болып өзгермейді? Сондықтан тасу, жібу сөздері тасұў, жібүў деп емес, тасыў, жібіў деп айтылады деп ойлаймыз. Бұған тасуы, жібуі деген сөздерді буындап айтқанда ешкімнің та-сұ-ўұ, жі-бү-ўү деп аузын шүртитіп тұрмайтыны, та-сы-ўы, жі-бі-ўі деп айтатындығы да дәлел бола алады. Демек, ў-дың алдында ұ, ү, ы, і қысаң дыбыстарының төртеуі де келе алады деген пікір орынды.
Осы ұў, үў, ыў, іў тіркестерін, сондай-ақ ый, ій тіркестерін қосар дыбыстар деп; жекелеп алғанда алғашқы төртеуін қосарлы ў, соңғы екеуін қосарлы й деп атаймыз.
Енді емле ережелері жөнінде сөз етелік. Қолданымдағы ережелерде «сөз басында дауысты дыбыстан бұрын келетін у үнді болады, ал дауыссыз й сөз басында келмейді» делінеді. Бұған сүйенсек, уа, уық, уыс сөздері бір буынды болуы керек. Уа сөзінің бір буынды екендігіне келісеміз, бірақ, соңғы екі сөз ұўық, ұўыс деп екі буынды сөз ретінде айтылады ғой. Сондай-ақ й сөз басында келмесе, «яғни» мен «япыр-ай» деген сөздерді қалай оқимыз? Яғни дегенді ыйағный дерміз, бірақ япыр-ай дегенді ыйапыр-ай деу келісе ме? Соған байланысты у мен и-дің дауыссыз не қосар болатын жағдайларын анықтайтын ережені төмендегіше тұжырымдадық:
У мен и дауысты дыбыстан кейінне сөздің басында а мен ә-нің алдында келсе дауыссыз болады, басқа жағдайларда қосарлы болып табылады. Қосарлы ў-ды у деп, қосарлы й-ді и деп ала отырып, бұған мысалдар келтірейік: таў, тай, Ўәли, ўақыт, йапыр-ай, йәки, уыз, тура, иек, киік.
Сондай-ақ сөздердің оқылуы мен жазылуын реттейтін ережеде де кемшілік бар. Мысалы, й-дың алдына қысаң ы тек сый, тый деген сөздерде ғана жазылады деген ескертпе беріледі. Ал ми, жи сөздері қазақта мій, жій деген сөздер жоқ болғандықтан, мый, жый деп оқылады делінеді. Бірақ мій деп оқылатын ми нотасы, жій деп оқылатын жи әрпі оқушыларға кейбір пәндерді оқу барысында кездесетінін ескерсек, қазақ тіліндегі ми мен жи сөздерінің мій, жій деп оқылмайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды.
Сондықтан қосар дыбыстарды қос әріппен не бір әріппен жазуда қолданылатын ережелерді төмендегідей етіп өзгерттік:
1. Ый мен үў қосар дыбыстары өзінен бұрын дауысты дыбыс болмаса, қос әріппен жазылады. Мысалы, мый, ыйық, түў, үўіл.
2. Қосар дыбыстың екеуі қатар келгенде, екіншісі қос әріп арқылы жазылады. Мысалы, суұў, иій, суый, иіў.
3. Осы айтылғандардан басқа жағдайларда қосар дыбыстар бір әріппен жазылады. Мысалы, уық, биік, бөлу, Сағира.
Қосар дыбысты бір әріппен у, и деп жазғанда оны оқу мәселесі айрықша сөз етуді қажет етеді.
И-ді оқу үшін мына ережелерді қолданамыз:
1. И әрпі өзінен бұрын дауысты дыбыс болмаса, ій деп оқылады. Мысалы, кие –кійе, ине –ійне.
2. И әрпі өзінен бұрын дауысты дыбыс болса, сол дауыстының ықпалымен буын үндестігі сақталып оқылады. Мысалы, тани – таный, сергиді – сергійді, оқиды – оқыйды. У-ды оқу үшін мына ережелерді қолданамыз:
1. У әрпі өзінен бұрын дауысты дыбыс болмаса, ұўдеп оқылады. Мысалы, жуа – жұўа, удай – ұўдай.
2. У әрпі өзінен бұрын дауысты дыбыс болса, сол дауыстының ықпалымен буын және ерін үндестігі сақталып оқылады. Мысалы, асу – асыў, кесулі ¬– кесіўлі, тұру – тұрұў, күту – күтүў.
У мен и-ді бір әріппен жазуға қарсылықтың туындауына себепші ережелердің бірі – «у, и әріптері бар сөздерді буындағанда келесі буын дауысты дыбыстан басталады» деген – қазақ тілі табиғатына қайшы ереже. Сондықтан сөзді буынға бөлгенде төмендегідей ережеге сүйенеміз:
1. Сөзде дауысты дыбыс пен қосар дыбыс саны қанша болса, сонша буын болады. Мысалы, биі және суұу сөздері екі буынды болса, тай, жу сөздері бір буынды.
2. Сөзді буынға бөлгенде буын жігі дауысты дыбыс пен қосар дыбыстың алдында тетелес тұрған дауыссыздың алдынан (Мысалы: қа-тал, сә-би, а-су) және дауысты дыбыстың алдындағы қосар дыбыстың екі дыбысының арасынан келеді. (Мысалы: шуақ сөзі шұ-уақ деп, ал бие сөзі бі-ие деп буындалады).
Сонымен, біздің ойымызша и, у қосар дыбыстарын екі әріппен белгілегеннен гөрі бір әріппен белгілеген пайдалырақ және ережелерді кемшіліктерден арылтсақ, ешқандай заңға қайшылық та болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |